Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орта ғасырдағы араб және түркітілдес философиясы

Читайте также:
  1. VІІ Блок 2.4 Қызметкерлер және ұйым.
  2. Ақша ағындарын оңтайландыру әдістері. Ақша ағымдары және олардың түрлері
  3. Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер
  4. Адам және қоғам» білім беру саласындағы бастауыш білім берудің базалық мазмұны
  5. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.
  6. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
  7. Азақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

Араб және түркітілдес философиясы. Орта ғасырларда дамып, гүлденген араб және түркітілдес философиясы туралы әдебиеттер баршылық, дегенмен де ол әлі толық зерттелген жоқ. Бүгінгі таңда шығыс мәдениеті мен философиясы, өркениетті әлемдік деңгейге рухани мәдениеттің бар саласына белсенді әсер етіп үлкен үміт арттырып отыр. Бұл еуроцентристік теориялардың жалпы әлемдік универсализмге ие бола алмай тұйыққа тірелген шағын көрсетіп отыр.

Мәселен, ежелгі үнді, қытай және грек философиясының генезисін анықтау, олардың алғы философиялық сананың формаларына деген ара-қатынасын анық түсінуге, әрқайсысының спецификасының және даму заңдылықтарының құрылуына мүмкіндік береді.

Бұл көне шығыс пен ежелгі грек философиясын, сондай-ақ шығыс пен батыстың өркениеттілігін де салыстырмалы түрде окып білудің алғы шарттары болып табылады. Өркениеттің рухани аспектісінің кең ауқымда болғандығы соншама, оның шығыс қоғамындағы орны батысқа қарағанда мүлдем өзгеше.

Бұрынғы әлемдік философия тарихының қазіргі мәселе қою жағдайынан өзгешелігі сол, онда еуроцентризм үстемдік етеді. Ол батыстағы шешімді асырып жіберіп, шығыс философиясын теріс бағалады. Бұған сенсек, шығыста барлық уақытта бір түрлі философия өмір сүрген. Бірақ бұл осылай ма? Олай емес. Өркениет, философия, мәдениет шығыста да, батыстағыдай әрқилы жолдармен жүріп, дамып келеді. Бұл алшақтық шығыстың қоғам дамуының ерекшелігінен көрінеді. Яғни, бұл мәдениеті мен философиясындағы ерекше өз корінісін тапқан, қайталанбас өз тарихы, салт-дәстүрі бар дербес шығыс қоғамды көрсетеді.

Өкінішке орай, кезінде ұлы Гегель де батыс философиясы шығыс философиясынан әлдеқайда жоғары деп бағалағанын оның концепциясынан кореміз. Мұның бәрі отаршылдық ғасырлары: шығыс ойларының пессимистігі, инерттілігі делінетін менсінбей қараушылықпен белгілі. Шығыс философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб мұсылман болып дамығандығын көреміз.

Бұдан біздің пайымдайтынымыз, шығыс философиясының өзіндік бір дербес ерекшелігі бар, ешқандай бұлжымай қатып қалған философия түрлерінің болмауы. Қайта бағыттардың әр түрлі қалыптарына, өміршеңдігіне, даналығына көз жеткіземіз. Сондықтан да, біздің бұл бөліміміз шығыс философиясының бір бұтағы болған араб және түркі тілдес орта ғасырлық мұсылмандық шығыс философиясына арналып отыр.

Осы бір тұста тарихи зандылыққа сәйкес философиялық ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық мұсылмаңдық шығысқа ойысты да, сонау XI ғасырға дейін мәдени өркендеудің негізгі ошағы сонда болды.

Орта ғасырлық шығыста VIII—IX ғғ. Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Бұл арабтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, мәдениетінің кең өркен жаюы, жалпы VII ғ. Арабстанда жаңа ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды. Олар VII ғ. екінші жартысында ислам туының астында үлкен бір орталыққа айналды. Араб халифаты VIII ғ. бірінші жартысыңда тіпті бұрынғы Рим империясынан да асып түскені бізге тарихтан белгілі. Оның құрамына Арабстаннан басқа Иран, Армения, Индияның солтүстік-батысы, Сирия, Египет, Палестина, бүкіл Солтүстік Африка жағалауы және Пирней түбегі кірді. Атлантикадан Қытайға дейінгі сауда жалпы арабтардың қолында болды, араб тілі Гибралтардан Инд өзеніне дейінгі жерде ортақ тілге айналды, Араб халифатының қол өнері, шаруашылығы, атап айтқаңда, суармалы жерді пайдалану мәдениеті мен техникасы, саудасы мен өндірісі Еуропаға қарағанда анағұрлым жоғары дәрежеде еді. Осы себептердің бәрі жиналып келіп, орта ғасырлық ғылым мен философияның күрт дамып, өркен жаюына игі ықпал жасады.

Алайда араб мәдениеті араб халифаты сияқты көп ұлтты болды. Оның көркеюіне, дамуына арабтармен бірге түріктер де, берберлер де (мавр), парсылар мен египеттіктер де атсалысты. Екінші жағынан, араб тілінің негізінде ежелгі шығыс мәдениеті мен антикалық мәдениет ұштастырыла дамытылды, өзіндік дәстүрлі жалғасын тапты.

Осыған орай, Бағдат қаласы үлкен мәдени, рухани ортылыққа айналды. Мұнда Платонның, Аристотельдің, Гиппократ мен Галеннің, Эвклид, Архимед және Птолемейдің шығармалары араб тіліне аударылып басылып, мұсылман әлеміне кеңінен танымал болды. Ал Х ғ. екінші жартысында орталық Пирней түбегіндегі Кордова қаласына ойыса бастап, XVI ғ. мәдени даму өзінің шарықтау биігіне көтеріліп, шегіне жетті. Аристотелизм ағымының ықпалы философия саласында өте күшті болды. Сөйтіп, мұсылман перипатетизмінін негізі қалаңды. Ол негізінен екі бағытқа бөлінген еді. Біріншісі, аль-Кинди, әл-Фараби және ибн Синаның (Авиценна) атымен байланысты шығыстық аристотелизм. Екіншісі, ибн Туфейл және ибн Рушдтың (Аверроэс) атымен байланысты испан аристотелизмі. Алғашқы кезде арабтар Аристотель философиясының неоплатониктер бұрмалаған нұсқасымен танысқанды. Кейіннен, Аристотельдің түпнұсқа еңбектері араб тіліне тікелей аударылып, зерттеу объектісіне айналған кезде ғана ол бұрмалаушылықтардың ықпалы жойылды. Сөйтіп, араб мұсылман әлемі Платон және Аристотель еңбектерімен тікелей танысуға мүмкіңдік алды.

Мұсылмандық шығыс перипатетизмінің бастаушы өкілдерінің бірі аристотелизм іліміне алғаш жол ашқан ғүлама философ әл-Кинди (шамамен 800—870 жж.) «араб философы». деген құрметті атаққа ие болды. Ол өзінің трактаттарында табиғат құбылыстарын детерменистік тұрғыдан түсіндіруге баса назар аударды. Ол жан-жақты терең білімді, геометрия, астрономия, оптика, медицина, музыка ғылымдарымен шұғылданған ойшыл адам. Философиялық шығармалары логика мен таным теория- сына байланысты жазылған. Әл-Киндидің философия және жаратылыстану ғылымдары саласындағы көптеген жаңа тұжырымдары мен қағидалары келешек ғылым үшін де жетекшілік рөл атқарды. Атап айқанда, оның септілік байланысы, танымның үш сатысы туралы ілімі араб философиясы үшін сараптаудың үлгісі есепті болды. Әл-Кинди танымның бірінші сатысына — логика мен математиканы, екінші сатысына — жаратылыстану ғылымдарын, үшінші сатысына — философияны жатқызды. Демек, философияның нақтылы ғылымдарға өте жақын екендігін, олармен тығыз байланыста болып, арқа сүйейтіндігін көре біліп, дұрыс айтқан.

Шығыс перипатетизмінің тарихыңда ақыл-ойдың төрт түрін атап көрсеткен концепциясы үлкен рөл атқарды. Оларды — мәңгі әрекетшіл «белсеңді ақыл-ой», «бейжай, енжар ақыл-ой», «жол-жөнекей қосылған акыл-ой», «жарияшыл ақыл-ой» деп сұрыптайды. Ал, Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар — материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт.

Өзіңің ғылыми ізденістерін әл-Кинди астрологиямен болашақты болжау ісімен ұштастыруға талпынған. Оның бұл әрекеті исламның кейбір жақтаушыларына үнамай, олар әл-Киндидің біраз кітаптарын өртеп жіберген болатын.: Сондықтан да, оның біраз шығармалары біздерге жете қойған жоқ. Әсіресе оларды қатты ашуландырып, өшіктірген нәрсе әл-Киңдидің Құранға сенімсіздікпен қараған кейбір ойлары еді.

Қорыта айтар болсак, әл-Кинди ілімінің араб тілді мұсылмандық шығыс философиясының шығыстық. перипатетизм ағымының араб мұсылман әлеміне кеңінен өркен жаюына өзінің тиісті үлесін қосты деп айта аламыз. Одан арғы шығыс перипатетизмінің дамуы әл-Фараби (870—950 жж.) және Ибн Сина (980—1037 жж.) есімдерімен тікелей байланысты болды.

Әл-Фараби. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.

Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде «тархан» деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзенінің Сырға барып құятын жеріңдегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі ұзлағ, арғы атасы тархан. Туған жері —қазақтын ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғ. тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпелілер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған.

Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 ж. монғолдар қаланы қиратты, бұл окиға «Отырар апаты» деп аталды; онан соң 1405 ж. ақпанда мұнда Әмір-Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда ибн Хаукальдің, абу Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птолемейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.

Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мәдени орталық еместі. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы басқа да мәдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекеедеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, ғылыми, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістан, әл-Сығнаки, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде Дүниеге келуі табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға — әл-Фарабидің орны ерекше.

Әл-Фарабидің Аристотельдін, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге ғажащ, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап,,сол замандағы мәдени әлемнің коптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, Каирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толыктырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылы- ғы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге бағытталғантын, соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал-мадани» (мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін Александрияалық (Мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өзкізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд Ад-дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 ж. 80 жасында кайтыс болды. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың Одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.

«Мұсылман ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алды. Әл-Фарабидің шығармаларында антик заманындағы дәстүрдің және «бірінші ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері, неоплатонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағаларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше бағалы жағы сол, ол Аристотель ілімінің формалдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді.

Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Метафизика», «Герменевтика» мен «Софистикасына» түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби шығыс пен батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды. Соңдықтан да, XI ғ. өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты Ибн Сина тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгергенді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын болды. Сондықтан да, көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіндірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық іс-әрекетін таныта білді. Сондықтан да, шығыс философтары Оны «ал муаллим ас-сани» — екінші ұстаз деп атаған. Фараби Аристотельдің философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі», «Ізгі қала түрғындарының көзқарасы», «Музыканың үлкен кітабы», «Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», «Ақылдың мәні туралы», «Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар», т.б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымының философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шықты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғүрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғүрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты.

 


Дата добавления: 2015-08-13; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аномалии положения зубов| ПОВЕСТЬ О РАЗОРЕНИИ РЯЗАНИ БАТЫЕМ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)