Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару

Читайте также:
  1. Тапсырма.
  2. Тапсырма.
  3. Тапсырма.
  4. Тапсырма.
  5. тапсырма.
  6. Тапсырма. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін талдау
  7. тапсырма. Амилоидоздың патогенездік сызбанұсқасын оқу
 

Есеп

Мед.қызметкер Д., 59 жаста, ауруханаға түсердің алдында, таңертең төсектен тұрған кезде тепе-теңдігін ұстай алмай, үнемі солға қарай құлай беретіндігін байқаған. Оған төсекке жатуға көмектескеннен кейін ол басының қатты айналуы мен жүрек айнуын сезген. Екінші рет көмекке шақырғанда, ол өзінде афония (а) дамығанына көңіл аударды. Бір сағат өткеннен соң ол денесінің оң жақ жартысында парестезия (б) (жалған сезім) дамығанын байқаған. Сұйық тамақ ішу барысында (жүрек айнуына байланысты қатты тағамды қабылдамаған) жиі регургитация (кері лықсу) (в) дамыған.

Неврологиялық зерттеу барысында: сол жақ жұмсақ таңдайдың парезі (шала салдану) (г); жанына қарағанда — көлденең нистагм (д), әсіресе сол жаққа қарағанда айқын байқалады; сол жақ беттің және дененің гемигипестезиясы (е); сол жақ аяқ-қолдың — бұлшықеттік гипотониясы (ж) мен гипорефлексиясы (з); саусақ-мұрындық және табан-тізелік, сол жақ аяқ-қолдың дірілі (и). АҚ 195/106 мм с.б.б., сол жақ жүрек шекараларының 1,5 см кеңеюі, пульсі 90 екендігі анықталды.

Науқаста патологияның қандай түрі дамыды?

Оның мүмкіндік себебі қандай? Пирамидалық және экстрапирамидалық жүйенің бұзылыстарының көріністері бар ма?

Ріптермен белгіленген әйгіленімдерді сәйкес медициналық сөздермен сипаттаңыз. Осы әйгіленімдердің пайда болуының мүмкіндік себептері қандай?

Есеп

Науқас А., 72 жаста, денесінің сол жақ бөлігінің әлсіздігіне шағымданып аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Бұл көріністер тамақ қабылдау кезінде кездейсоқ пайда болған. Науқас сол аяғымен және сол жақ қолымен қозғалта алмаған, сөйлеу қабілеті қиындаған. Анамнезінде науқастың артериялық гипертензиямен, ЖИА-мен ауыратыны және холестериннің деңгейі жоғары екендігі анықталды. Зерттеу барысында: АҚ 190/100 мм.с.б.б., сол жақтық айқын гемипарез, сол жағында Бабинский рефлексі оң. Мыйдың компьютерлік томографиясында қан құйылу көріністері жоқ.

1. Науқаста патологияның қай түрі туралы ойлауға болады? Көрсетілген бұзылыстар мыйдың қай артериясының зақымдануынан болуы мүмкін?

2. Науқаста пайда болған парездің түрін көрсетіңіз, оның сипаттамасын берініз.

3. Нейронның гипоксиялық бұзылысының патогенезін түсіндіріңіз.

4. Көрсетілген патологияны дамытқан қандай қауіп-қатер жайттарын осы науқаста анықтауға болады?

 

Есеп

Науқас Ч., 20 жаста, институт бітіруші түлек ауруханаға мынадай: ұйқысының нашарлығына, ашуланшақтыққа, жылаңқылыққа, тәбетінің болмауына, көңіл-күйінің тұрақсыздығына, бас ауыруы сияқты көптеген шағымдармен келіп түсті. Қарап тексергенде: соматикалық статусы қалыптыдан өзгермеген. Анамнезінен белгілі болғаны көрсетілген өзгерістер соңғы 10 ай көлемінде дамыған. Осы кезеңде тұрмысқа сәтсіз шығу, жолдамамен жіберілген жаққа кету қажеттілігі сияқты науқаста өте қиын өмірлік жағдайлар болған. Бөлімшеде жатқан уақытта үнемі медициналық қызметкерлерге көңілі толмайтындығына шағымданып, өзіне ерекше көңіл бөлуді талап еткен. Әрбір тамақ қабылдағаннан кейін (науқастардың және қызметкерлердің көзінше) құсқан.

1. Невроздың қандай түрі науқаста дамыған?.

2. Науқастағы әйгіленімдер жиынтығының шығу тегі мен патогенезін түсіндіріңіз?

3. Тағыда басқа қандай невроздардың түрін білесіз, олардың сипаттамасын беріңіз.

4. Неврозды эксперимент жүзінде қалай үлгілейуге болады?

Есеп

К есімді 12 жастағы науқас, уақтылы туылған, жасына сәйкес өсіп жетілген. Үш жасар кезінде қызылшаға қарсы сарысуды енгізгеннен кеін клонико- тоникалық тырыспа ұстамасынан кеін ауыра бастаған. Кеінгі жылдары аталғн ұстамаларға ұқсас ұстамалар айына 1-2 рет қайталанған. Клиникаға тексерілу үшін түсті. Тексеру барысында ішкі ағзаларда патология анықталмады. Жүйке жүйесінің ошақты бұзылысы жоқ. Көз түбі өзгермеген. Клиникада 3 минутқа созылған ұстама байқалды. Ұстама кезінде бет-әлпеті қызыл- күреңденіп көгеруге дейін барды (цианоз), ауыз қуысынан қыл түсті қан аралас көбік бөлініп шықты, көз қарашығы кеңейген, жарыққа жауап қайтармайды, аяқ қолдарында клонико- тоникалық ұстама байқалды. Ұстамадан кейін ұйықтады. Келесі күні тілінде тістер іздері көрінді ЭЭГда екі жарты шарда да бірен- сараң үстік толқындар байқалды. Краниограммада патология анықталған жоқ

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Көрсетілген аурудың этиологиясын түсіндіріңіз

3. Тырыспа ұстамалық синдромның патогенезін түсіндіріңіз

4. Тағыда қандай гипнркинездерді білесіз, олардың патогенезін түсіндірініз

Есеп

Қабылдау бөліміне 5 жастағы бала, жеңілдік әкелмейтін қүсуға, басының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: науқас мәжбүрлік қалыпта шүйде бұлшықеттері тартылған, басы артқа шалқайған, арқасы қайқайған, іші тартылған, аяқтары бүгілген, дене температурасы 390С. Жалпы гиперестезияның белгілері анықталды. Жалпы қан талданымында: солға ығысқан нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ 30 мм сағ. Жұлын сұйықтығы бұлынғыр, жиі тамшылап ағады, лейкоциттер мен нәруыздар күрт артқан.

1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Осы аурудың этиологиясымен патогенезін көрсетіңіз

3. Клиника- зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптама жасаңыз

4. Этиотроптық және патогенездік ем ұстанымдарын ұсыныз

 

7.6 Таратылатын материал. 6.бірге.

 

7.7.ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 581-660

2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2011. – Б. 596-616

3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010

Қосымша

4. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 131-135.

5. А.С. Никифоров., Е.И. Гусев. Частная неврология.-М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С.32-51

6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008. С. 456-457, 462-464, 465-470

7. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 568-578, 576 -585, 599-605.

8. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 229-247

9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С.654-678, 200-206, 688-704

 


Дата добавления: 2015-07-20; просмотров: 774 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Disorders of brain blood circulation | Глоссарий | АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәжірибелік жұмыс| Аралық бақылаудың 1-кезеңі - тестілеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)