Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экология кафедрасы

Читайте также:
  1. Жылы Б.Коммонер қалыптастырған экологияның негізгі заңы
  2. Заңтану пәндері кафедрасы
  3. Культурная экология
  4. Радиационная экология
  5. Тема 3.3. Экология и безопасность жизнедеятельности.
  6. Термин «экология» в современном понимании
  7. ЭКОЛОГИЯ В ПОХОДЕ

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану факультеті

Экология кафедрасы

 

Экологиялық мониторинг пәні бойынша

 

тесттер мен глоссарийлар

 

 

Дайындаған: Жаппарова Б.К.

Экологиялық мониторинг пәні бойынша глосарийлер

1. Шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШМК) – зиянды заттардың көлем (ауа, су), масса (тағам өнімдері, топырақ) немесе бет (жұмысшылардың терісі) бірлігінде бекітілетін, белгілі бір уақыт аралығында адам денсаулығына әсер етпейтін және оның ұрпақтарында қолайсыз салдарларға әкелмейтін нормативтер.

2. Шектеулі шығарындылар мен лақтырындылар (ПДВ, ПДС) – жермен астасқан ауа қабатындағы негізден не негіздер тобына түскен ластағыш заттектің шамасы тұрғындарға, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне арналған сапасының нормативінен аспайтындай етіп белгіленген ғылыми-техникалық норматив.

3. Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұңбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.

4. Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

5. Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс тұрысына қарап пішіп-кеседі).

6. Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

7. Дистанциялық мониторинг – зеріттейтін обьектілерді байлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиомитриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

8. Құрама экологиялық мониторинг – бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру.

9. Биогаз – органикалық қалдықтардың немесе басқа да тұрмыстық органикалық қалдықтардың ыдырау процетерінде пайда болатын газдардың қосындылары

10. Көміртегі оксиді (СО) – түссіз, иіссіз, өте улы газ, оттегі жетіспеген

11. ШМКж.з . - жұмысшы зонадағы ауаныа құрамындағы ластаушы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы

12. ШМКм.б. - тұғын үйлер орналасқан аудан ауасындағы максимальды бірреттік шектік концентрация

13. ШМК о.т - тұрғын үйлер орналасқаи аудандағы ауа құрамындағы ұлы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы

14. Ресурстық потенциал (РП) - территория атмосферас ауасының іс жүзіндегі ластануынан ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту арқылы өздігінен тазалану мүмкіндігі

15. Ауаны пайдалану параметрі (АПП) - ауадағы ластағыш заттардың (л.з.) шамасын, таза ауамен сұйылтып араластырылу нәтижесінде, орташа мөлшерлі концентрацияға дейін қажетті таза ауа көлемі

16. Атмосфераның ластануының жанама көрсеткіші - атмосферадағы қоспаның топырақ бетіне және су айдынына түсуі, сонымен қатар атмосфералық жауынмен олардың жуылуы

17. Табиғи немесе фондық концентрация - кәсіпорынды салғанда ауа кеңістігін ластау және көрші аудандарды да ластау жобаланса, онда сол жердегі ауа құрамының сапасы ескерілуі тиіс, ауада, әлгі зиянды заттардың ұшырасуы

18. Ауа сапасы – ауаның физикалық-химиялық және биологиялық сипаттамаларының адам мұқтаждығына және технологиялық талаптарға сәйкес келуінің дәрежесі

19. Қышқыл тұман – атмосферадағы азот және күкірт қостотықтары шығарындыларының су тамшыларымен қосылысы

20. Өздігінен тазалану процесі - экологиялық жүйенің қайтадан бастапқы қалпына келу процестері

21. ОХЖ – құрамында көміртегі бар заттарды СО2-ге, Н2О-ға, NO3-ке дейін тотықтыруға, күкірті бар заттарды – сульфаттарға, фосфоры бар заттарды – фосфатқа дейін тотықтыруға қажетті оттегінің 1 л судағы мг-мен немесе гр-мен алынған шамасы.

22. ОБЖ – тұрақсыз органикалық қосылыстарды, зерттелетін суда, белгілі уақыт аралығында аэробты биохимиялық тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері (мг/л).

23. Фильтрация алаңдары - бұл жеңіл грунттары бар жер алаңдары

24. ШМКс - шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени-тұрмыстық салада қолданылатын сулардың қоймаларындағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы

25. ШМКб.ш - балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы

26. Жер бетінің топырақ қыртысы - әр түрлі геохимиялық өзгерістер нәтижесінде, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік етуінің барысында саналуан физика-химиялық құбылыстар орын алатын, қозғалғыштығы төмен биогеоценоз компонеттерінің ең маңызды бөлігі.

27. ШҚМ – топырақ құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде және басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін пестицидтің миллиграмм мөлшері.

28. Литосфераны бағалау белгілерінің геодинамикалық тобы – табиғи және техногенді белсенді геологиялық процестердің дамуын және рельефтің күйін бағалау

29. Топырақ эрозиясы – топырақтың беткі ұнтақ қабатының желмен ұшып немесе су ағынымен ағып құнарлығының азаюы

30. Топырақты фитомелиорациялау - әртүрлі өсімдіктер өсіру арқылы топырақтың жылжуын, желге ұшуын, оның құнарын, құрылымын арттыру, жақарту үшін қолданылатын шаралар жиынтығы

31. Ботаникалық бақтар – жақын және алыс шет елдерден, Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан әкелінген бағалы, пайдалы, экзотикалық өсімдіктердің, сонымен қатар жергілікте жерде жойылу қаупі төнеген, азайып бара жатқан өсімдіктер түрлерінің өсіріліп, зерттеліп, сақтап қалу жолдары қарастырылып отыруға бағытталған мемлекеттік қорғауға алынған айтарлықтай үлкен немесе кішігірім аумақ

32. Биосфералық қорықтар – әлемнің негізгі табиғи зоналар ландшафттарында ұйымдастырылған қорықтар

33. Қызыл карта – адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өте күрт өзгеріп, құнарлығын жоғалтқан жерлерді, экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты, адам тіршілігіне қауіпті аудандар мен ірі қалаларды көрсететін экологиялық карта

34. Эктопаразит – басқа жануарлардың немесе өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінің сыртында тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер немесе микроорганизмдер.

35. Консументтер – гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттектерді қорек көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер

36. Экологиялық қуыс – организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы және осы шарттар қанағаттандырылатын жерді немесе кез-келген түрдің тіршілік ететін ортаның жағдайын анықтайтын, биологиялық көрсеткіштері мен физикалық параметрлерінің барлық жиынтығын, олардың энергияны түрлендіруін, ортамен және өзіне ұқсастармен мәліметтер алмасуы

37. Өсімдіктегі ластағыш заттектердің шекті рауалы концентрациясы - өсімдіктердің өнімділігін төмендетпейтін және өсуін тежеп тоқтатпайтын зиянды заттектердің мөлшері.

38. Пестицидтер - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар.

39. Ксенобиотиктар - тірі организмдер үшін жат текті, жасанды синтезделген заттар

40. Поллютанттар – бұл биосферадағы және оның құраушыларындағы көп мөлшерінің болуы теріс (қолайсыз) токсико-экологиялық жағдайлар туғызатын химиялық қосылыстар.

41. Зиянды әсер табалдырығы – бұл әсер еткенде организмде физиологиялық және қабілеттілік реакциялар шектерінен шығатын өзгерістер немесе жасырын патология туындайтын заттың минималды дозасы.

42. Ең аз концентрация (ЕАК) - 40 минуттық әсер еткен кезде қояндарда сөзсіз иілдіргіш (сгибательного) рефлекс сипаттамасында өзгерістерге әкелетін табалдырықтық концентрация.

43. Кумуляцияға түзету (Ткум) – бір реттік әсер ету кезіндегі табалдырықтық концентрацияның 6-апталық тәжірибедегі табалдырықтық концентрацияға қатынасымен анықталатын кумуляцияға түзету.

44. Жұтылған доза – бұл зат массасының бірлігінің сәулеленуімен тасымалданған энергия мөлшерімен анықталатын фундаментальды дозиметриялық өлшем.

45. Геожүйелердің антропотұрақтылығы – бұл табиғи жүйелердің өздерінің құрылымы мен қызметіне елеулі зиян келтірмей антропогенді әсерлерге қарсы тұру қабілеті, сондай-ақ табиғи-антропогенді жүйелердің құрылымдарына антропогендік әсер ету тоқтағаннан немесе азайтылғаннан кейінгі өздігінен қалпына келу қабілет.

46. Резистентті тұрақтылық - бұл үлкен қысымда да өзінің тұрақтылығын сақтау қабілеті. Мысалы, секвойа ормандары (ағаштардың биіктігі 100м жоғары, диаметрі 6-11 м) өрттерге тұрақты, себебі бұл ағаштардың қабығы ең қалың және ондаған тонна суды бойында ұстайды. Бірақ қалай да өртеніп кетсе қайта қалпына келуі өте баяу.

47. Серпімді (упругая) тұрақтылық (резистенттіге қарама-қарсы) – бұл жылдам қалпына келу қабілеті. Мысалы чаппараль бұталары жеңіл өртенеді, бірақ тез қалпына келеді.

48. Экожүйенің негізгі сипаттамалары – оның көлемі, оның тұрақтылығы, өздігінен қалпына келу процестері, өздігінен тазаруы.

49. Өздігінен тазару – бұл экожүйеде жүретін процестер нәтижесінде ортадағы ластағыштың табиғи бұзылуы.

50. Табиғи экожүйенің өздігінен қалпына келуі – бұл табиғи экожүйенің табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен бұзылған динамикалық тепе-теңдік күйіне өздігінен қайта келуі.

51. Экожүйенің көлемі – бұл экожүйені құрайтын барлық компоненттер мен элементтердің өздігінен реттелуі мен өздігінен қалпына келуі процестерінің жүруіне мүмкіндік болатын кеңістік.

52. Қоршаған ортаның сапасы – бұл табиғи жағдайлардың адамдар мен басқа да тірі организмдердің қажеттіліктеріне сәйкестік дәрежесі.

53. Гляциологиялық мониторинг – бұл мұздықтардың жағдайын және олардың табиғи ортадағы өзгерістерін және ең алдымен мұздық пен жалпы өзен ағысындағы өзгерістерді қайталай бақылау, бағалау және болжау жүйесі.

 

Стационарлы посттарда жүйелі түрде бақылау бағдарламасы:
толық, толық емес, қысқартылған, күндік
толық, толық емес, жүйелі, жүйесіз
тәуліктік, апталық, айлық
Сағаттық, тәуліктік, апталық
Барлық жауабы дұрыс

 

Атмосферадағы қалдықтар концентрациясын анықтау, қалдық үлгі алу және концентрациясын өлшеу қандай биіктікте жүргізіледі?
1,5-3,5 м
2-7 м
5-2 м
3,5 м-ден жоғары
2,5 – 6м

 

Ауа қандай жолдармен ластанады?
табиғи және антропогенді
өндірістік және тұрмыстық
антропогенді және тұрмыстық
дұрыс жауабы жоқ
Вулкандық және шаруашылықтық

 

Ауаның табиғи жолмен ластануы:
аталғандардың барлығы
вулкандардың атқылауы
шаңды дауылдар
ормандардың өртенуі
тау жыныстарының үгітілуі

 

Ауаның ластануының негізгі көздері:
барлық жауабы дұрыс
химия, мұнай өндіретін заводтар
ЖЭС,
цемент және т.б. заводтар мен фабрикалар
металлургия

 

Ауаны шамадан тыс ластайтын өндірістің бірі:
цемент өндірісі
құрылыс материалдары өндірісі
машина жасау өндірісі
түсті металлургия өндірісі
Мұнай өндіру

 

Ауаның құрамындағы ең көп газ:
азот
аргон
оттегі
көмірқышқыл газы
сутегі

 

Смог дегеніміз:
түтін, күйе және улы қосылыстар араласқан тұман
тұман бөлшектері
ауаны ластайтын заттар
қара күйе
Темекі түтіні

 

Лондонда ең қалың түтінді тұман қай жылы пайда болды?
1952 жылы, 3-9 желтоқсан
1953 жылы, 2-8 желтоқсан
1954 жылы, 6-9 қараша
1955 жылы, 10-13 қазан
1982 жылы, 25-28 ақпанда

 

Суларды ластаудың негізгі көздері:
аталғандардың барлығы
ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайту
мұнай өндірісінің ластанған сулары
су және темір жолдарының лас қалдықтары
техникалық дақылдарды алғаш өңдеу қалдықтары

 

Су қорына аса қауіп төндіретіндер:
мұнай және мұнай өнімдері
фенол және сақиналы көмірсулар
пестицидтер
түсті металдардың күрделі химиялық қосылыстары
барлық жауабы дұрыс

 

Қоршаған орта сапасы дегеніміз:
өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық өлшемімен және белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі
адам өмірінің қажеттілігіне сай келетін орта
белгіленген тұрғындар тобы үшін қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын орта
өмір сүру ұзақтығымен, денсаулық жағдайымен сипатталатын орта
Дұрыс жауап жоқ

 

ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» заңы қабылданды:
1997 жылы
1998 жылы
1995 жылы
1996 жылы
1993жылы

 

ҚР су кодексі қабылданды:
1993 жылы
1992 жылы
1996 жылы
1995 жылы
1997 жылы

 

Тұздылығы – 35 г/л (3,5% немесе 35%o)
теңіз суы
ащы су
жер асты суы
тұщы су
Минералды су

 

Заттардың атомдық, иондық, изотоптық немесе молекулалық құрамын зерттейтін химия ғылымының бір бөлігі:
аналитикалық химия
биологиялық химия
экологиялық химия
органикалық химия
Бейорганикалық химия

 

Қазіргі кезде қолданылып жүрген аналитикалық химия әдістерін неше топқа бөлуге болады?
 
 
 
 
 

 

Аналитикалық химия әдістері:
барлығы дұрыс
физикалық әдістер
химиялық әдістер
физика-химиялық әдістер
Дұрыс жауап жоқ

 

Зерттеу жұмыстарында тазалығы әртүрлі заттар пайдаланылатындығы және олар негізгі компоненттен және өте аз қосалқы заттардан немесе «ізінен» тұратыны белгілі. Егер қосалқы зат мөлшері 10-3-10-6 (0,001-0,000001) пайыз болса... деп аталады:
микроіз
субмикроіз
аса таза
ультрамикроіз
ластанған

 

Егер затта қосалқы зат мөлшері 10-7-10-9 болса... деп аталады:
аса таза
Субмикроіз
микроіз
Ультрамикроіз
ластанған

 

«Химиялық анализ» терминін алғаш енгізген ағылшын ғалымы:
Бойль, 17 ғасырдың басы
Берцелиус, 18 ғасыр
Бунзен, 15 ғасыр
Бергман, 16 ғасыр
Скотт, 17 ғасыр дың аяғы

 

Спектрлік анализдің негізін қалаған ғалымдар:
Бунзен, Кирхгоф, 1859 жылы
Бергман, Берцелиус, 1856 жылы
Бойль, Лавуазье, 1858 жылы
Курнаков, Танакаев, 1858 жылы
Танакаев, 1854 жылы

 

Ерітінділер жіктеледі:
қаныққан, қанықпаған, концентрациялы, сұйытылған
өндірістік, тұрмыстық, қою, сұйық
проценттік, молярлық, молекулалық
жауабы жоқ
Қатты, сұйық, газ

 

Ерігіштігіне байланысты заттар:
суда жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде ерімейтін
суда жақсы еритін, іс жүзінде ерімейтін, сұйылтылған
нашар еритін, жақсы еритін, қойылтылған
дұрыс жауабы жоқ
Қатты, сұйық, газ

 

Химиялық зертханадағы заттардың массасын өлшеуге арналған құрал
таразылар
штативтер
өлшеуіш цилиндрлер
тамызғыш сынауықтар
фотоэлектроколориметр

 

Химиялық зертханада қолданылатын таразылардың түрлері:
қарапайым, техникалық, аналитикалық таразылар
саудалық, электрондық таразылар
аналитикалық, бейорганикалық таразылар
Техникалық, электрондық таразылар
Барлық жауап дұрыс

 

Лимиттік көрсеткіш принципі не үшін қолданылады?
судағы, ауадағы заттардың концентрациясын нормалау үшін
топырақтағы заттардың концентрациясын нормалау үшін
ауадағы зиянды заттардың ШМК-сын анықтау үшін
судағы зиянды заттарды нормалау үшін
Химиялық таза заттарды анықтау үшін

 

Адам ағзасына өмір бойы әсер еткенде денсаулығы өзгермейтін, ауруға шалдықпайтын жаңа әдістермен зерттелген, қазіргі және кейінгі ұрпаққа әсер етпейтін концентрация:
ШМК
ШМД
ШМШ
УРК
ШМТ

 

Ауаның антропогенді жолмен ластануы:
барлық жауабы дұрыс
транспорт
тұрмыс қалдықтары
өндіріс
Дұрыс жауабы жоқ

 

Өскемен облысы бойынша ауаға шамамен қанша тонна зиянды заттар шығарылады?
300 мың тонна
400 мың тонна
450 мың тонна
350 мың тонна
500 мың тонна

 

Қарағандының синтетикалық каучук өндіретін заводы ауаға қандай зиянды заттар шығарады?
СО2, NH3, H2SO4 буы, H2S, NO және NO2, т.б.
СО2, H2SO4 буы, сульфаттар
H2S, NH3, т.б. улы заттар
NO, фторлы газдар, нитраттар
NH3, H2SO4 буы, қышқылдар,негіздер

 

Озон қабаты орналасқан атмосфера бөлігі:
Стратосфера
Мезосфера
Ионосфера
Тропосфера
Дұрыс жауабы жоқ

 

Су үлгісін алу үшін қолданылатын құрал-жабдықтар:
аталғандардың барлығы
үлгі жинағыш: желонка
мұнай өнімдері үлгісін сақтауға арналған шыны ыдыстар
үлгі жинау тереңдігін өлшеуге арналған құрылғы, 20 метрлік өлшеуіш таспа
үлгіні сақтауға арналған бөтелкелер

 

Стандарт жүйесінің негізгі міндеті:
барлық жауабы дұрыс
табиғи комплекстерді сақтау
қоршаған орта тұрақтылығы мен өндірістің дамуы арасындағы тепе-теңдікті сақтау
адамның қоршаған ортаны сапалы басқаруды жетілдіру
табиғи ресурстарды қалпына келтіру мен тиімді пайдалану

 

Жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы (мг/м3):
ШМКж.з.
ШМКо.т.
ШМКм.б.
ШМКс
ШМКбш

 

Балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы (мг/л):
ШМКб.ш..
ШМКо.т
ШМКм.б.
ШМКжз
ШМКс

 

Дайын өнімдерге, материалдар мен шикізаттарға қойылатын нақты нормалар мен бірыңғай мемлекеттік талаптарды қамтитын ұғым:
стандарттау
бағалау
қадағалау
нормалау
Белгілеу

 

Ауадағы ластағыштардың адам денсаулығына ықтимал кері әсерін бағалауды неше класқа бөледі?
 
 
 
 
 

 

Ауа тазалығы үшін қай қатынас орындалуы тиіс:
С / ШМК ≤ 1
С / ШМК > 1
С / ШМК = 1
С / ШМК < 1
Дұрыс жауап жоқ

 

Ауаны ластануының жалпы және ақпаратты көрсеткіші ретінде қолданылады:
АЛОКИ (атмосфераның ластануының орташа жылдық кешенді индексі)
АЛП (атмосфераның ластану потенциалы)
АПП (ауаны пайдалану параметрлері)
АРП (атмосфераның ресурстық потенциалы)
Дұрыс жауап жоқ

 

Жер беті сулары проблемаларының аспектілері:
сапалық және мөлшерлік
сапалық және сандық
сандық және мөлшерлік
сапалық және концентрациялық
Дұрыс жауап жоқ

 

Судың ластануының негізгі бағалау белгісінің бірі:
ШМК
ШМШ
ШРД
УРК
ШМТ

 

Түзілу шарттарына қарай сарқынды сулар нешеге бөлінеді?
3
4
5
2
 

 

Сарқынды сулар түзілу шарттарына қарай қандай топтарға бөлінеді?
аталғандардың барлығы
атмосфераның сарқынды сулары
тұрмыстық сарқынды сулар
өндірістің сарқынды сулары
Дұрыс жауап жоқ

 

Жер бетіндегі сулардың ластану көздеріне жатады:
барлық жауабы дұрыс
өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар
тыңайтқыш, пестицид және т.б. химиялық заттар қолданатын ауыл шаруашылығының салалары, су көзімен жалғасқан лас орындар
жауын-шашынның ластанған жерлерді шайып жууынан пайда болған шайынды сулар, өндіріс, бұрғылау-қазу,т.б.
тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар

 

Су сапасына қояр талаптарды сипаттайтын шама:
зияндылықтың шектеуші көрсеткіші
зияндылықты бағалау көрсеткіші
зияндылықты анықтау көрсеткіші
зияндылықты нормалау көрсеткіші
Зияндылықтың жалпы көрсеткіші

 

Сарқынды сулардағы ОБҚ мөлшері:
200-300 мг/л
200-250 мг/л
250-300 мг/л
300-350 мг/л
600-800 мг/л

 

Жер қыртысының беткі қатты қабаты:
литосфера
атмосфера
Гидросфера
биосфера
стратосфера

 

Топырақ дегеніміз:
тау жыныстарынан бөлек және олардың үстінде қалыптасатын өте ерекше табиғи дене
таулы-тасты аймақтар
шаң тәріздес аймақтар
кальциймен байланысқан құмдақ бөлшектер
Барлық жауап дұрыс

 

Топырақтың ең маңызды, негізгі қасиеті:
құнарлылық
тірі бөлігі
топырақ ауасы
Су өткізгіштік
ылғалдылық

 

Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қандай шаралар қолдану қажет?
тыңайтқыштар енгізу
жылу
. температура
Жарық
ешқандай

 

Топырақ құнарлылығының төмендеуінің типтері:
механикалық, химиялық
физика-химиялық
биологиялық, химиялық
механикалық, физикалық
Барлық жауап дұрыс

 

Топырақ құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде және басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін пестицидтің миллиграмм мөлшері:
ШҚМ (шекті қалдық мөлшері)
ШМК (шекті мөлшерлі концентрация)
УРК (уақытша рауалы концентрация)
ШМД (шекті мөлшерлі деңгей)
ШМТ (шекті мөлшердегі тасталым)

 

Жер асты суларының күйін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіш:
жер асты суларының сапасы және ластану ауданының мөлшері
жер асты суларының сапасы
сулардың ластану ауданы
жер асты суларының гидросфералық сапасы
Барлық жауап дұрыс

 

Жер асты суларының ресурстарын бағалау белгілеріне мына көрсеткіштер қажет:
пайдалану қор модулі, сулы горизонттардың араласу шамалары
пайдалану қор модулі
сулы горизонттардың тазалық шамалары
дұрыс жауабы жоқ
пайдалану модулі, сулы горизонттардың шамалары

 

Топырақтың геоэкологиялық кластары:
норма, қауіп, дағдарыс, апат класы
норма және қауіп кластары
дағдарыс және апат кластары
катастрофалық күй
дұрыс жауабы жоқ

 

Топырақты ластаушы көздер қандай жодармен келіп түседі?
тікелей және жанама жолдармен
тек жанама жолдармен
аэрогенді жолдармен
тек тікелей жолдармен
Сумен, ауамен және шаруашылық әрекеттермен

 

Топырақты тікелей ластау дегеніміз:
барлық жауабы дұрыс
қатты тұрмыстық қалдықтардың тасталуы
мұнайдың ағуы, түрлі улы сұйықтықтар
тыңайтқыштар
әртүрлі улы химикаттар және т.б.

 

Ластағыш заттардың аэрогенді жолмен және жер асты суларымен топыраққа түсуі:
жанама жолмен ластану
тікелей ластану
табиғи ластану
дұрыс жауабы жоқ
Антропогенді ластану

 

Су объектілеріне қандай ағын суларды қосуға болмайды?
аталғандардың барлығы
рационалды технологияны пайдаланып сумен қамтамасыздандыру жұмыстарына қайта қолдануға жарайтын сулар
құрамында нормативтерде белгіленген технологиялық шығымнан жоғары мөлшері бар реагенттер, құрамында жартылай өнім мен шикізаттары бар сулар; концентрациясы әлі бекітілмеген зиянды заттары бар сулар
санитарлық талаптарды сақтау арқылы ауыл шаруашылығын суару жұмыстарына жарамды сулар
бөліп алуға болатын, құнды қоспалары бар ағын сулар

 

Құрамында көміртегі бар заттарды СО2-ге, Н2О-ға, NO3-ке дейін тотықтыруға, күкірті бар заттарды – сульфаттарға, фосфоры бар заттарды – фосфатқа дейін тотықтыруға қажетті оттегінің 1л судағы мг-мен немесе гр-мен алынған шамасы:
ОХЖ (оттегінің химиялық жұмсалуы)
ОБЖ (оттегінің биологиялық жұмсалуы)
ОХҚ (судың оттектегі химиялық қажеттілігі)
ОБҚ (судың оттектегі биологиялық қажеттілігі)
Дұрыс жауап жоқ

 

Ауадағы ластағыштардың адам денсаулығына кері әсерін бағалау кластары:
төтенше қауіпті, өте қауіпті, орта қауіпті, бәсең қауіпті
өте қауіпті, жоғары қауіпті, орташа қауіпті
төтенше қауіпті, жоғары қауіпті, аса қауіпті
өте қауіпті, орташа қауіпті, бәсең қауіпті
Дұрыс жауап жоқ

 

АЛОКИ ластану дәрежесіне қарай қандай кластарға бөлінеді?
норма, қауіп, кризис, апат кластары
норма, апат, жоғары кластары
. қауіп, кризис, төмен, бәсең кластары
кризис, жоғары, апат кластары
Дұрыс жауап жоқ

 

Мұнай өнімдерін анықтау тәсілдеріне қойылатын талаптар:
ГОСТ 17.1.4.01-80 бойынша 0,05 мг/дм3-ден аспауы тиіс.
ГОСТ 17.1.5.04-81 бойынша 0,08 мг/дм3-ден аспауы тиіс.
ГОСТ 12.1.018-93 бойынша 0,5 мг/дм3-ге тең болуы тиіс.
ГОСТ 12.1.007-93 бойынша 0,06 мг/дм3-ден кіші болуы тиіс.
Дұрыс жауап жоқ

 

Қоршаған ортаны қорғаудың нормативті құжатына жатады:
табиғи орта сапасының стандарты
қоршаған ортаны қорғау заңы
табиғи экожүйедегі табиғаттың даму заңдары
санитарлық ережелер мен нормалар
Дұрыс жауап жоқ

 

Ауада зиянды заттардың ұшырасуы:
табиғи немесе фондық концентрация
нормальдық концентрация
молярлық концентрация
проценттік концентрация
Дұрыс жауап жоқ

 

Адам ағзасында рефлекторлық реакция болғызбайтын концентрация:
ШМКм.р.
ШМКм.б.
ШМКо.т.
Дұрыс жауап жоқ
ШМКо.к

 

Экологиялық жүйедегі мемлекеттік стандарттар бағытына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
барлық жауабы дұрыс
терминдер, классификациялар, анықтамалар; ластағыштардың мөлшері мен шамаларын анықтау;
табиғатты қорғау ережелері, табиғи ресурстарды рационалды қолдану
. қоршаған ортаны бақылау және қорғау амалдарына қойылатын талаптар, т.б. стандарттар
табиғи ресурстарды қолдану интенсивтілігі

 

Өндірістік-шаруашылық стандарт:
өндірістік, коммуналдық нысандардың жұмыс тәртібінің экологиялық қауіпсіздігін реттеп отырады және қоршаған ортаға зиянды заттардың ШМШ-сын (шекті мөлшерлі шығарындысы) жасайды
адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар әсерін қарастырады
қоршаған ортаның сапасын бағалайды
қоршаған ортаның әртүрлі объектілерін ластағыштарды анықтайды
Дұрыс жауап жоқ

 

Экологиялық (өндірістік-шаруашылық) нормаларға жатады:
экологиялық норматив – экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамалары
зиянды заттардың ШРК немесе ШРМ, радиация, шу
вибрация, магнит өрістері әсерінің ШРД
зиянды заттардың тағамдық өнімдердегі шекті рауалы қалдық мөлшерлер
Дұрыс жауап жоқ

 

Бақылау посты дегеніміз:
арнайы приборлармен жабдықталған автомобиль немесе павильон орналастырылған арнайы таңдалып алынған жер
ластаушы заттарды үздіксіз тіркеуді қамтамасыз етуге немесе келесі анализ үшін ауадан үнемі үлгі алып отыруға негізделген орын
өнеркәсіп шығарындалары көздерінің әсерін анықтау мақсатында түтіндерден үлгі алуға негізделген жер
жекелеген аймақтарда ауа ластануының жағдайын тереңірек зерттеу үшін немесе стационарлық пост анықтай алуы мүмкін емес жағдайда ауадан жүйелі түрде үлгі алуға негізделген орын
Дұрыс жауап жоқ

 

Маршрутты пост дегеніміз:
жекелеген аймақтарда ауа ластануының жағдайын тереңірек зерттеу үшін немесе стационарлық пост анықтай алуы мүмкін емес жағдайда ауадан жүйелі түрде үлгі алуға негізделген пост
өнеркәсіп шығарындалары көздерінің әсерін анықтау мақсатында түтіндерден үлгі алуға негізделген пост
ластаушы заттарды үздіксіз тіркеуді қамтамасыз етуге немесе келесі анализ үшін ауадан үнемі үлгі алып отыруға негізделген пост
арнайы приборлармен жабдықталған автомобиль немесе павильон орналастырылған арнайы таңдалып алынған жер
Дұрыс жауап жоқ

 

Стационарлы посттардың саны неге байланысты анықталады?
аталғандардың барлығы
қала халқының санына
жергілікті жердің ауданына
индустрияландыру дәрежесіне
Дұрыс жауап жоқ

 

Бір реттік немесе орташа күндік концентрация туралы информация алуға негізделген бағдарлама:
толық бағдарлама
толық емес бағдарлама
қысқартылған бағдарлама
күндік бағдарлама
Дұрыс жауап жоқ

 

Қалдықтың бір реттік концентрациясын анықтау үшін үлгі алу ұзақтығы қанша уақытты құрайды?
20-30 мин
30-40 мин
35-45 мин
1-2 сағат
25-35 мин

 

Ауаның құрамындағы бұл газдың мөлшері 20,95%-ды құрайды:
оттегі
инертті газдар
азот
көмірқышқыл газы
озон

 

Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында тұрған газ:
көмірқышқыл газы
күкірткөміртек
күкіртті газ
Күкіртсутек
оттегі

 

Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне қанша текше метр ластанған суларды өзендер мен көлдерге жібереді?
168,8 мың текше метр
170 мың текше метр
159 мың текше метр
165 мың текше метр
166,6 мың текше метр

 

Екі немесе одан да көп заттардан тұратын біртекті жүйе:
ерітінді
буфер
тұрақсыз қосылыс
еріткіш
коллоид

 

Еріген заты аз ерітінді:
сұйылтылған ерітінді
концентрациялы ерітінді
қаныққан ерітінді
қанықпаған ерітінді
Дұрыс жауап жоқ

 

Ерітіндінің молярлық концентрациясын қай формула бойынша табады?
Дұрыс жауап жоқ

 

Ақтөбе қаласының химия заводы ауаны қандай зиянды заттармен ластайды?
NО, фторлы газдар, сульфаттармен
СО2, H2SO4 буы, сульфаттармен
H2S, NH3, т.б. улы заттармен
NO, инертті газдар, нитраттармен
Дұрыс жауап жоқ

 

Мамандардың есебі бойынша жыл сайын ауаға қанша тонна зиянды газдар мен шаң-тозаңдар таралып жатады?
0,5 млн тонна
1,4 млн тонна
2 млн тонна
1 млн тонна
0,3 млн. тонна

 

ШМКм.б. дегеніміз – бұл...
тұрғын үйлер орналасқан аудан ауасындағы максимальды бірреттік шектік концентрация, (мг/м3)
тұрғын үйлер орналасқан аудандағы ауа құрамындағы улы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/м3)
жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/м3)
шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени-тұрмыстық салада қолданылатын сулардың қоймаларындағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л)
Дұрыс жауап жоқ

 

Су үшін интегралды көрсеткіштер:
судың оттектегі биологиялық қажеттілігі – ОБҚ, судың оттектегі химиялық қажеттілігі – ОХҚ
ОХЖ (оттегінің химиялық жұмсалуы)
ОБЖ (оттегінің биологиялық жұмсалуы)
ШҚМ (шекті қалдық мөлшері)
Дұрыс жауап жоқ

 

Тұрақсыз органикалық қосылыстарды, зерттелетін суда, белгілі уақыт аралығында аэробты биохимиялық тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері (мг/л):
ОБЖ (оттегінің биологиялық жұмсалуы)
ОХЖ (оттегінің химиялық жұмсалуы)
ОБҚ (судың оттектегі биологиялық қажеттілігі)
ОХҚ (судың оттектегі химиялық қажеттілігі)
Дұрыс жауап жоқ

 

Әр түрлі геохимиялық өзгерістер нәтижесінде, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік етуінің барысында сан алуан физика-химиялық құбылыстар орын алатын, қозғалғыштығы төмен биогеоценоз компоненттерінің ең маңызды бөлігі:
жер бетінің топырақ қыртысы
тау жыныстарының үстінде қалыптасатын дене
топырақ құнарлылығы
топырақ қышқылдығы
Дұрыс жауап жоқ

 

Рельеф және жер асты үшін қажет көрсеткіштер:
техногенді өңдеудің тереңдігі және ауданы
пайдалану қор модулі
горизонттардың араласу шамалары
ластану ауданы
Дұрыс жауап жоқ

 

Топырақтың негізгі глобалды проблемасы:
деградация және ормандардың жойылуы
парниктік эффект
фотохимиялық смог
қышқыл жаңбырлар
Дұрыс жауап жоқ

 

Қоршаған орта сапасы дегеніміз не?
Өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық өнімімен және белгіленген тұрғындар тобы қалыпты аурулардың деңгейімен сипатталатын адам өмірінің қажеттілігіне сәйкес орта дәрежесі
Қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану
Табиғи ортаға қауіпті әсерін беретін және қайтымсыз процестерге соқтыратын орта
Өсімдіктерді және жануарларды қорғайтын орта
Тірі организмдердің қолайлы өмір сүруіне арналған орта

 

Қоршаған орта сапасы неше түрге бөлінеді?
 
 
 
 
 

 

1 млн тұрғыны бар жерге қанша пост болуы керек?
10-20
5-10
20-30
30-40
15-20

 

Байқау посттары қандай категорияға бөлінеді?
Стационарлы, маршрутты, жылжымалы
Стационарлы, маршрутты
Жылжымалы, тұрақты
Стационарлы, жылжымалы
Стационарлы, маршрутты, тұрақты

 

Атмосферадағы қалдықтар концентрациясын анықтауға қалдық үлгі алу және концентрациясын өлшеу қанша биіктікте жүргізіледі?
1,5-3,5м
2,5-4,5м
4,5-6,5м
6,5-7,5м
6,1-6,5м

 

Қалдықтың бір реттік концентрациясын анықтау үшін үлгі алу ұзақтығы?
20-30 мин
30-40 мин
40-50 мин
50-60 мин
60-70 мин

 

Желдің жылдамдығы мен бағыты қанша биіктікте анықталады?

 

Желдің жылдамдығы мен бағыты қандай құрылғымен анықталады?
Вымпелмен
Барометр
Термометр
Дозометр
Амперметр

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1162 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Санкт Петербург| ПРЕДМЕТ, МЕТОД И ИСТОЧНИКИ КОММЕРЧЕСКОГО ПРАВА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)