Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу үшін

Читайте также:
  1. C) кең-байтақ территорияға ие болу мен жоғары дамуды үйлестіру үшін қажет емес
  2. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
  3. Бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
  4. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
  5. Енгізуді орындау
  6. Инсулинді енгізу
  7. Көк тамырға иньекцияны орындау

Бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру

 

Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю).

Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қан көлемін қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты, тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, флаконның этикеткасына науқастың аты-жөні, палатасының номері жазбаларын, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, қайшыларды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, жабысқыш пластырьды.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз).

3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетіңіз.

4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз.

5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз.

6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз.

7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз.

8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашыңыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз), оның бос шетін флаконға бекітіңіз.

9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітіңіз.

10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз.

11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз.

12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз.

13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз.

14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді салыңыз.

Ескерту: Кейбір системаларда ауа кіруге арналған тесік тұп-тура тамызғыштың үстінде болады. Бұл жағдайда тек тесікті жабатын бітеуішті ашады.


 

Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 1279 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру | Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру | ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз. | Тұндырманы, қайнатпаны, микстураны | Дәрілік ерітіндіні теріге сылап жағу | Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Флаконнан дәрілік ерітіндіні сорып алу | Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ | Инсулинді енгізу | Бұлшық етке инъекцияны орындау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Көк тамырға иньекцияны орындау| Енгізуді орындау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)