Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ішті қарап зерттеу

Читайте также:
  1. Абзацты форматтаудағы өзерістерді қарап шығу.
  2. Аурухана жағдайында туберкулезге бактериоскопиялық зерттеу үшін қақырықТЫ жинау
  3. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
  4. Отбасын зерттеу схемасы

Зерттегенде әрі әр ағзаның топографиясын жобалау ыңғайлы болу үшін құрсақтың алдыңғы жағы шартты сызықтар арқылы бірнеше аймақтарға бөлінеді. Екі көлденең сызық арқылы (бірінші сызық 10-қабырғаларының ең төменгі нүктелерін, ал екіншісі – мықын сүйегінің жоғарғы өсінділерін қосады) іштің алдыңғы жағы; эпигастрий (regioepigastrica), мезогастрий (reg. mesogastrioa) және гипогастрий деп үш аймаққа бөлінген. Іштің тік бұлшықет терінің сыртқы қыры арқылы вертикаль бағытта жүргізілген екі паралель сызық эпигастрий аймағын: екі (оң жақ, сол жақ) қабырға асты және құрсақ үсті аймақтарына бөлсе, мезогастрийді- мықынның екі бүйір (фланки деп аталатын) және кіндік аймақтарына, ал гипогастрийді оң жақ, сол жақ шап және қасаға үсті аймақтарына бөледі.

Асқорту жүйесін зерттегенде науқасты жатқызып, жағдайы көтерсе, тұрғызып тексерген жөн. Іш жарығы, іштің алдыңғы жағындағы веналардың кеңеюі сияқты процестер науқас түрегеп тұрғанда айқындау көрініс береді.

Ішті қарап зерттегенде, оның бітіміне, терісінің түсіне, шығыңқы жерлеріне, метеоризмге, кіндіктің өзгерістеріне, көзге көрінерліктей перистальтика байқала ма, жоқ па, тынысалуға қатынасына зер салу керек.

Іштің бітімі мен көлемі науқастың жалпы тұлғасына (конституциясына) байланысты. тұлғасы гиперстениялы науқастардың ішінің көлемі үлкендеу болса, астениялылардікі, әдетте, кішірек. Іш кейбір жерлері ғана томпаяды. Семіргенде, ішектерде газ көбейіп, ішті кернегенде (метеоризм) немесе іш қуысына сұйықтық жиналғанда (асцит) іш біркелкі шығыңқы болады. Ал бауыр, талақ ұлғайса, іш қуысында ісік немесе аналық безде, ұйқы безінде киста пайда болғанда іштің өзгеріс бар жерлері ғана томпаяды.

Семіргенде іш ұлғайып, қалыңдаса, кіндік тереңдейді. Метеоризмнен де іш ұлғаяды, бірақ науқас жатып қозғалғанда, оның ішінің бітімі өзгермейді, әрі кіндік тегістеу немесе ептеп шығыңқылау болуы мүмкін.

Асцит кезінде шалқасынан жатқан науқастың кіндігі шығып, екі бүйірі (фланкалары) сыртқа теуіп, қарны жалпайып, бақаның қарнына ұқсастанады.

Цирроздан, ісік немесе ұлғайған лимфа түйіндері қысып қалғанда, тағы басқа себептерден бауырдың қақпа венасы жүйесінде қанайналымы бұзылса, іштің алдыңғы жағындағы вена тармақтары кеңейіп, білеуленіп кетеді (медуза басы- caput medusae). Кеңейген веналардағы қан ағысының бағытын анықтау үшін екі саусақпен оларды қысып алып, саусақты кезек көтеріңкіреп, қай жағы қанға тола бастайтынын байқау керек. Қан жоғары қарай ақса, қанағысы жоғарғы қуыс вена жүйесіне, төмен қарай ақса, төменгі қуыс венаға бағытталғаны.

Іш терісінің түсі жалпы (фиффузды) немесе шектелген (ошақты) түрде өзгеруі мүмкін. Қыздырғышты жиі қолданғанда қызғылт-қоңыр дақтар пайда болып, тері ошақты түрде өзгерсе, көптеген науқастарда терінің барлық жері бірдей өзгеріп, ол диффузды түрде бозаруы, сарғаюы, көгеруі, қоңыр түске боялуы мүмкін. Сусінділенген тері тығыздалып, жылтырап, оны басқанда саусақтың ізі қалады.

Ішті қарағанда кіндік, шап немесе іштің ақ жолағы тұсынан жарық байқалуы мүмкін. Ол айқындау көріну үшін науқасты тұрғызып, күшендіріп, сұқ саусақпен жарықтың тесігін (сақинасын) зерттеу күшендіріп, сұқ саусақпен жарықтың тесігін (сақинасын) зерттеу керек. Копростаздан, ішек тарылғандықтан іш кеуіп кеткенде, кейде перистальтика (іштің толқынды қозғалысы) байқалады. Ол ішек түйілген (непроходимость) жерден жоғарырақта айқындау болады. Асқазан қалытқысы тарылғанда, құрсақтың үстіңгі аймағында ішек томпайып, оның перистальтикасы кернеуі мүмкін.

Туберкулез менингитімен немесе жайылма перитонитпен сырқаттардың іші қабысып қалады.

Өте жүдеп, ішінің еті кеткен науқас төсекте жатқанда оның құрсақ үсті аймағының соғуын көруге болады.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 224 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
The Third Bend| Ішті пальпациялау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)