Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ытай философиясы

Читайте также:
  1. Ислам философиясындағы әлем мәселесі
  2. Орта ғасырдағы мұсылман философиясы
  Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді. Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті: 1. «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап); 2. «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар); 3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы); 4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»); 5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған»); 6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»). Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады. Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады. Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық. «Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді: «Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама». «Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет. Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек. Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек. Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы. Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ». «Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол. Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік. «Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия. Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.   Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен «Ян» қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.     «Инь» мен «Ян»-бірін-бірі толықтырып отыратын даолық қағида. «Инь»-әйелдік бастама. «Ян»-еркектік бастама.   «Инь» мен «Ян» Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам». Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек; 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек; 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады; 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.
Тірісінде түсінбей... Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы – Конфуций. Оны Кун-цзы, Құнфу-цзы, Цзоу деп атайды. Ол қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйф қаласында туып, сонда қайтыс болған. Халық арасында ұстаз Кун деген есіммен кеңге танылған. Ол – Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері. Өмірге келген ортасы – кедейленген ақсүйектер отбасы. Осы данагөй негізін қалаған ілім (Конфуций идеясы) кейін жапон қоғамының ұлттық жалпы психологиялық, мінез-құлықтық және иде-ологиялық қондырғысы бо- лып қалыптасты. Конфуций ілімін уағыздау-шы Хаттари Унакитидің пайымдауынша: «Конфуций – шы- ғыс данышпаны. Деген- мен, қазіргі күні ол бүкіл әлем танитын философ- қа айналды. Оның ілімі – өмірді танытатын оқу-лық, таптырмас тәжіри-бе мектебі». Ұстаз Кун осындай атақ-даңққа қалай жетті, балалық шағы қалай өтті, одан кейінгі өмір жолы қалай болды? Оған жауап іздеп, көптеген басылымдармен танысқанымызда біл- геніміз: жас шағында тө-менгі буындағы шенеунік қызметін атқарып, 22 жасында бала оқыта бастаған. Сөйтіп, Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнын ашып, ұстаз ретінде үлкен абыройға бөленген. Конфуцийдің мектебінде оқытылған төрт пән – ақлақ (адамгершілік), тіл, саясат, әдебиет. Қызыл көзді қызғаныш, кө- реалмаушылық – барлық ха-лықта бар қасірет қой. Елу жасқа жетіп, Лу патшалығында жоғары дәрежелі мемлекет қызметшісі болып жұмыс іс- теп жүрген Конфуций қас-көйлік интригалар салдарынан қызметінен кетіп, он үш жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралауға кірісті. Алайда сол кездері билік құрып тұрған синто, буддизм діндері Конфуций идеясына қарсы шықты. Өз идеясын еш жерде орнықтыра алмаған ұстаз Кун 484 жылы еліне қайтып келуге мәжбүр болды. Конфуцийдің ең басты 72 шә- кірті болса, солардың 12-сі қандай жағдайда да қасы-нан шықпай, даналық ойларымен сусындаған көрінеді. Ол елге оралғаннан кейін де ұстаздықпен айналысып, көне даналық кітаптарын жинап, өңдеп, мазмұнын байытыпты. Әрі оларды таратыпты. «Қолда барда алтынның қаді- рі жоқ», - деген ғой. Қайтыс болып, тұрған үйі ғибадат-ханаға айналып, рухына тағ- зым етушілер зиярат жасайтын орын болысымен-ақ оның есімі, идеясы басшылық-қа алатын ақыл-кеңес бола бастайды. Және де б.з.б. 136 жылы Конфуций ілімі мемлекеттік идеология болған кез- де ол «Он мың ұрпақтың ұс- тазы», - деп жарияланып, 1503 жылы мемлекет оны қасиеттілер, әулиелер қата-рына қосады, 1911 жылы болған ұлттық-буржуазиялық революциядан кейін ол ресми түрде ардақталады. Ілімдегі теориялар Конфуций ілімінде қоғам – «қайырымды мырзалар» мен «қауқарсыз адамдар» бо- лып екіге бөлінеді, кішілер- дің үлкендерге құрметі – тә-рбиенің ең басты іргетасы, басқару - түзету деген сөз. Конфуции ілімі бойынша қо-ғамдағы алғашқы топта бес қасиет болуға тиіс. Олар: адамгершілік (жэнь), парызды өтеу (и), әдептілік пен сыпайылық (ли), зейінділік пен білімділік (чжи), берілгендік (синь). Данышпанның атақты теориясының бірі – мемлекетті «адамгершілікпен басқару». Осы орайда ол: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке-әке, ал ұл-ұл болу керек», деген. Және де ол «Билікке қалай жетуге болады?», - деген сұраққа: «Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткізу», - деп жауап қайтарған. Ежелгі Қытайдың бес клас-сикалық шығармасын «Шуцзин (тарих кітабы), «Шицзин» (әндер мен гимндер кітабы), «Лицзин» (рәсімдер туралы жазбалар), «Юэцзин» (музыка туралы кітап), «Ицзин» (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеп, оларға түсіндірмелер берген де Кон-фуций. Зерттеушілердің пайымдауынша, «Көктем мен Күз-дің, Лу мемлекетінің тарихы кітабына» түсіндірмелері оның жеке басына тиесілі. Ең бастысы, «Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни, адамды ға-ламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен ай-қындалады. Конфуцийдің ой- пікірінің негізгі мазмұны та-биғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз ету- дің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор 5 ізгілікті ұғындыруға арналған.... Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұл-дың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы, үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын «сяо»тұжырымдамасы да осы қатарда. Ол «текті ерлерді» (цзюнь цзы) шешімді түрде «ұсақ пенделерге» (сяо жэнь) қарсы қойып отырған». Ең ғажабы, Конфуций ілімі (трактаттар мен канондар) – жасырын дәстүр, белді әулеттердің «меншігі» болды да. Ол атадан балаға мирас болып қалдырылып келді. Әулет ақсақалы оны үлкен ұлына аманат ретінде тапсырып кететін болған. Сон- да Конфуций ілімі Жапония- ға қалай тараған? Қытай философтарының еңбектері жапон тіліне қалай аударылды, солай Конфуций ілімі бұл елге де тараған (ХVI-XVII ғасырлар). Жапондарда отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі, қоғамдық ұя болып саналатындықтан, отбасы отағасын («үкімет басы» деп бағаланады) балаларының сыйлап, құрметтеуі бірінші орынға қойылатындықтан Конфуций ілімі кең қолдау тапқаны мәлім. Иә, Жапонияда перзенттік құрметтеу (сяо) өте жоғары. Мұнда ба-ла тәрбиесінде, перзенттік парыз бойынша, балалар ата-анасын құрметтеп қана қоймай, оларды сүюге тиіс, бұл қағиданы орындамау – үлкен абыройсыздық, өлімге пара-пар. Қытай философиясы Ол діннен гөрі дәстүр аясында дамығанымен, кейін екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдік философиясы (жу цзя). Сонан соң қалыптасқан мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), т.б. Конфуций қайтыс болғаннан кейін оның түсініктерін шәкірттерінің да-мытқаны белгілі. Олар Конфуций ілімін Қытай философиясына ұсынды. Алайда Мо-цзы (б.з.б.5 ғ.) Конфуций ілімінің негіздерін, соның ішінде әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алды. Чжанцзы да ұстаз Кунның моральдық ережелеріне қар-сы шықты. Дегенмен, буддизмді уағыздаушылардың өз тұжырымдарының дұрыс-тығын дәлелдеу үшін Лао-цзы Конфуций, Чжау-цзы- ға жүгінгені ғылыми ең-бектерден бізге таныс. 17-18 ғасырлар филосо- фиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды, 19 ғасырда Қытайда әлеу-меттік реформа мен ағар- тушылықтың саяси идея-логиясы өмірге келіп, Қы-тай Халық Республикасы құ- рылысымен Қытай философиясында марксизм ілімі, диалектикалық және тарихи материализм бірден-бір теориялық негіз ретінде таралды. Конфуцийшілдік Бұл – ежелгі дәуірден бастау алатын философия-лық жүйе. Конфуцийшілдік ғалым – интеллектуалдар ілімі (мектебі) негізінде пай- да болған. Оны бастап берген Конфуций. Ол – Шы- ғыстағы үш басты діни этикалық (даосизм мен буд- дизм қатарындағы) бағыт-тың Ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бірі, саяси этикалық ілім. Оның көзқарасын ізбасарлары «Лун ой» («Әңгіме-лері мен ой-пікірлер») кітабында баяндап беріп, насихаттаған. Сонымен қа-тар, оның адам тағдырын «аспан» айқындайды, адам-дардың «мейірімділерге» және «нашарларға» бөлінуі өзгеріске түспейді, жасы кіші үлкенге, қызметі төмен адам лауазымы жоғары қыз- меттегі кісіге көзсіз бағынуға тиіс деген теориясын дамытты. Ғалымдардың айтуынша, Конфуций ілімі: «Бәрінен де бауырмалдық пен перзенттік парызды ұмытпа, туған-туысқандарға қайы-рымды бол, тәубешілдік пен үнемділікті бағала, бойыңдағы ашу мен ызаны басуға үйрен, білім мен біліктілікті жоғары қой, көңіліңе сай келмейтін ілімнің бәрінен арыл, басқаларды да ағат жолға қадам басудан сақтандыр», - дейді екен. Сол себепті, ол Жапония тәрізді елдер-дің салт-санасына тереңдей еніп те кетіпті. Соған қарамастан, Конфуций ілімі, конфуцийшіл- дік туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреу насихаттайды, біреу сынайды. Оның көрнекті ізбасары болған Мэн-цзының (б.з.б.372-289) пайымдауынша, әлеумет- тік теңсіздік құдайдың құді- ретімен. Конфуцийдің екін- ші бір жақтаушысы Сюнь- цзы жасаған ілім бойынша, «аспан» - табиғаттың бір бөлігі. Бірақта, конфу-цийшілдіктің «құдайдың құ- діреті» туралы ілімінің Дун Чжуншудың (б.з.б.2 ғ.) конфуцийшілдіктің ортодоксты доктринасын жасауға негіз болғанын еске алғаны-мыз жөн. Ғылыми деректерге назар аударсақ, Сун әулеті билігі кезінде (10-13 ғасырлар) Қытай философия мектебі-нің Жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасқан. Онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлу – Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ілімнің Ерте Конфуцийшілдіктен басты айырмашылықтарының бірі. Негізінен, Жаңа Конфуцийшілдік 21 ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып, Жапония, Корея мен Вьетнамға да зор ықпал етті.

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 574 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орта ғасырдағы мұсылман философиясы| Онтологияның философия тарихында қалыптасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)