Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақфильм әлемдік баҚ назарында

Читайте также:
  1. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР
  2. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 1 страница
  3. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 2 страница
  4. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 2 страница
  5. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 3 страница
  6. ПӘН БОЙЫНША БІЛІМІН ІСКЕРЛІГІҢ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН БАҚЫЛАУШЫ ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР 3 страница

 

Жақын арада Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының арнайы шақыртуымен елімізге алғаш рет беделді әлемдік басылымдардың, соның ішінде әлемдік киноөндіріс саласын қамтитын Tageszeitung, Sight & Sound, Evening Standard, Screen International, Schnitt (German film magazine) басылымдарының тілшілері келді.

Қарқынды түрде дамып келе жатқан еліміздің кино саласы, басқа елдермен бірлесіп жасалған кинотуындылар әлемдік журналистерді қызықтырмай қоймады. Іс-сапар барысында олар заманауи, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған ұлттық киностудияны аралап, өздерінің таң қалғандарын да жасырмады. Sight&Sound и Evening Standard басылымының тілшісі Ник Роддик: «Анимациялық студиядан, әсіресе, қолданыстағы motion capture анимациялық бағдарламасынан өте жақсы әсер алдым, жалпы киностудияның жабдықталуы заман талабына сай екен» деген ойын білдірді. Киностудия жұмысымен етене танысқан әріптестер, іс-сапарларын Үлкен Алматы көлінде жалғастырды. Бұл жерде «Қазақфильмнің» бүгінгі күнгі ең ірі киножобасы «Мың бала» фильмінің түсірілімі өтіп жатыр. Аталған түсірілім алаңына шетелдік журналистермен қатар, отандық тілшілер де барып қайтты. Түсірілім алаңында журналистер режиссер Ақан Сатаевпен, басты рөлді сомдаушылар Асылхан Төлепов, Әлия Телебарисова, Құралай Анарбекова, Аян Өтепбергеновтермен тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

 

Жұмыс алаңына бармас бұрын фильмнің продюсері Әлия Увальжанова фильм жайында толық мағлұмат бере отырып: «Фильм ауқымды және тарихи тақырыптағы жоба болғандықтан, фильмге 23 кеңесші арнайы шақырылды және фильм арнайы құрылған 11 декорацияларда түсірілді. Фильмнің түсіріліміне шетелдік мамандар да жұмылдырылған. Олардың қатарында, дыбыс режиссері Жан Гудьер («Александр» фильмі), монтаж режиссері Николас Трамбасьевич («Фан-фан тюльпан», «Ямакаси»), Кристофер Белл («Ультиматум Борна») және де жекпе-жек қойылымдарының кеңесшісі Теди Чен («Телохранители и убийцы») сынды майталмандар бар» екендігін атап өтті. Сонымен қатар, фильмнің продюсері тілшілерге Канн фестивалінде көрсетілген «Мың бала» фильмінің әзірге дайын болған үзінділерін көрсете отырып, шетелдік әріптестердің аталған жобаға үлкен қызығушылық артқандығын айта кетті.

«Жалпы фильм жайында айтар болсақ, фильм тарихи, шытырман оқиғалы, әскери-патриоттық толықметражды экшн жанрының элементтері бар көркем фильм. Фильмнің негізгі мазмұны ұлы тұлғалардың образдары мен ұмытылмас оқиғалары арқылы қазақ халқының тар жол тайғақ кешіп, қиын-қыстау белестерді бағындыра отырып, өзіндік болмысын жоғалтпаған, елін, жерін сақтап қалған халықтың ерлігін ұлы махаббат сезіммен ұштастыра отырып, драмалық желіде құралған. Бұл менің тарихи тақырыптағы ең ірі жобам. Сол үшін де мен өте қуаныштымын, әрі маған артылып отырған жауапкершілікті сезінемін» - деді, фильмнің режиссері Ақан Сатаев.

Фильм 18 ғасырдағы Ақтабан Шұбырынды мен Аңырақай шайқасы болған кезеңді қамтиды. Фильмнің түсірілімі табиғаты көзтартар Түрген шатқалы, Қапал Арасан, Үлкен Алматы көлінде өтті.

Фильмнің тұсаукесер рәсімі ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойының қарсаңында 16 желтоқсанға жоспарланған.

 


Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 134 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Для живота| Жил-был такс

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)