Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Турбиналық цех машинашы-аралаушысы үшін қауіпсіздік техникасы талаптары

Читайте также:
  1. C) кең-байтақ территорияға ие болу мен жоғары дамуды үйлестіру үшін қажет емес
  2. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
  3. Бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
  4. Бу турбиналы қоңдырғыларға қойылатын қауіпсіздік техника талабы
  5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
  6. Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін
  7. Технологиялық құрылғыға өртқауіпсіздігі талаптары

Турбиналық құрал бойынша машинист-аралаушы қызметіне 18 жастан жас емес, алдын ала медициналық қараудан өткен және жұмыс жасауға қарсылықтары жоқ, арнайы курстарды өткен және цехтағы жұмыс орнында өндірістік оқудан өткен тұлғалар жіберіледі.

Машинашы-аралаушы жұмысқа алынған кезде кіріспе нұсқамадан өтуі керек. Өзіндік жұмысқа жіберілместен бұрын жұмыскер: жұмыс орнында алғашқы нұсқама, еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден, энергиялық құрылғыға қызмет көрсету барысында жазатайым оқиғалармен пайланысты зардап шегушілерге аалғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулықтан өтуі керек.

Оқудан өтетін тұлғаға өз бетімен кез-келген құрылғыларды, қосу, қорғау қондырғыларын, блокадалау, ілмекті арматураны, вентильді ашып (жабуға), қосып (сөндіруге) тыйым салынады.

Сәйкес емтихандарды, жұмыс орны бойынша қосарланушылықты өткеннен және апатқа қарсы жаттығуларды өткеннен кейін оған біліктілікті куәлік беріледі.

Өзіндік жұмысқа рұқсат кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі бойынша сәйкес бұйрықпен рәсімделуі керек.

Біліктілікті тексеруде қанағаттандырарлықсыз баға алған машинашы-аралаушы, өз бетімен істелетін жұмысқа жіберілмейді. Қауіпсіздік ережелерін бұзу барысында бұзушылық сипатына тәуелді, жоспарлы емес нұсқаулау немесе кезексіз білімді тексеру жүргізіледі.

Міндеттерін орындау барысында машинашы аралаушының қолында куәлігі болуы керек. Білімін тексерудің мерзімі өтіп кеткен жағдайда ол жұмысқа жіберілмейді.

Жұмыскер жұмыс үрдісінде қайталау нұсқамасын алты айда бір рет, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық туралы, энергетикалық қызмет көрсету барысындаа жазатайым жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық білімді тексеруді бір жылда бір реттен аз емес рет өтуі қажет. Жұмыскер жылына бір рет жұмыс орнын даярлауға құқыылы, жұмыскерлер үшін қауіпсіздік техикасы ережелері бойынша білім тексеруді өтуі, жіберуді жүзеге асыруы, жұмысты өндіруші болуы, бақылаушы және бригада мүшесі болуы керек.

Жазатайым жағдайда жұмыскер медициналық қызметкерлер келгенше алғашқы көмек көрсетуге міндетті. Жұмысшының өзімен жазатайым жағдай болғанда, жарақаттардың ауырлықтарына тәуелді, ол денсаулық пунктіне көмекке баруы немесе өз өзіне алғашқы көмек көрсетуі қажет.

Әрбір машинашы-аралаушы дәрі-дәрмек қобдышасының орналасқан жерін білуі және оны қолдана білуі қажет.

Жөндеуге келмейтін қорғаныс қондырғылардың, құралдардың және заттардың табылуы жағдайында, жұмыскер өзінің тікелей басшысына айтуы қажет.

Электрлі тоқтың әсеріне түсу жағдайын болдырмау үшін үзілген, ілініп тұрған желілерге қол тигізк немесе басуға болмайды, тоққа апаратын электр құрылғылары бөліктерін тисуге болмайды.

Еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар талаптарын орындамау машинист аралаушыға өндірістік тәртіпті бұзу деп қарастырылады.

Жұмыс қауіпті (жарақаттар туғызатын) және зиян (кәсіби аурулар немесе жұмысқабілеттілікті төмендетуді шақыратын) өндірістік факторлармен ілесуі мүмкін.

Зиян өндірістік факторларға жатады: ауаның жоғары және төмен температурасы, (су, бу) жұмыс ортасы дросселяциясы және айналушы механизмдердің үлкен көлемі үшін турбиналық цехтағы шудың болуы, құрылғыны жоспарлаудың күрделілігі, бу құбыр желісі мен ыстық су қыйылысуы, майлардың, құрылғылардың ыстық бетінің, таратылған желілік шаруашылыықтың болуы, барынша мүмкін электр құрылғыларымен, қалқандармен, жинақтармен, жоғары қысымда тұрған электр қозғалтқыштары.

Зиян және қауіпті фаторлардан қорғану үшін сәйкес қорғаныс құралдарын қолдану қажет: бекітілген арнайы киімді кию, ыстық бетті құрылғыларға қызмет көрсету барысында күйуден және ыстық температуралар әсерінен шаралар қолдану керек. 33°С жоғары ауа температурасы бар бөлімдерде жұмыс жасау барысында ауа-қысу қондырғылары орнатылуы керек. Қоршаған орта ауасының төмен температуралы аймақатрындағы жұмысты жылы арнайы киімде орындау қадет жіне кезекті жылы жерде болумен уақыт бойынша алмастыру. Шудың жоғары деңгейінде шуға қарсы қорғаныс құралдарын (құлаққап) қолдану немесе жоғары шу аймағында болу уақытын шектеу қажет, ауаның жоғары шаңдалуында шаңға қарсы респираторда жұмыс істеу қажет. Қажеттіліксіз қысым астында тұрған бу құбыр желісіне және түтікшеге жақын орналасуға тыйым салынады. Жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуда қосымша жарықтандыруды қолдану қажет.

Машинашы-аралаушыға салалы нормаларға сәйкес келесі жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі: матадан жасалған костюм (12 айға), біріктірілген қолқаптар (3 айға), қорғаушы каска (2 жылға).

Жұмыс сипаттамасына және оларды өндіру шарттарына тәуелді турбиналы цехтағы машинист-аралаушыға қосымша арнайы киім және осы жағдайлар үшін қорғаныс құралдары тегін уақытша беріледі.

Ауысым алдында машинист-аралаушы арнайы киімді эөнге келтіруі, белгілі маршрутпен қызмет көрсетілетін құрылғы аралауын жүргізуі, құрылғылардың қауіпсіз жағдайын, қоршаулар, аулалардың саты маршының жағдайын тексеруі керек. Машинашы-аралаушы жұмыс орнында құрал, шаруашылық заттар, электрлі шам, өрт сөндіру құралдарын, плакаттар немесе қауіпсіздік белгілерінің бар екендігін және іске жарамдылығын тексеріп, қабылдауы керек. Қай құрылғы жұмыыста, қорда және жөндеуде екендігін, қасысының артынан жіті бақылау жүргізу керектігін, қай құрылғыда ауысым барысында нормадан ауытқулар болғанын, арматура орналасуы, жұмыс механизмдері жұмысында күмен пайда болған жағдайда жұмыс орындарының тазалығын тексеру керек.

Машинашы-аралаушы құрыылғының, механизмдердің, өлшеу құралдарының, ақауларды уақытылы анықтау және жою мақсатымен қарау және аралау жолымен оның білуіндегі авто реттеушілердің жұмысы мен сыртқы жағдайын бақылайды.

Құрылғыны аралау мен қарау, құрылғыға жөндеу жасайтын қызметкерлерді жіберу, сонымен қатар ағымдағы жұмыстарды орындауды машинашы-аралаушы жоғары тұрған кезекші қызметкерлердің білуімен және рұқсатымен жүзеге асыруы қажет.

Құрылғыны жөндеуге шығару барысында турбиналы құрылғы бойынша машинашы аралаушы өшірілген арматураға тыйым салатын құрылғылар, «Қоспаңыз-адамдар жұмыс істеп жатыр!», «Ашпаңыз-адамдар жұмыс істеп жатыр!», «Жаппаңыз адамдар жұмыс істеп жатыр!» қауіпсіздік белгілерін іліп қоюға міндетті.

Қарау мен аралау уақытында кез-келген құрылғы қайта қосуларын жүргізуге тыйым салынады. Құбыр желілері арқылы өтуді тек өтетін көпіршелер бар жерлерде жүзеге асыру қажет. Шамдар тазалауын жүргізу және жанып кеткен лампалар ауыстыруын жүргізуге, сукөрсеткішті шыны жанында болуға, сонымен қатар қысымды және сақтандырушы арматура жжанында болуға тыйым салынады.

Жұмыс орнының және қызмет көрсетілетін құрылғының жеткіліксіз жарықтануында лампаның жанып кетуінен машинашы-аралаушы кезекті электршіні шақыруы керек, ал оның келуіне дейін электрлі шамды қолдануы керек. Оперативті қызмет көрсетуде құрылғыны (қосу, тоқтату, сынауда) қоршаушы құрыылғылардың болмауы немесе бұзылу жағдайларында құрыылғылар мен механизмдердің қысқа мерзімді жұмысына тыйым салынады. Айналатын механизмдерді қосу барысында олардан қауіпсіз ара қашықтықта орналасу қажет.

Жүрісте белдіктерді кигізуге, шешуге және жөндеуге, аналмалы және қыймылдағы мезанизмдерді тоқтатуға тыйым салынады.

Бу желілерінде, нәрлі құбыр желілерінде, арматура корпустарында қаяу тапқан жағдайда, машинашы-аралаушы жоғары тұрған оперативті қызметкерлерге баяндауы, қауіпті аймақты қоршауы және қауіпсіздік белгілерін: «Абайла! Қауіпті аймақ!», «Өту жабық!» ілуге және апатты құрылғыдан жұмыскерлерді дереу шығару керек.

Жылу алмастырғыш аппарат жұмысы уақытында оның қысымда тұрған жеке аппарат элементтері қосылыстарының тығыз болмауын жоюмен байланысты жөндеуі немесе жұмысын жүргізуге тыйым салынады.

Машинист-аралаушы турбинаға қызмет көрсету алаңында болмауы керек, егер ол қауіпсіздік автоматының сынағына қатыспаса.

Қауіпсіздік автоматын сынауға қатысу барысында оған алдын-ала нұсқаулықтар журналында ол туралы жазбамен нұсқау жүргізілуі керек.

Майлы жүйе құрылғыларына қызмет көрсету барысында фланцтер мен вентильдер тығыздығына қарау керек.

Дренажды штуцер қоқысқа толып қалуы жағдайында бу желісін қыздыру үрдісінде немесе қысымды көбейткенде онда штуцер жылдам жабылумен және вентиль ашылуымен үрілуі керек.

5 МПа (5 кгс/см2) астам артық қысымда фланцты қосындылардың тартуын жасауға тыйым салынады. Арматура тығыздамасын аяқтау 0,02 Мпа артық емес құбыр желісінде артық қысымда және 45°С жоғары емес жылу тасымалдаушы температурасында жүргізуге жол беріледі.

Компенсаторлардың тығыздамалы тығындамасын құбыр желісінің толық босатылуынан кейін ауыстыруға рұқсат етіледі. 45°С және жоғары температурадағы судың болуы жағдайында жер асты құбыр желісі, қойма және құрылыстарына түсуге тыйым салынады. Судың 45°С төмен температурасында су деңгейі 200 мм аспауы керек. Қызметкерлердің жер асты құрылыстарына шлангті газга қарсы құрылғысыз, құтқарушы белдіксіз және белгілі-құтқарушы жібінсіз түсуге тыйым салынады.

Жөндеу және өңдеу жұмыстарын өндіру үшін жұмыс орынын дайындау барысында, сонымен қатар жұмысқа жіберілуде бұйрықтар мен өкім бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық және ұйымдастырушылық шаралар орындалуы керек.

Жұмыс күнінің (ауысымның) аяқталуынан кейін машинашы-аралаушы қондырқыны қайта қосу, ағымдағы жұмыстар бойынша барлық жұмыстарды жүргізуі, қауіпсіздіктің, құрылғылар жөндеуіне бөлінген қауіпсіздік техникасы бойынша бойынша плакаттардың болуын, жөндеу жұмыстарының жасалуын тексеру қажет.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 574 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Реттеуші саты есебі | Реттелмейтін сатылардың жылу есебі | Бастапқы мәліметтер | Регенерация жүйесіне салыстырмалы бу шығынын табу | Жылу балансының теңдеуінен салқындатқыш су шығынын анықтаймыз | Конденсатордан кейінгі, «құбырдағы құбыр» типіндегі жылу алмастырғыш аппаратының есебі | Жіңішкертетін құрылғыны таңдау | Рейнольдс санын анықтау, Re | Есепті тексеру | Айғылы жағдайларды тергеу реті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бу турбиналы қоңдырғыларға қойылатын қауіпсіздік техника талабы| Технологиялық құрылғыға өртқауіпсіздігі талаптары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)