Читайте также:
|
|
Дүниенің жаратылуы адамзатты толғандырып келе жатқан маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қадым замандардан уақыт пен кеңістік бағдары шексіз дүние ретінде ұғынылып, дүниенің пайда болуы жұмбақ күйінде қалып келді.
Әлем жаратылысын, оның мәңгілік екендігін мойындап келген ғалымдар өз еңбектерінде дүниені ұшы-қиыры жоқ, шексіз материяның жиынтығы деп санады. Әлемнің «мәңгілігі» жайындағы ой-пікір европалық түсінікке негізделген материализм философиясынан бастау алады. Ежелгі Грецияда қалыптасқан философия әлемнің материядан тұратындығын, әрі оның мәңгі екенін дәлелдеуге тырысады. Әлем «мәңгілігі» ұғымы – атеистік теорияға да негіз болды. Әлем жаратылысының шексіздігіне сену – оның жаратылғандығын, оны жаратқан Жаратушыны мойындау деген пікірге жетелейді.
Ежелгі антика заманында өмір сүрген грек ойшылдарының бірі – Фалес дүниенің түпнегізін заттардың сұйық күйінен, демек судан іздеді. Барлық заттар мен жан-жануарлардың шыққан тегі, түп «атасы» су деп есептеді. Барлық заттар тіршілік судан пайда болады және суға айналады. [3,58 б.]
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. дейінгі 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет- сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болады, - деп түсіндірді. [2,32 б.]
Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады. Жан да оттан пайда болады. Біртұтас дүниені, деді ол, ешбір құдай, не ешбір адам жаратқан жоқ, ол бірде жанатын, енді бірде өшіп тұратын, бұрын болған, қазір бар және келешекте бола беретін тірі мәңгі от болып табылады,- деді. [2,32 б.]
Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор (б.э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында, сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. [2,32 б.]
Демек, ертедегі ойшылдардың философиялық көзқарастарында, материя мен ойлау дүниелерін қарама-қарсы қою орын алғанын көреміз. Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің (б.э. дейінгі V ғ.) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.
[2,33 б.]
Ислам дініндегі діни еңбектерге көз салсақ дүниенің жаратылғандығы анық деген ақиқатқа сүйенеді. Қасиетті Құранда бүкіл дүние, ондағы тіршілікті Алла жаратты деп жазылады: «Көктер мен жерді жоқтан бар етуші...»- деген Құрандағы сөздері әлем жаратылған деген идеяны уағыздайды. Қазіргі заман ғылыми да бұл тұжырымнан алыс кетпейді. Дүниені Алла жаратты, ол анық, екені даусыз. [10,1-2 б.]
Дүниенің, ондағы тіршіліктің жаратылуы жайлы таным-түсініктер көне түркі мифологиясында да кездеседі. Көне түркілердің жазба ескерткіштерінде дүниенің жаратылысына не негіз болып, ол қайдан пайда болды деген ой космостық құрылым ұғымына негізделеді. Түркілердің космологиялық түсініктері бізге жеткен шығармалар негізінде жинақталды. Көне жазба ескерткіштерінде дүниенің жаратылуы жайында мынадай жолдар кездеседі: «Көкте-тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы пайда болды»,- деп тұжырымдады. [4,2 б.]
Орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі Якуб Ибн Искак әл-Киндидің айтуынша рухты алғашқы, материалдық дүниені кейінгі деп есептеді. Оның айтуынша, дүние Алланың қалаумен пайда болған, бірақ әл-Кинди құдай тек дүниені жаратушы ғана, әлемдегі болып жатқан процестерге оның қатысы жоқ деп есептеді. Оның айтуынша, құдай алғашқы себеп. Себеп пен салдар өзара байланысты болғандықтан Құдайды себепші, ал дүниені салдар деп таниды.
Ал, Орта ғасырларда Хорезмнің Қият қаласынан шыққан атақты философ, ірі саяси тұлғалардың бірі Абу Райхан Мұхаммад ибн Ахмед әл-Бирунидің пайымдауынша, қоршаған дүниенің негізінде материалдық бастама жатқандығын мойындайды. Ибн Синамен пікірталасында барлық заттардың негізі төрт элемент (су, от, ауа, жер) туралы айтады. Материалдық төрт элементті біртұтас дүние деп атайды. Осы біртұтас бастаманың негізі су деп есептейді.
Орта ғасырдағы мұсылман ойшылдарының бірі, дана философ- Әбу Насыр әл-Фараби өзінің космологиялық көзқарастарын баяндауда тек құран және құран төңірегіндегі, соған байланысты ғылыми-философиялық материалдарға табан тірейді.
Фарабидің натурфилософиялық көзқарастарын анықтауда өте құнды мағлұмат беретін еңбегі — "Жаратылыстанудың биік (діни) негіздері туралы трактат" деген атпен белгілі. Бұл еңбек әлі ешбір тілге аударылып, жарық көрмеген, арабша нұсқасы 1950 жылы Анқара (Түркия) қаласында басылды. Бұл трактатта бүкіл әлемнің алғашқы жаратылу кезеңінен бастап адам және оның жер бетіндегі қызмет-әрекетіне дейінгі тарихына қысқаша шолу жасалады. Қазіргі терминмен айтсақ— өзара қарбалас, қатар алынған қосмология мен қосмогония, яғни қысқаша айтқанда жалпы әлем, қосмос әлемінің, дүниенің пайда болуы туралы ілім айтылады. Бұл үлкен уақыт аралығын алып жатқан тарихи дәуірде қамтылған жаратылыстар (обьектілер): жұлдызды аспан, күн системасы, жер бетіндегі өмір, аспан құбылыстары, қайырымды және зұлым періштелер, әулиелік пен түс көру және басқалар. Мұндағы ескеретін ғылыми құнды жәйт осылардың пайда болуы, тіршілік етуі қозғалыс үстінде, динамикалық жағдайда, кеңістік пен уақытта өрбу, даму процесінде берілген. [1,67 б.]
Дата добавления: 2015-08-21; просмотров: 136 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Индивидуальные достижения | | | Орта ғасырдағы мұсылман философиясы |