Читайте также: |
|
$$$001
Шажырқай артериясы тромбоэмболиясына орай 70 жастағы науқас С. жасаған операция кезінде бүкіл ащы ішек, тоқ ішектің оң жақ бөлімі, көлденең тоқ ішектің жартысы қошқыл – көк түсті екені анықталды. Қай артерия бассейнінде қанайналым бұзылған?
A) сол жақ тоқ ішектік артерия
B) оң жақ тоқ ішектік артерия
C) ортаңғы тоқ ішектік артериясы
D) төменгі шажырқай артериясы
E) жоғарғы шажырқай артериясы
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделігі} = 1
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = ZO
02_01_02_ каз.
$$$002
Клиникаға 63 жасар науқас Ж. ішіндегі ұстама тәрізді ауырсынуға, іш кебүіне, желі мен нәжісінің шықпауына шағымдана түсті. 4 тәүлік ауырады. Қарағанда: іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуылы естіледі, барлық аймақтарда тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Науқасқа кешенді консервативті ем тағайындалды. Сифонды клизма жасағанда 0,5 л су ғана енеді. Аталған көрініс қандай симптомға тән:
A) Цеге - Мантейфель
B) Скляров
C) Спасокукоцкий
D) Шланге
E) Валь
{Дұрыс жауап} = А
{Күрделілігі} =1
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирурги органов брюшной полости./ Под ред. В. С. Савельева. – М.: Триада-Х. – 2004)
{ Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = ZO
02_01_02_ каз
$$$003
36 жасар науқас В. қысылған шап жарығына орай ауру басталғаннан 12 сағаттан кейін операция жасалды. Ревизия кезінде шап дорбасында ащы ішектің 2 ілмегі анықталды. Қысқан сақинаны кескеннен соң ішек ілмектерінің түстері қалпына келді, перистальтикасы бар, шажырқай артериясы пульсациясы анық. Ішек ілмектері құрсақ қуысына енгізіліп, шап каналының артқы қабырғасына пластика жасалды. Операциядан кейін 1 тәуліктен соң науқасқа жайылмалы перитонитке орай қайта операция жасалды. Операцияда тесілген некроздалған ішек ілмегі анықталды. Бірінше операцияда қандай тактикалық қателік орын алды?
A) шап канала пластикасы тәсілі дұрыс анықталмады
B) үшінші аралық ішек ілмегі қаралмады
C) ащы ішек шажырқайына 0,25% новокаин ерітіндісі енгізілмеді
D) құрсақ қуысы дренаждалмады
E) асқазан – ішек жолы декомпрессияланбады
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{ Курс} = 7
{ Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ рус
$$$004
Клиникаға 72 жасар науқас К. ішіндегі ұстама тәрізді аурысынуға, іш кебүіне, газ және нәжістің шықпауына шағымдана түсті. 3 тәулік ауырады. Анамнезі: соңғы уақытта іші қатқан, дене салмағы төмендеген. Қарағанда: іші кепкен, ассиметриялы, шолпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Ауру диагностикасында шешүші орын алатын тексеру қайсысы?
A) ирригоскопия
B) фиброколоноскопия
C) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
D) құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы УДЗ
E) лапароскопия
{Дұрыс жауап} = С
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирурги органов брюшной полости./ Под ред. В. С. Савельева. – М.: Триада-Х. – 2004)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA.
02_01_02_ каз
$$$005
Жедел ішек өтімсіздігі кезінде гомеостаз бұзылыстары немен байланысты?
A) гиповолемия, гипокалиемия, гипопротеинемия, интоксикация, гипохлоремия
B) гиперкалиемия, гиперхлоремия, гиперпротеинемия, гипопротеинемия, интоксикация
C) гипернатриемия, гиперхлоремия, гипопротеинемия, гиперкалиемия, интоксикация
D) гиповолемия, гиперпротеинемия, гипокалиемия, гипонатриемия, интоксикация
E) анемия, гипокальциемия, гиперхлоремия, гипопротеинемия, интоксикация
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ каз
$$$006
Перитонитке орай жасалған операция кезінде төменгі шажырқай артериясы тpомбоэмболиясы анықталды. Қандай операция жасалады?
A) эмболэктомия, оң жақты гемиколэктомия
B) аутовенозды шунтылау, тоқ ішек резекция
C) сол жақты гемиколэктомия
D) сол жақты гемиколэктомия, колостомия
E) некроздалған ішек ілмегін тампондармен шектеу
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирурги органов брюшной полости./ Под ред. В. С. Савельева. – М.: Триада-Х. – 2004)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ каз
$$$007
Операция кезінде бауырлық бұрышына дейін таралған, асқазанның антралды бөліміне ене ескен көлденең тоқ ішектің ісігі анықталды. Ішектің әкелгіш бөлігі айқын кеңейген, қуысында нәжіс, мықын ішегі кеңеймеген. Қандай операция жасау керек?
А) Көлденең тоқ ішек резекциясы
B) Айналмалы илеотранверзоанастомоз, асқазан резекциясы
C) Көлденең тоқ ішек резекциясы, колостомия
D) Оқ жақты гемиколэктомия, асқазан резекциясы
E) Көлденең тоқ ішек резекциясы анастомозбен, асқазан резекциясы
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Госпитальная хирургия, Бисенков Л.Н., Трофимов В.М., 2005 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ каз
$$$008
Жедел холециститке орай жасалған операция кезінде хирург байқаусызда жалпы өт жолын кесіп алды. Операцияны қалай аяқтау керек?
A) холедохтың дисталды бөлігін байлап, проксималды бөлігін дренаждау
B) холедох «ұмытылған» дренажда тігу
C) холедохтың дисталды бөлігін байлап, проксималды бөлігін ұлтабарға тігу D) Ру бойынша босатылған ішек ілмегінде холедохоеюноанастомоз салу
E) холедохты ауыспалы бауыр арқылы өтетін дренажда тігу
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделігі} =2
{Оқулық} = Шалимов А.А. Хирургия печени и желчевыводящих путей. — Киев: Здоровье, 1993.—512 с.
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } =PA
02_01_02_ каз
$$$009
Егде жастағы адамдарда біріншілік гангреналық холецистит дамуы немен байланысты?
A) өт қабы артериясы бойынша қан ағуының жедел бұзылуы
B) өт қабы өткелінің конкрементпен жедел бітелуі
C) өт қабы өткелінің тұтқыр өтпен жедел бітелуі
D) гепатикохоледохтың терминалды бөлігінің жедел бітелуі
E) оң жақ бауыр өткелінің жедел бітелуі
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{ Курс} = 7
{ Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ каз
$$$010
Холецистэктомия операциясынан кейін алғашқы кезеңде өт қабы тұқылы маңайына қойылған дренаж бойынша өт ақса не жайлы ойлауға болады?
A) өт қабы тұқылының герметизмінің болмауы
B) операция кезіндегі ұлтабардың жарақаты
C) жедел панкреонекроз дамуы
D) операциядан кейінгі жедел гепатит дамуы
E) іріңді холангит дамуы
{Дұрыс жауап} = A
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{ Курс} = 7
{ Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ каз
$$$011
Холангит және механикалық сарғаю клиникасымен көрініс берген жалпы өт жолы стриктурасында қандай операция жасалады?
A) консервативті терапия
B) холедохты Прадери бойынша дренаждау
C) холедохты Кер бойынша дренаждау
D) холедохты Вишневский бойынша дренаждау
E) Ру бойынша холедохоэнтероанастомоз
{Дұрыс жауап} = E
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{ Курс} = 7
{ Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = PA
02_01_02_ рус
$$$012
53 жастағы науқас К. ішіндегі кенеттен дамыған айқын ауырсынуға, айқын әлсіздікке шағымданады. Қайталама құсу, қан араласқан сұйық дәрет болған. Жедел жәрдем емгері қарағанда патология анықтамаған, үйіне емделуге бағытталған. Науқас іші ауырсынуы тұрақты сипат алып, метеоризм, перитонит белгілері дамыған. Осыған орай науқас ауру басталғанынан 20 сағаттан соң хирургиялық клиникаға жеткізілген. Ауру диагностикасының ең мәліметті әдісі қандай?
A) Ультрадыбыстық доплерография
B) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
C) Ректалдық қарау
D) Селективті ангиография
E) Лапароцентез
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделігі} = 2
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = РА.
02_01_02_ каз
$$$013
56 жасар науқас С. ішіндегі ұстама тәрізді ауырсынуға, жүрек айнуға, ішек қоймалжыны араласқан құсуға, газ және нәжістің жүрмеуіне шағымданады. Анамнезі: 5 жыл бұрын холецистэктомия операциясы болған. Қарағанда: іші кепкен, ассиметриялы, перитонеалдық белгілері теріс. Операцияалды дайындықты қалай жүргізеді?
A) спазмолитиктер, белоктық препараттар
B) асқазан декомпрессиясы, тазарту клизмасы
C) су – электpолиттік ауытқуларды реттеу
D) анальгетиктер, белоктық препараттар
E) асқазан декомпрессиясы, новокаиндік блокадалар
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = (Хирургические болезни. Учебник. В 2 томах. +CD-Rom./ Под ред. В. С. Савельева, А. И. Кириенко. – М.:ГЭОТАР-медиа. – 2006.-Т1. – 608с. Т2.-400с)
{Курс} = 7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$014
Жедел калькулезді холециститке орай жасалған операция кезінде бауыр – ұлтабарлық байламы шыны тәрізді ісінуі, бауыр асты кеңістікте геморрагиялық бөлінді, ащы ішек шажырқайы түбірі инфильтрациясы анықталды. Ең тиімді хирургиялық тактика қандай?
A) холецистэктомия, холедохты, шарбы дорбасын дренаждау;
B) холецистэктомия, холедохты Пиковский бойынша дренаждау;
C) холецистэктомия, холедохты Кер бойынша дренаждау;
D) холецистэктомия, холедохты Федоров бойынша дренаждау;
E) холецистэктомия, холедохты Вишневский бойынша дренаждау.
{Дұрыс жауап} =А
{Күрделігі} =3
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирурги органов брюшной полости./ Под ред. В. С. Савельева. – М.: Триада-Х. – 2004)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$015
Клиникаға 45 жасар науқас Д. ішінің жоғарғы бөлімі, көбінесе оң жағы ауырсынуына, жүрек айнуына, екі рет құсуға, әлсіздікке, дене температурасының 37,6о шағымданып түсті. Анамнезі: аталмыш шағымдар диета бұзғаннан соң дамыған, 5 күн ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Іші жоғарғы бөлімінде кернеулі және ауырсынады. Ортнер, Мерфи, Кер және Щеткин – Блюмберг симптомдары оң. Тиімді хирургиялық тактиканы анықтаңыз.
A) белсенді – тосу тактикасы
B) жедел операция
C) ерте қалтырылған операция
D) кеш қалтырылған операция
E) экстренді операция
{Дұрыс жауап} =E
{Күрделігі} =3
{Оқулық} = (Хирургические болезни. Учебник. В 2 томах. +CD-Rom./ Под ред. В. С. Савельева, А. И. Кириенко. – М.:ГЭОТАР-медиа. – 2006.-Т1. – 608с. Т2.-400с)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ рус
$$$016
Интраоперациялық холангиограммада ұзындығы 3 см «жазу қауырсыны» симптомы, бауырішілік өткелдері, холдохтың проксималдық бөлігінің кеңеюі анықталды. Қандай операция жасау керек?
A) папиллосфинктеротомия
B) холедоходуоденостомия
C) холедохоеюностомия
D) фатеров еміздігі резекциясы
E) өт жолдарын қосарлана дренаждауы
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = Госпитальная хирургия (руководство для врачей интернов) /Под ред. Л.Н. Биссикова, В.М. Трофимова. - СПб.: Лань, 2003.-896 с.
{Курс} = 7
{Семестр} = 14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$017
Жедел калькулезді холециститке орай жасалған операция кезінде өт қабы мойыны тұсында тығыз инфильтрат анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек?
A) мойыннан басталатын холецистэктомия
B) холецистолитотомия
C) түбінен басталатын холецистэктомия
D) холецистоэнтеростомия
E) холедоходуоденостомия
{Дұрыс жауап} = C
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = (Шалимов А. А., Шалимов С. А. Хирургия печени и желчных протоков.- Киев, 1993)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$018
Хирург оң жақты қысылған шап жарығына орай жасалған операция кезінде шап дорбасында деструкциясыз Меккель дивертикулын анықтады. Тиімді хирургиялық тактика анықтаңыз.
A) Рихтер жарығы, дивертикул резекциясы көрсетілмеген
B) Лекснер жарығы, дивертикул резекциясы көрсетілмеген
C) Ру – Оппель жарығы, дивертикул резекциясы көрсетілген
D) Литре жарығы, дивертикул резекциясы көрсетілген
E) Бассини жарығы, дивертикул резекциясы көрсетілмеген
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$019
75 жасар науқас И. жасаған операция кезінде өт қабы мойыны, гепатодуоденалдық байлам маңында тығыз инфильтрат, өт қабы қабырғалары қалыңдап, қызаруы анықталды. Қандай операция жасау керек?
A) моыйн арқылы холецистэктомия
B) холецистостомия
C) аралас холецистэктомия
D) жарана жауып, антибиотиктер тағайындау
E) өт қабы маңын тампондап, жараны тігу
{Дұрыс жауап} = B
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = Шалимов А.А. Хирургия печени и желчевыводящих путей. — Киев: Здоровье, 1993.—512 с.
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS
02_01_02_ каз
$$$020
Холецистэктомия операциясынан 8 сағаттан соң дренаж бойынша 360 мл өт бөлінген. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, тахикардия 120 соғыс 1 мин., тілі құрғақ. Пальпацияда іштің оң жақ бөлігі ауырсынады, бұлшық еттер кернеулігі анықталады. Тиімді хирургиялық тактиканы анықтаңыз.
A) ішке суық басу, антибиотикотерапия
B) инфузиялық терапия, форсирленген диурез
C) санациялық лапароскопия, дренаждау
D) релапаротомия, өт ағу себебін жою
E) экстракорпоралдік детоксикация
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделігі} =3
{Оқулық} = Жебровский В. В. Осложнения в хирургии живота: руководство для врачей / В. В. Жебровский. - М.: "МИА", 2006. - 448с.
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS.
02_01_02_ каз
$$$021
Терапия бөлімінен хирургиялық клиникаға миокард инфарктісінен кейін 69 жасар науқас В. ауыстырылды. Бірнеше күн бұрын ішінде қарқынды ауырсынулар дамыған. Қарағанда жайылмалы перитенит клиникасы анықталған. Тиімді хирургиялық тактиканы анықтаңыз.
A) инфузиялық – спазмолитикалық терапия
B) гепаринотерапия, фибринолизин
C) лапароскопия
D) экстренді операция
E) белсенді - тосу тактикасы
{Дұрыс жауап} = D
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирургии органов брюшной полости. Под ред. Савельева В.С., М., Триада, 2004 г.)
{Курс} = 7
{Семестр} = 13
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS.
02_01_02_ каз
$$$022
Клиникаға 64 жасар науқас Н. кіндік аймағындағы ауырсынатын ісік тәрізді түзіліске, дене температурасының 38о жоғарылауына, әлсіздікке шағымдана түсті. Анамнезі: 6 тәулік бұрын жөтелгеннен кейін кіндік аймағында ісік тәрізді түзіліс пайда болған. Жергілікті: кіндік аймағында жұмсақ эластикалық консистенциялы, ауыратын, ісік тәрізді түзіліс анықталады. Жөтел тербелісі симптомы теріс. Осы аймақтағы тері жабындысы жұмсарған және қызарған. Флюктуация симптомы оң. Қандай операция жасау керек?
A) Лексер
B) Греков
C) Сапежко
D) Мейо
E) Мартынов
{Дұрыс жауап} = В
{Күрделігі} = 3
{Оқулық} = (Руководство по неотложной хирурги органов брюшной полости./ Под ред. В. С. Савельева. – М.: Триада-Х. – 2004)
{Курс} =7
{Семестр} =14
{ Тестіленушінің білім деңгейі } = NS.
Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 174 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Каз. Клиникалық фармакология, каз | | | Каз. Кеуде және құрсақ жарақаты, каз. |