Читайте также:
|
|
Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырғфан қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады”. Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.
Азақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын.
Жолдауда айтылғандай, біздің ендігі міндетіміз – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуды жалғастыру.Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін де жаңа табыстарға жету жолында мұқият ескерілуі керек.Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді деп есептеймін. «Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру» деп атап көрсетті.«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс» деп меже қойды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.Осы тұрғыда аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет — бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу керек.Ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Үстіміздегі жылы бірнеше шаруа қожалықтары басқа облыстардан асыл тұқымды бұқалар сатып әкелді. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Аққыстау селосындағы сүт өңдеу цехы, жылыжай цехы, көкөніс қоймасы жобаларының толық аяқталмауына байланысты кәсіпкерлерден аталған жобаларды жүзеге асыру сұралады. Ауданда егін өсіру жердің құнарсыздығына байланысты жолға қойылмай келеді. Алға қарай бұл мәселені де мамандармен бірлесіп, қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде.Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.
101.«Қазақстан-2050» стратегиясы. ХХІ ғасырдың жаһандықмәселелері..
Елдестіретін елшілер алдындағы келелі сөзді Мемлекет басшысы былтырғы жылдың маңызды жетістіктерінен бастаған болатын. Шындығында, былтырғы жыл Тәуелсіз Қазақстанның жан-жақты, оның ішінде сыртқы саясат тарихындағы аса жемісті қадамдарымен ерекшеленді. Былтыр еліміздің өңірдегі һәм әлемдегі ұстанымы беки түсті. Жаһандық бәсекеге қабілетті елдер арасында 51-орынға көтерілдік. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан шетелдік инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ең үздік елдердің қатарына кірді. Өткен жылдың өзінде-ақ елімізге 20 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылып, БҰҰ конференциясының индексі бойынша сауданы дамытуда Қазақстан 23-орынға шықса, бизнесті жүргізу рейтингінде 29-орындамыз. Аса қысқа мерзімде мұншалықты көрсеткішке жету – Қазақстаннан басқа елде болмаған жайт. Дәлелі айқын – әлемнің ең қарқынды экономикасы бойынша алғашқы үштікте Қытай мен Катар және Қазақстан тұр. «Еліміздің халықаралық ұйымдардағы позициясы да айтарлықтай артты. 2012 жылы Қазақстан БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшелігіне сайланды. Бұл – еліміздегі адам құқы мен бостандығын сақтаудағы ілгерілеушіліктің де айқын дәлелі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қазақстан ядролық қауіпсіздікке арналған Сеул саммитінде таратпау жөніндегі жаһандық қозғалысының лидері ретінде мойындалды. АҚШ пен Ресей секілді екі ядролық держава басшыларымен бірге Қазақстан Президентінің үшжақты келіссөзге қатысуының өзі еліміздің антиядролық қозғалыстағы осынау орнын нақты көрсетсе керек. Бұл ретте Президент Нұрсұлтан Әбішұлы ядролық энергетиканы бақылауда ұстауға қатысты қазақстандық бастаманың одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Жылды қорытындылай келе, Елбасы аса маңызды жетістік саналатын ЭКСПО-2017 мәселесіне де миссия басшыларының назарын аударды. Президент Қазақстан халқы атынан Астанаға қолдау білдірген ел басшыларына алғыс жолдап, шетелдердің іскерлік топтарын осынау ауқымды шараға ынтымақтасуға шақырды Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның сыртқы саясаты өңірлік, жаһандық қауіпсіздікті жан-жақты нығайтуға бағытталған болып қала беретінін жеткізді. Бұл ретте Қазақстан өзінің көршілерімен – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия және ТМД елдерімен әріптестікті одан әрі дамытуды ұстанады. «Орталық Азиядағы көршілеріміз әрқашан біздің сыртқы интеграциялық және экономикалық саясатымыздың тірегі болып қала береді. Біз АҚШ пен ЕО, Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыта түсеміз. Африка және Латын Америкасының басты мемлекеттерімен кең ауқымды өзара тиімді қарым-қатынастар орнатудың жақсы перспективалары ашыла түседі», – деді Елбасы. Бұдан бөлек, Президент Қазақстан үшін түркі тілдес мемлекеттермен, ислам мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту маңызды бағыт екендігін айтты. Осы бағытта түркі тілдес мемлекеттермен қарым-қатынас қазірдің өзінде қалыптасқан халықаралық бірлестіктер аясында жалғасатын болады. Бұлар Түркі мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі, ТҮРКСОЙ, ТүркПА және Астанада құрылған Түркі академиясы болып табылады. «Біз Алматы қаласында көптарапты дипломатияның Өңірлік орталығын қалыптастыруға кірістік. Онда ұйымдар мен бағдарламалардың, қорлар мен БҰҰ мамандандырылған мекемелерінің өңірлік және субөңірлік мәртебесіндегі 16 өкілдігі қызмет етеді. Қазіргі таңда Халықаралық даму агенттігін құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл агенттік біздің көршілеріміз бен басқа да мемлекеттерге техникалық көмектер көрсетпек. Сондықтан да біз осындай орталықты Астанада немесе Алматы қаласында ұйымдастыруға әзірміз», – деді Н. Назарбаев. Түйіндей айтсақ, Қазақстан Еуразия жүрегінің тыныштықта, қалыпты соғуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.
Дата добавления: 2015-08-18; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы. | | | азақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты. |