Читайте также: |
|
Қаржы құқығы бойынша тест сұрақтары
1. Төменде аталған басқарулардың қайсысы қаржылық басқаруға жатады:
а) мемлекеттің ақша қорын қалыптастыру;
ә) фермерлық шаруашылықты басқару;
б) атомдық энергияны басқару;
в) «Бөбек» қорын басқару;
г) автокөлікті басқару.
2. Фисқалдық қызмет деп:
а) мемлекеттің ақша қорын қалыптастыру қызметің айтамыз;
ә) мемлекеттің ақша қорын бөлу қызметің айтамыз;
б) мемлекеттің ақша қорын дұрыс пайдалану қызметің айтамыз;
в) мемлекеттің ақша қорын пайдалануды бақылау қызметің айтамыз;
г) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді ақшалай қамтамасыз ету қызметің айтамыз.
3. Қаржы құқығы зерттейді:
а) мемлекеттің қаржылық қызметің;
ә) азаматтық келісім шарттарды;
б) мемлекеттік басқаруды;
в) мемлекеттік қызметкерлердің қызметің;
г) қылмыстық қатынастарды.
4. Мемлекеттік қаржының басты рөлі -
а) мемлекеттің қызметін ақшалай қамтамасыз ету;
ә) мемлекеттік борыштарды өтеу;
б) халыққа еңбек ақысын төлеу;
в) зейнетақыларды төлеу;
г) мемлекеттің аппаратын қамтамасыз ету.
5. Мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістері:
а) мемлекеттік қорларды қалыптастыру, бөлу және дұрыс пайдалану;
ә) қаржыландыру және несиелеу;
б) эмиссия мен несиелеу;
в) эмиссия;
г) мемлекеттік қорларды қалыптастыру және дұрыс пайдалану.
6. Ақша қорларын қалыптастыру әдістері:
а) ақша қаражаттарын олардың иелерінен еріксіз және қайтарымсыз түрде алу;
ә) мемлекеттің ақша қорларын дұрыс пайдалану;
б) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ақшалай қамтамасыз ету;
в) несиелеу;
г) қаржыландыру.
7. Ақша қорларын бөлу әдістері:
а) қаржыландыру;
ә) ақша қорларын пайдалану тәртібін белгілеу;
б) ақша қаражаттарын пайдаланудың ұзақ мерзімді қаржылық нормативтерін белгілеу;
в) ақша қаражаттарын олардың иелерінен еріксіз және қайтарымсыз түрде алу;
г) эмиссия.
8. Қаржы жүйесінің құрамына жатпайды:
а) жеке тұлғалардың ақшалары;
ә) бюджет жүйесі;
б) сақтандыру қорлары;
в) белгілі бір мақсатпен құрылған бюджеттен тыс қорлар;
г) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақша қорлары.
9. Орталықтандырылған ақша қорына жатпайды:
а) жеке тұлғалардың ақшалары;
ә) жергілікті бюджет;
б) ҚР Ұлттық банктің қаржылары;
в) белгілі бір мақсатпен құрылған бюджеттен тыс ақша қорлары;
г) мемлекеттік бюжет.
10. Орталықтандырылмаған ақша қорларына жатады:
а) мемлекеттік бюджеттік ұйымдар мен мекемелердің қаржылары;
ә) республикалық және жергілікті бюджет;
б) Ұлттық банктің ақша қоры;
в) белгілі бір мақсатпен құрылған бюджеттен тыс қорлар;
г) Мемлекеттік сақтандыру қоры.
11. Бюджет профициті дегеніміз:
а) бюджет түсімдері жалпы сомасының шығыстар көлемінен асып түсуі;
ә) бюджет шығыстары жалпы сомасының түсімдер көлемінен асып түсуі;
б) мемлекеттің өз қарамағындағы ақша қаражаттарының жиынтығын айтамыз;
в) бюджет шығыстары мен түсімдерінің арасындағы байланыс;
г) бюджет шығыстарының қаржылай шектеулері
12. Қаржы құқығының жүйесі:
а) жалпы және ерекше бөлім;
ә) ерекше бөлім;
б) жалпы бөлім;
в) арнайы және ерекше бөлім;
г) жалпы және арнайы бөлім.
13. Облыстық, қалалық, аудандық бюджетті орындау туралы есепті бекітеді:
а) тиісті мәслихат;
ә) Үкімет;
в) тиісті әкім;
г) жоғары тұрған әкім;г
д) Президент.
14. Қаржы құқығын реттеу әдістері:
а) императивтік және дипозитивтік;
ә) гипотеза, санкция, диспозиция;
б) міндеттейтін, тыйым салатын, уәкілдік ететін;
в) ықпал етуші және қорғаушы;
г) материалдық және ұйымдастырушы.
15. Салық элементтеріне жатпайды:
а) салықтың құжаты;
ә) салықтың объектісі;
б) салықтың ставкасы
в) салық кезеңі
г) салықтың субъектісі.
16. Қосылған құн салығының ставкасы:
а) 12 %;
ә) 10 %;
б) 15 %;
в) 11 %;
г) 3 %.
17. Қаржылық-құқықтық қатынастар объектісі бойынша:
а) бюджеттік, салықтық, банкілік, сақтандыру;
ә) императивтік және дипозитивтік;
б) міндеттейтін, тыйым салатын, уәкілдік ететін;
в) ықпал етуші және қорғаушы;
г) материалдық және ұйымдастырушы.
18. Қаржылық-құқықтық қатынастың субъектілері:
а) мемлекет, жеке және заңды тұлғалар;
ә) бюджет, ақша қоры;
б) жеке тұлға мен мемлекет;
в) заңды тұлға мен мемлекет;
г) Ұлттық банк, қаржы қорлары, салық.
19. ҚР Салық кодексі қабылданды:
а) 10.12.2008 ж.;
ә) 04.12.2008 ж.;
б) 10.12.2009 ж.;
в) 01.01.2009 ж.;
г) 01.01.2010 ж.
20. Қаржылық бақылау нысаны бойынша бөлінеді:
а) тікелей және жанама;
ә) бюджеттік, қаржылық-банкілік, қаржылық-сақтандыру, қаржалық-шаруашылық;
б) алдын-ала, күнделікті, кезені өткен;
в) міндетті, инициативті;
г) толық, іріктіп тексеру.
21. Жер салығы үшін бекітілген салық кезеңі:
а) күнтізбелік жыл;
ә) күнтізбелік апта;
б) күнтізбелік тоқсан;
в) күнтізбелік ай;
г) декада.
22. Объектісі бойынша ревизия:
а) құжаттарды тексеру, фактілерді тексеру (нақты тексеру);
ә) толық тексеру, іріктеп тексеру;
б) жалпы (кешенді), тақырыптық (арнаулы) тексеру;
в) жоспарлы, жоспардан тыс, кенеттен тексеру;
г) күнтізбелік, жергілікті тексерулер.
23. Әлеуметтік салықтың жалпы ставкасы:
а) 11 %;
ә) 10 %;
б) 15 %;
в) 12 %;
г) 3 %.
24. Ұйымдастыру белгісі бойынша ревизия:
а) жоспарлы, жоспардан тыс тексеру;
ә) құжаттарды тексеру, фактілік тексеру;
б) жалпы (кешенді), тақырыптық (арнаулы) тексеру;
в) толық тексеру, іріктіп тексеру;
г) күнтізбелік, жергілікті тексерулер.
25. ҚР Ұлттық Банктің төрағасын тағайындайды:
а) Сенат келісімімен ҚР Президенті;
ә) ҚР Президенті;
б) Мәжіліс келісімімен ҚР Президенті;
в) ҚР Үкіметі;
г) ҚР Ұлттық Банкінің басқармасы.
26. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі:
а) республикалық және жергілікті;
ә) мемлекеттік және жергілікті;
б) мемлекеттік және республикалық;
в) қалалық және ауылдық;
г) жанұялық.
27. Бюджет құрылымына жатпайды:
а) эмиссия;
ә) шығындар, бюджет тапшылығын қаржыландыру;
б) операциялық сальдо;
в) бюджет тапшылығы;
г) кірістер.
28. Бекітілген бюджет деп:
а) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет;
ә) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттін атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет;
б) бюджеттің шығындары мен несиелерінің жыйынтығы;
в) бюджеттік процестің барлық сатыларын қамтыйтың белгілі бір уақыт;
г) күнтізбелік жылдың 1 қантарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттік-алу кезеңі.
29. Нақтыланған бюджет деп:
а) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттін атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет;
ә) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджет;
б) бюджеттің шығындары мен несиелерінің жиынтығы;
в) бюджеттік процестің барлық сатыларын қамтыйтың белгілі бір уақыт;
г) күнтізбелік жылдың 1 қантарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттік-алу кезеңі.
30. Қаржы жылы деп:
а) күнтізбелік жылдың 1 қантарында басталып, 31 желтоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттік-алу кезеңді айтамыз;
ә) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бюджеттін атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен, ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетті айтамыз;
б) бюджеттің шығындары мен несиелерінің жиынтығың айтамыз;
в) бюджеттік процестің барлық сатыларын қамтыйтың белгілі бір уақытты айтамыз;
г) ҚР Парламенті немесе тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен, тиісті қаржы жылына арналған бюджетті айтамыз
31. ҚР банк жүйесі:
а) екі деңгейден тұрады;
ә) бір деңгейден тұрады;
б) үш деңгейден тұрады;
в) төрт деңгейден тұрады;
г) деңгейге бөлінбейді.
32. Валюталық операцияларды жүргізу үшін тиісті лицензияларды беретін орган:
а) ҚР Ұлттық Банкі;
ә) ҚР Президенті;
б) ҚР Үкіметі;
в) ҚР Қаржы министрлігі;
г) ҚР экономикалық даму және сауда министрлігі
33. Бюджет процесінің сатысына жатпайды:
а) бюджетті жою;
ә) бюджетті бекіту;
б) бюджеттік есеп беру;
в) бюджетті атқару;
г) бюджеттің жобасын жасау.
34. Банк дегеніміз:
а) ҚР заңдарына сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;
б) ақша-кредит операцияларын жүргізетін орын;
в) өз атынан ақшалай қаражаттарды ақылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құралған ұйым;
г) кәсіпорындар мен ұйымдардың бос ақша қаражатын тарту және жинақтауды жүзеге асыратын сақтандыру мекемесі;
д) ақша қоры.
35. Сақтандырудың қандай сыныбы "өмірлік сақтандыру" саласына жатады:
а) аннуитеттiк сақтандыру;
ә) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
б) су көлігін сақтандыру;
в) автомобиль көлігін сақтандыру;
г) мүлікті сақтандыру.
36. Республикалық бюджет бекітіледі:
а) заң нысанында
ә) референдум арқылы
б) Үкімет қаулысымен
в) Президент Жарлығымен
г) ҚР Ұлттық банкінің қаулысымен
37. ҚР жоғары деңгейдегі банк:
а) ҚР Ұлттық банкі;
ә) Қазақстан Даму банкі;
б) БТА банкі;
в) Қазақстан Халық банкі;
г) Каспий банкі.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 417 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Нарушение норм налогового права обуславливает существование негативной налоговой ответственности, которую можно рассматривать в нескольких аспектах. | | | Азақстан Республикасында тенге қай жылы енгізілді? |