Читайте также: |
|
Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді.
Әлем жаратылысын, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғалымдар өз еңбектерінде дүниені ұшы-қиыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп санады. Әлемнің «мәңгілігі» жайындағы ой-пікір европалық түсінікке негізделген материализм философиясынан бастау алады. Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем «мәңгілігі» ұғымы – атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену – оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі – Фалес дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп «атасы» су деп есептеді. Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады. [3,58 б.]
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады, - деп түсіндірді. [2,32 б.]
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады,- деді. [2,32 б.]
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б.э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. [2,32 б.]
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э. дейінгі V ғ.) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.
[2,33 б.]
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ дүниенің жаратылғандығы анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші...»- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылыми да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты, ол анық, екені даусыз. [10,1-2 б.]
Дүниенің, ондағы тіршіліктің жаратылуы жайлы таным-түсініктер көне түркі мифологиясында да кездеседі. Көне түркілердің жазба ескерткіштерінде дүниенің жаратылысына не негіз болып, ол қайдан пайда болды деген ой космостық құрылым ұғымына негізделеді. Түркілердің космологиялық түсініктері бізге жеткен шығармалар негізінде жинақталды. Көне жазба ескерткіштерінде дүниенің жаратылуы жайында мынадай жолдар кездеседі: «Көкте-тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы пайда болды»,- деп тұжырымдады. [4,2 б.]
Орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі Якуб Ибн Искак әл-Киндидің айтуынша рухты алғашқы, материалдық дүниені кейінгі деп есептеді. Оның айтуынша, дүние Алланың қалаумен пайда болған, бірақ әл-Кинди құдай тек дүниені жаратушы ғана, әлемдегі болып жатқан процестерге оның қатысы жоқ деп есептеді. Оның айтуынша, құдай алғашқы себеп. Себеп пен салдар өзара байланысты болғандықтан Құдайды себепші, ал дүниені салдар деп таниды.
Ал, Орта ғасырларда Хорезмнің Қият қаласынан шыққан атақты философ, ірі саяси тұлғалардың бірі Абу Райхан Мұхаммад ибн Ахмед әл-Бирунидің пайымдауынша, қоршаған дүниенің негізінде материалдық бастама жатқандығын мойындайды. Ибн Синамен пікірталасында барлық заттардың негізі төрт элемент (су, от, ауа, жер) туралы айтады. Материалдық төрт элементті біртұтас дүние деп атайды. Осы біртұтас бастаманың негізі су деп есептейді.
Орта ғасырдағы мұсылман ойшылдарының бірі, дана философ- Әбу Насыр әл-Фараби өзінің космологиялық көзқарастарын баяндауда тек құран және құран төңірегіндегі, соған байланысты ғылыми-философиялық материалдарға табан тірейді.
Фарабидің натурфилософиялық көзқарастарын анықтауда өте құнды мағлұмат беретін еңбегі — "Жаратылыстанудың биік (діни) негіздері туралы трактат" деген атпен белгілі. Бұл еңбек әлі ешбір тілге аударылып, жарық көрмеген, арабша нұсқасы 1950 жылы Анқара (Түркия) қаласында басылды. Бұл трактатта бүкіл әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызмет-әрекетіне дейінгі тарихына қысқаша шолу жасалады. Қазіргі терминмен айтсақ— өзара қарбалас, қатар алынған қосмология мен қосмогония, яғни қысқаша айтқанда жалпы әлем, қосмос әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілім айтылады. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар (обьектілер): жұлдызды аспан, күн системасы, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары, қайырымды және зұлым періштелер, әулиелік пен түс көру және басқалар. Мұндағы ескеретін ғылыми құнды жәйт осылардың пайда болуы, тіршілік етуі қозғалыс үстінде, динамикалық жағдайда, кеңістік пен уақытта өрбу, даму процесінде берілген. [1,67 б.]
Ғылым тарихында бұрын кездеспеген тағы бір сонылық — Фараби өзінің қосмологиялық көзқарастарын баяндауда тек Құран және құран төңірегіндегі, соған байланысты ғылыми-философиялық материалдарға табан тірейді. Құран-мұсылман дінінің, басты уағыз-өсиеттері жинақталған аса зәулім рухани, мәдени ескерткіш болып есептеледі. Құранның алғашқы жүйе-жобасын жасаушы үлкен ғұлама, қызыл тіл шешен, діни-саяси көсем Мұхаммед ибн Абдолла (Мұхаммед пайғамбар) болды. Мұхаммед, 570 жылы араб елінде (қазіргі Сауд Арабиясы) туып, 632 жылы алпыс екі жасында өкпе ауруынан қайтыс болған. Құранның алғашқы варианты Мұхаммедтің 610-632 жылдары жиырма жылдан аса өзінің үмбеттеріне ауазша айтқан уағыздары түрінде таралған. Мұнда әдет-ғұрып және заң шарттары, құлшылық ету, лұғатты әңгімелер мен қанатты сөздер, ислам дінінің діни-философиялық бастамалары, мұсылмандардың қоғамдық, саяси көзқарастары мен праволық ережелері баяндалады. Құранды мұсылмандар жатқа білген, кейбір бөліктерін хат танитындар жазып қалдырған, Мұхаммедтің соңғы жылдарына оған хатшылар бекітілген. Мұхаммед қайтыс болғаннан соң оған аян берілген. "Құдай сөздерін" бір ізге келтіріп, жүйелі түрде жазып алу басталады. Оның бірінші тұтас жиынтық текстін жасаған кісі Мұхаммедтің жеке хатшысы Зайд ибн Сабит еді. Мұнан кейін де құран көп рет редакцияланып, сараланып кемелдендіріліп отырған. Құран аяттарына кейіннен пайғамбар туралы айтылған әңгімелер мен деректер, хадистер қосылған. Фараби еңбегінде осы хадистерден келтірілген жерлер де бар [1,69 б.].
Кейінгі ғасырларда құран тексіне философиялық,тарихи және діни түсініктемелер жазу дәстүрі қалыптасқан. Оларды тәфсір деп атаған. Осындай тәфсірді бірінші жазганавтор Абдаллах ибн Аббас (686 ж. өлген) еді. Фараби жоғарыдағы трактатын жазуда осы ибн Аббасқа сілтеме жасап отырады, бұл ибн Аббас түсініктемелерінде жаратылыстану элементтерінің баршылық екенін аңғартады. Бұл айтқанымыздан Фараби құранда айтылган діни-теологиялық, ғылыми-философиялық мәселелерді жаңа тұрғыдан табиғаттану, болмыстың түп төркінің, қазіргі жағдайын білу тұрғысынан қараушы үлкен мектептің (мазхабтың) көш басында тұрғаны көрінеді. Ендеше ұлы бабаның мұсылман қауымының имам ағзам — Абу ханифа және имам Шафи сияқты ірі имамы деп тануымыз керек. Ол Мұхаммед ілімінің ғылыми-жаратылыстану мәнін ашып көрсетуді көздеген ізгі ғұлама. [1,68 б.]
Енді Фарабидің трактатының мазмұны, ғылыми арқау астарларын баяндауға көшейік. Фарабидің концепциясы бойынша бүкіл әлемнің басталатын кезі бір Алла белгісіз құпия қазынадан шығып мәлім болуды қалап, сонан соң өз дидарының жанарынан бірінші жарықты, яки нұрды жасау кезі болып саналады. Ол жарықта әуелгіде ешбір қасиет болмаған, ол біртекті және қозғалыссыз жаратылады. Оған ақыл, ойлау әрекеті берілген уақыттан соң қасиет пайда бола бастайды. "Ақылға келсек дейді ғұлама, — ол жарықтан, нұрдан бастау алатын шабыт". [1,68-69 б.б.]
Әлемдік нұрдан және онымен байланысты, одан тікелей жаратылған әлемдік ақылдан барып бүкіл материалдық және рухани тіршілік әлемі туындайды, өрбиді, саналуан түрге келеді. Фараби былай дейді; "Ең әуелі Алла тағала өз ажарының қасиетті Нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та, жылы да емес, дымқыл да, құрғақ та емес, еркек те, әйел жынысты да емес еді, Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды. Барлық жасалынатын, болатын субстанциялардың түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл органикалық тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болды.
[1,68-69 б.б.]
Әрі қарай Фараби былай жалғастырады: "Бұл хадистерде бүкіл әлемнің жаратылыс тарихы ең алғаш пайда болу актісінен бастап пайғамбар (Мұхаммед) туғанға дейін суреттелген. Ал бұл тарихтың негізгі кезеңдері менің кітабымда келтірілген. Мұнда осы тарихтағы өңдеген табиғаттанушылар еңбектерін мұқият пайдаландым. Сонымен қатар маған олардан жаратылыстануға қажетті нәрселерді іріктеп алып, жөндеуге тәртіпке келтіруге тура келді. Өйткені жаратылыстану ғылымдары табиғаттанушылар дәл, нақты бақылауларға сүйенген жағдайда ғана ақиқат болады". [1,69 б.]
Бұл үзіндіден ұлы бабамыздың құранда, хадистерде кездесетін ғылыми рационалистік элементтерді бақылауға сүйенген жаратылыстану білімдерімен шебер ұштастырушы екенін анық көреміз.
Бірінші жарық — Нұр алғашқыда өзінің жаратылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін (цикл) уақыт (12000 жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқыда бірінші элементтері пайда болу үшін Алланың әмірімен Нұр екіге жарылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнамайды, олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады. Мұндай бөліну кең көлемде әрбір 12000 жыл дүркіннен кейін болып тұрады, тар кәлемде де бөлінулер орын алады. Әрбір бөліністен соң бүкіл әлем заттарында жаңа сапалар, өздерінің айрықша қасиеттері бар мән-мәністері бар бастапқы, негізгі элементтер (стихиялар) пайда болады.
Бөлінумен қарбалас араласу жүреді, осының нәтижесінде сан алуан өрнекті нәрселер, түрлі бөліктердің қоспасы шығады.
Сөйтіп, адам ақылы Нұрға бөленген және адам түп бастамасы, негізі
жарықтан шығатын әлемді танып, білуде. Осы принцип Фарабидің космологиясының іргетасын қалайды. Фараби былай дейді: "Бүкіл жоғарғы бөлік екі жарыққа бөлінді де қозғалыс қасиетіне ие болды. Алла тағала өзінің құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харакеттің қастерлі іргетасын қалады. Мұнан соң Алла тағала жарықтың, жоғарғы бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарын және оларды сүйреуші періштелерді және басқа да жарық құбылыстарын бар етті. [1,71 б.]
Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 1063 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ислам философиясындағы әлем мәселесі | | | Ытай философиясы |