|
Эпилепсияның көрінуі балалық шақта байқалады: балаларда садисттік ойлар болады: жануарларды қинағанды ұнатады, әлсіздер мен көмексіздерді мазақтап күледі. Сондай-ақ олар өзіне деген заттарды: киімдерді, ойыншықтарды, мектеп заттарын ұқыптап және осы заттарға тиіскендерге ашуланып жағымсыз реакция көрсетеді.
Эпилептоидты жасөпірім өздерінің ызаларын түсіру үшін аффект жағдайы кенеттен болмай, ұзақ уақыт жалғасады және өз-өздеріне бірден келе алмайды. Аффект кезінде ерекше күш пайда болады. Оларда жыныстық қызығушылық қатты байқалады. Садисттік және мазохисттік түрінде көрінуі мүмкін. Алькоголді қолданған кезде тым ызалы болып төбелескіш келеді, сондай-ақ іс-әрекеттері мүлде есінде қалмайды. Олар алькоголге тым беріліп, асқынған түріне әкеледі.Олар азартты ойындарға беріліп, баюға деген құштарлығы артады.
Эпилептоидты тұлғалардың өз өздерін бағалау бір жақты: тиянақты, өз денсаулықтары алаңдатады, қызғаншақ болып келеді, өздерін комформды деп есептейді.Аффект жағдайында өз іс-әрекеттерін басқара алмай, криминальды жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Олар көбінесе жағымсыз нәрселерге агрессиямен жауап береді. Истероидты типтің басты ерекшелігі-эгоцентризм, қоршаған адамдарды өздеріне қаратып алу, өзіне деген таңғалу, қызығушылық, құрмет көрсету байқалады. Қоршаған орта адамдарын өзіне қаратып алу үшін өтірік айтып және ойдан құрастыру истеройдты типке тән. Истероидтың эмоциясы театрды ойнағандай жалған. Ал шын сезімдері жоқ.
Истеройдты типтегі балалар көрермен залында тақпақ айтып, өлең айтқанды ұнатады. Жас өспірім кезде өздеріне назар аудару үшін алькоголді қолдануы, мінез құлқының өзгеруі байқалады.
Үйден қашу балалық шақтан болады. Истероидты балалар үйден қашқаннан кейін, оларды іздейтін жерге барады, милицияға хабар береді. Наркотик туралы көп естіп, өздерін наркоман ретінде көрсетеді. Бірақ тексерген кезде ол жалған болады. Ойдан құрау арқылы көптеген адамдарды алдайды. Ерекше байқалатыны деперсонализация және дерелазациялық уайымдау. Жағымсыз жағдай болғанда суйцидтық әрекеттерді демонстрациялайды.Истероидты акцентуация психикалық инфантилизммен сәйкестелініп келуі мүмкін. Құрдастарымен болған сәтсіздіктерді өзінің ата-анасына шығарады.
Эпилепсиялық жағдайларда талмалар мен тырысқақтар адам санасының бұзылуына және эмоцияның психикалық жағдайына өзгерістер әкеп отырады.Эпилепсияның шығу себептері әртүрлі. Генетикалық факторлар мен қатар эпилепсияның дамуына жүре пайда болатын факторлар да әсер етуі мүмкін. Жүре пайда болатын факторларға жүйке-жүйесінің аурулары, жарақаттар, инфекциялық және интоксикациялық әсерлер жатады. Эпилепсияның пайда болуына эмбриондық даму кезіеңдегі бас мидың зақымдануы және дүниеге келу кезіндегі жарақаттар маңызды рол атқарады. Эпилепсиялық жағдайдың дамуына және тырысқақтың талма құбылысының пайда болуына белоктық азоттық сулы тұздардың, қышқылдардың, зат алмасу процесінің бұзылуы әсер етеді. Ауру адамның миында еркін жүретін ацетин халиннің саны көбейіп жүйке импульстарымен нейрондағы қозудың жылдамдығын арттыру байқалады және гамма амино майлы қышқылдарының құрамы мида төмендеп жүйке импульстарының қызметін тежейді.
Эпилепсиялық тырысқақтар үлкен екі топқа бөлінеді: үлкен және кіш і эпилепсиялық тырысқақтар. Үлкен эпилепсиялық тырысқақтар- аяқ астынан болуы мүмкін және бірнеше фазалардан болуы мүмкін. Ауру құлап, денесі мен қол аяқтары тартылады. Ауру адам жағымсыз дыбыстар шығарады, бет әлпеті көгеріп, көзі аларады. Тек желкесі мен аяғының табаны жерге тиеді. Бұл фазасы тоникалық деп аталады.Тоникалық фаза клоникалық фазаға ауысуы мүмкін. Клоникалық тырысқақтар 2-5 минут дейін созылады. Бұл фазада дене бет қол аяқ бұлшықеттері тартылады. Аузынан қан араласқан көбік ағады. Беті көгеріп ісінеді. Тырысқақтан кейін ауру адам 15-20 минут меңіреу қалпында болады. Одан кейін ұйқыға кетеді. Кіші эпилепсиялық тырысқақтың бірнеше формасы бар. Абсанс -ауру адамның қас қағым сәтте естен тануы, қимыл қозғалысының шектелуімен сипатталады. Ауру адам қай күйде, қай позада тұрса сол қалпында құлап қалады. Бұл форманың ұзақтығы 3-5 секунд. Егер абсанс жиі қайталанатын болса, ойлау процесінің төмендеуі, сөз дағдыларының баяулығы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы байқалады.
Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Шизофренияның клиникалық көріністері. | | | Невротикалық бұзылулар |