Читайте также: |
|
– Сәлеметсіздер ме?! №1 қалалық балалар ауруханасы «Бала жүрегіне жақын аурухана» атағы мен БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры «Алтын тақтасының» иегері екенінен хабардармыз. Осындай атақты аурухананың қаламыздағы №2 балалар ауруханасынан басты артықшылығы қандай?
– №1 қалалық балалар ауруханасы «Бала жүрегіне жақын аурухана» атағын иеленгеніне 10 жылдан асты. Расында да, бұл мәртебе ДДСҰ ЮНИСЕФ халықаралық сарапшыларымен мойындалған. Бүгінгі таңда 200-ден астам адам жұмыс жасайтын ауруханадағы әрбір медициналық қызметкер емшекпен қоректендіру: баланы кеудеге дұрыс қою, емізу ұзақтығы, жиілігі мәселелері бойынша дұрыс әрі қолжетімді кеңес бере алады. Бала неге жылайды немесе емшекті неге емгісі келмейді? Қоспаны неге және қашан беру керек? Біздің емшекпен қоректендіруді тәжірибеге енгізу және насихаттау жөніндегі қызметімізді Үкімет қаулысымен, «Қуан Сәби» үкіметтік емес ұйымы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қолдайды. Ал, біздің стационардың басқа ауруханалардан артықшылығы – біз емшекпен қоректендірудің 10 қағидасын сақтаймыз және ұстанамыз, нақтырақ айтар болсақ, емделіп жатқан балаларды 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректендіруді насихаттаймыз. 24 сағат, яғни тәулік бойы бізде ана мен бала бірге болады. Сондай–ақ, реанимация бөлімшесіне балалардың аналары баласының жанына еркін кіріп, бала кереуетінің қасында емшек сүтін сауады. Қоректендірудің түнгі үзілістері жоқ. Ұзақ уақыт бойы емдеуде жатқан аналармен тобымен бірге үнемі кеңес жүргізіп отырамыз. Емшек сүтін алмастыратын қоспаларды қолдануға кеңес бермейміз, насихаттамаймыз.
– Қайырлы күн, Лариса Павловна. Бүгінгі таңда сіздің ауруханаға балалар қандай аурулармен көбірек түседі? Оларды емдеуде қандай жаңашыл әдістерді қолданасыздар?
– Біздің аурухана әртүрлі жастағы балаларды емдейді. Ал, жаңа туған нәрестелер мен 6 айға дейінгі балалардың ауруханаға жиі түсуінің себептері туралы айтар болсақ, қазір көптеген сәбилерде сары ауру, тері жұқпасы, өкпе қабынуы, неврологиялық бұзылулар, яғни сіңір тартылу, аз салмақ қосу байқалады. Кейбір балалар кеуде сүтін нашар емеді, нашар тыныс алады.
Мәселен, балалардың 46,3 пайызы тыныс алу мүшелері ауруларымен және 35 пайызы неврологиялық бұзылулармен госпиталданып жатады.
Емдеудің жаңа әдістерінің негізгі сипаты мүмкіндігінше дәрі-дәрмек терапиясын аз қолдану және балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу стандарттарына сәйкес емдеу. Небулайзерлік аппараттар арқылы ингалияция жолымен емдеу, дәрі тыныс алу жолына түскенде балаларға жақсы тыныс алуға көмектеседі және антибиотиктер берудің, сондай-ақ, дәріні күретамырға енгізудің қажеті болмайды. Жаман әсер қалдыратын және ауыртатын инелер мен дәмді емес таблеткаларды, сироптарды қабылдамайды.
– №2 ауруханадағы секілді сіздердің де емханаларыңыз бар ма? Жалпы, неше жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет тегін көрсетіледі?
– Біздің ауруханада емхана жоқ. Бірақ, алдағы наурыз айында, жаңа ғимаратқа көшіп кеткен №2 қалалық балалар ауруханасының бұрынғы ғимаратында клиникалық-диагностикалық емхана ашу жоспарлануда. Емхана бір ауысымда 150 адамды қабылдайды, арнайы мамандардың 18 профилі бойынша кеңес береді: невропатолог, аллерголог, логопед, гинеколог және т.б. балалар саны да, қала аумағы да ұлғайып келеді, емхананың ашылуы азаматтарға көмек көрсету жағдайын жақсартады деп үміттенеміз. Қазақстан Республикасы «Халық саулығы және денсаулық сақтау жүйесі» қолданыстағы кодексіне сәйкес, дүниеге келгеннен бастап 14 жас аралығындағы барлық балаларға тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде тегін медициналық көмек көрсетіледі. Біздің аурухана барлық қызметті тегін көрсетеді, тіпті бала күтімімен жатқан аналардың денсаулығы нашарласа, оларға да көмек көрсетіледі.
– Қазіргі кезде жас босанған аналарды екінші күні перзентханадан шығарып жатады. Ал, түрлі ауруларға қарсы екпелер балаға алғашқы 4 күн ішінде перзентханада салынуы керек қой. Сонда олар осы екпелерді алып үлгере ме?
– Бүгінгі таңда енгізілген бағдарламалардан басқа, перинаталдық технологиялар сапасын жақсарту бойынша жаңа туған аналарды екінші күні үйіне шығарады. Осы уақыт аралығында перзентханада көрсетілім бойынша екі екпе жасалады: өмірінің алғашқы сағаттарында гепатит және бірінші күні БЦЖ салынады, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Нәрестелер вакцинацияның толық курсын қабылдап үлгереді.
– Сіздің ауруханада тәжірибелі мейірбикелер тапшы дегенді естідім. Тәжірибем бар. Жұмыс іздеп жүр едім. Олардың жалақысы қандай?
– Кадр мәселесі – бізде ғана емес, республика бойынша үлкен мәселе. Астана қаласы бойынша барлық ұйымдарда кадр тапшылығы бар, әсіресе, зертханашы, емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы, массаж жасаушылар, палата мейірбикелері сияқты білікті мамандар тапшы. Егер сіз жұмыс істеп жүрсеңіз әкімшілікке сағат 8-ден 18-ге дейін жұмыс уақытында келуіңізге болады немесе өзіңіздің түйіндемеңізді gdb1_glav@mail.ru сайтына орналастырыңыз немесе қабылдау бөліміне қалдырыңыз. Сондай-ақ, кадр бөлімінен ақпарат алуыңызға болады. Ол үшін 31-66-39 нөміріне хабарласыңыз.
Мейірбикелердің айлығы жұмыс өтіліне, санатына, лауазымына байланысты. Біздің мекеменің жақсы жақтары да бар, ол сіздің айлығыңызға қосымша дифференциалды төлем жасалады, орташа есеппен 10-30 мың теңге қосылады. Біз сізді күтеміз!
– Балам бірге толған жоқ. Кеуде сүтіне тоймайды. Дәрігерім балаңыздың салмағы қалыпты деп қосымша тамақ жазып бермей қойды. Бірақ, баламның қарны ашып, жылай береді. Не істеуім керек?
– Сіз өте қамқор анасыз, балаңызды емізуді жалғастырыңыз және 2 жасқа дейін емшек сүтімен қоректендіруге тырысыңыз. Ана сүті – бұл тек тамақ емес, сонымен қатар, иммундық қорғаныс және эмоциялық қарым-қатынас. Егер бала жеткілікті салмақ қосып жатса, жақсы еметін болса, бала тояды. Нәресте 6 айға дейін тек ана сүтімен қоректену керек. Ана сүті жеткіліктілігі бала салмағы мен бойының өсуіне және жасы бойынша даму сәйкестігімен тексеріледі. Әрине, сіз оны қосымша тамақтандыруыңыз керек, қосымша тамақ ретінде көкөніс және жеміс езбелері, жемістер, ботқа, ет беріңіз. Балаға көмектесіңіз, өзі тамақтансын, көп жей берсін. Сонымен қатар, баламен көп сөйлесуіңіз керек, заттарды, адамдарды және жануарларды көрсетіп, атын атап, кітап оқып беріңіз. Баланың көңіл-күйі сізге байланысты. Бала басқа себептермен мазасыздануы мүмкін, олар дәрігер қарауында анықталады.
Грудное вскармливание: программа ВОЗ и ЮНИСЕФ «Больница, доброжелательная к ребенку»
Главная задача программы - создать молодым мамам все условия для того, чтобы уже с первых дней они могли кормить новорожденных грудью. С 1993 года ВОЗ и Детский фонд ООН ЮНИСЕФ приглашают к участию в ней все российские роддома, которые готовы привести свою работу в соответствие с перечнем определенных условий - это «10 принципов грудного вскармливания».
Статус «больницы, доброжелательной к ребенку» уже получили, пройдя специальную аттестацию, 240 акушерских стационаров нашей страны. Вместе с ЮНИСЕФ работу по программе ведет научно-практический Центр по пропаганде и поддержке грудного вскармливания Министерства здравоохранения и социального развития РФ.
Общими усилиями они проводят акции в детских поликлиниках, женских консультациях, разрабатывают специальные курсы для подготовки медицинского персонала.
Десять принципов успешного грудного вскармливания
Каждому роддому и тем учреждения, где находятся новорожденные дети, следует:
1. Иметь зафиксированную в письменном виде политику в отношении практики грудного вскармливания и доводить ее до сведения всего медико-санитарного персонала.
2. Обучать весь медико-санитарный персонал необходимым навыкам для осуществления этой политики.
3. Информировать всех беременных женщин о преимуществах и методах грудного вскармливания.
4. Помогать матерям начинать грудное вскармливание в течение первого получаса после родов.
5. Показывать матерям, как кормить грудью и как сохранить лактацию, даже если они должны быть отделены от своих детей.
6. Не давать новорожденным никакой иной пищи или питья, кроме грудного молока, за исключением случаев медицинских показаний.
7. Практиковать круглосуточное совместное размещение матери и новорожденного - позволять им находится в одной палате 24 часа в сутки.
8. Поощрять грудное вскармливание по требованию.
9. Не давать новорожденным, находящимся на грудном вскармливании, никаких искусственных средств, имитирующих грудь или успокаивающих (сосок или пустышек).
10. Поощрять создание групп поддержки грудного вскармливания и направлять матерей в эти группы после выписки из больницы.
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Рекомендации ВОЗ по грудному вскармливанию. По поводу Всемирной недели ГВ. | | | Грудное вскармливание |