Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Онтологияның философия тарихында қалыптасуы

Читайте также:
  1. Азақ баспасөзінің қалыптасуы.
  2. АНАЛИТИЧЕСКАЯ ФИЛОСОФИЯ,ОСНОВНЫЕ ПЕРСОНАЛИИ И ПРОБЛЕМАТИКА
  3. Античная философия
  4. Античная философия
  5. Антропологизм Л. Фейербаха. Классическая немецкая философия как источник марксистской философии.
  6. Арабская философия Срелневековья
  7. В) Философия в психопатологии

 

«Онтология» (грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «ontos»-болмыс, «logos»- ілім). Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин Х VІІ ғасырдан бастап қолданылады, бірақ оның сол кезге дейінгі де тарихы бар. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты.

Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселеленің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс болып» табылады.

Жаңа заманда (16 ғ.) онтология метафизиканың ерекше бөлімі, бүкіл тіршілік иесінің сезімнен тыс, материалдық емес құрылымы туралы ілім деп ұйғарыла бастады. «Онтология» терминін алғаш қолданған неміс философы Р. Роклениус болды (1613) Мұндай онтология идеясы толыққанды көрініскеВольфтің философиясында тапты. Бұл философия жеке ғалымдар мазмұнымен байланысын мүлдем жоғалтып, онтологияны көбінесе оның түсімдік ұғымдарына (болмыс, мүмкіндік пен шындық сан және сапа, субстанция және акциденция, себеп және іс-әрекет және т.б.) абстрактілік-дедукциялық және грамматикалық талдау жасау жолымен құрды. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Онтология-дүниенің түп негізі туралы ілім. Болмыс батыстық рефлекцияда базалық категория болып саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді.

Болмыстың құпиясын ашуға тырысқан Ежелгі Үнді ойшылдары өздерінің көне Ригведа деген кітаптарында түнде күн, күндіз жұлдыздар қайта кетеді,- деген сұрақтар қойған. Қытайда табиғаттың негізін бес стихия (су, жер, ағаш, темір, от) құрайды деп есептеді.

Болмыс - әрқашанда бар нәрсе, әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ойда бүтін және бөлінбейді.

Болмыс ұғымы - философияның ең ежелгі әрі маңызды категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда "бар болу", "өмір сұру" проблемасын камтиды. "Болмыс " түсінігінің арғы түбірінде "болу", "бар болу" деген мағынаның жатқаның аңғару киын емес. Бұл түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде танып білуте ұмтылуынан туындаған.

Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс — адамның санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сүретін объективті, материалдық дүниені білдіреді. Ал кең мағынада алғаңда болмыс түсінігі бардың бәрін, өмір сүретіннің барлығын — материалдық дүниемен қоса рухани дүниені де, яғни адамдардың санасын, ақыл-ойын, жан сезімін — қамтиды. Басқаша айтқанда, болмыс бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін, реальді дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.

Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш паидаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы Парменид (б.э. дейінгі У-УІІ ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс дегеніміз - бар болу, өмір сұру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу - болмыссыздық Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, ең бастысы, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.

Парменидтің замандасы атақты көне грек философы Гераклит үшін ең маңызды нәрсе — дүниенің мәңгі қозғалыста екендігі. Ол дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып, бақсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Оның пікірінше, болмысқа қарама-қайшылықтар мен олардың өзара әрекеттесуі тән. Сондықтан болмыс өзгермелі. Болмыс пен болмссыздық ажырамас бірлікте. Екеуі де тең өмір сүреді. Бірі екеншісін тудырады, бірі екіншісіне өтіп, өзгеріп, құбылып отырады. "Бәрі еткінші, бәрі өзгермелі" деп үйретті ол.

Ендігі бір көне грек философы Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (б.э.д. 460-370 жылдар шамасы) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түп негізі — ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек-атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құралады. Олар бір-бірінен бостық (еш нәрсе жоқтық — пустота) арқылы ажыратылады. Бостық — бір жағынан, заттардың және құбылыстардың сана алуандығының өмір сүруіне, екінші жағынан, олардың қозғалысқа түсуіне жағдай жасайды. Сөйтіп, бұл дүниеде атом (болмыс) және бостық, еш нәрсе жоқтық (болмыссыздық) қана бар деген тұжырымға келді.

Антикалық дәуірдің ұлы философтарының бірі Платонның (б.э.д. 427-347 ж.) ойынша, болмыс дегеніміз — мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар — заттар мен құбылыстардың түп негізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Заттар дүниесі еткінші, пайда болады, тозады, өледі, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесінің құңгірт бейнесі ғана.

Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс — "абсолютты идея" деп тұжырымдады. Ол Платон арнасын жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне объективті идеализм тұрғысынан келгенімен, ең бастысы, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс — табиғат, ол табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі - адам деп есептеді. К.. Маркс пен Ф. Энгельс материалистік дүниетаным мен диалектиканы ұштастыра отырып, қоғам мен оның тарихын танып-білудің жаңа сипаттағы ғылыми методологияясын ұсынды. Олар философияға "қоғамдық болмыс" деп аталатын жаңа түсінік енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы объективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар, деп тұжырымдады

 


Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 316 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ытай философиясы| Учебная деятельность

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)