Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Типтік есептеулері

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. КІРІСПЕ
  4. КІРІСПЕ
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе

Типтік есептеулері

 

Университеттің Ғылыми – әдістемелік кеңесі

оқу құралы ретінде ұсынған

 

 

Алматы 2013


ЖОК 622.692.2.07 (075)

ББК 33.131

 

Қиябаев С.Н. Магистральды құбырөткізгіштердің типтік есептеулері.

Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. – 114 б.

Сурет – 9. Кесте – 27. Библиогр. – 16.

 

«Магистральды құбырөткізгіштердің типтік есептеулері» оқу құралы «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау және пайдалану» мамандануы бойынша 5В070800 – «Мұнайгаз ісі» және «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларының құрылысы» мамандануы бойынша 5В072900 – «Құрылыс» мамандықтарына қойылатын ҚР Мемлекеттік Стандарттардың барлық талаптарына сай келеді.

Оқу құралы студент–бакалаврлар мен магистрлерді дайындауға арналған, сол сияқты мұнайгаз саласының инженерлік – техникалық мамандарына ұсынылады.

 

Пікір жазғандар: Е.А.Исаханов, техн. ғыл. докт., профессор

Д.М.Байтурсунов, техн. ғыл. докт., профессор

А. Т. Қартабай, техн. ғыл. канд., доцент

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2013 жылғы жоспары бойынша басылды.

 

© ҚазҰТУ, 2013

Кіріспе

Қазақстанның газмұнай өндірісі жылдан жылға қарқындап дамып келеді. ВР компаниясының 2011 жылғы статистикалық шолуына сәйкес еліміздегі мұнай қоры 5,5 млрд. тонна, ал табиғи газ қоры – 3,8 трлн. куб. м. болған. Көмірсутектер қоры бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы ондықта (ТМД елдерінде РФ кейін екінші орында) тұр. Мұнай өндіруден еліміз 2011 жылы 16–орын алды, 2020 жылға қарай 130 млн.тонна мұнаймен алғашқы ондыққа енеді деп күтілуде. Қазақстан жері арқылы мұнай мен газ құбырлары өтіп жатыр және көптеп салынуда. Әсіресе елді газдандыру жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Дегенмен орталық, солтүстік және шығыс облыстарға магистральды газ құбырлары тартылмаған, яғни болашақта осы бағытта жұмыстар басталады деген сөз. 2012 жылдың қаңтар айында Алматы–Талдықорған магистральды газ құбырының құрылысы басталды. Осы айтылғандардың бәрі «Магистральды құбырөткізгіштер» мен «Газ–мұнай» пәндерінің рөлдерін айқын көрсетіп тұр. Бұл пәндерден осы уақытқа дейін тәжірибелік сабаққа арналған және шәкірттердің есеп шығаруына көмегін тигізетін мемлекеттік тілде оқулықтар шықпап еді. Шәкірттерге тәжірибелік сабақ үшін Ресей оқулықтары [4], [6] ұсынылатын. Оларды пайдалану қазақ бөлімінің студенттеріне оңай тимейтін. Ұсынылып отырған оқу құралы осы жетіспеушіліктің орынын толтыруға бағытталған.

Оқу құралы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлім магистральды газ құбырының есептеріне, ал екінші бөлім магистральды мұнай құбырының есептеріне арналған. Оқу құралы [4], [6] ескере отырып жазылған. Бірақ көптеген өзгешіліктері бар. Біріншіден өрнектер математикалық айқын берілген, мысалы тізбектей айдау есептерінің формулалары қолдануға оңай және түсінікті, математикалық кері функция ұғымдары қолданылған. Сол сияқты ыстық айдау есептері туралы да осыны айтуға болады. Екіншіден, қазіргі компьютер заманында графиктік әдістер ескіріп қалды, сол себепті компьютерлік бағдарлама мен жуықтау әдістерін қолдану дәл нәтижені береді. Бірақ бір нәрсені айта кеткен жөн: компьютерлік бағдарлама жасау үшін есепті қолмен өте жақсы шығара білу керек, ал қолмен шығарылатын кез–келген есепті компьютерлік бағдарламаға салуға болады. Сол сияқты графиктік Шухов әдісін қолданған кезде шәкірттер дәл нәтиже ала алмайды, осы себепті оқу құралында сол әдістің өзгертілген түрі ұсынылды.

Оқу құралындағы мысал есептің көбінің нәтижелері Excel және Visiual Basic бағдарламалары арқылы алынған, осы себепті қолмен есептелген нәтижелер оқу құралындағымен сәл сәйкес келмеуі мүмкін. Кафедрада «Магистральды құбырөткізгіштер» мен «Газ–мұнай» пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды көп нұсқалы етіп береді, ал оларды Excel және Visiual Basic бағдарламалары арқылы тексереді. Жалпылай айтсақ, Excel және Visiual Basic кез–келген компьютерде орнатылған, сондықтан оларды кез келген оқытушы, немесе шәкірт пайдалан алады.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 214 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Магистральды газ құбырының технологиялық есебі | Магистральды газ құбырының ең тиімді пара­метрлерін есептеу | Мысал. Газ қоспасын есептеу. | Мысал. Компрессор стансаларының (КС) санын табу. | Мысал. Магистральды газ құбырының жылдық өткізу қабілетін табу | Мысал. Магистральды газ құбырының жылдық өткізу қабілетін нивелирлік биіктіктердің айырмасын ескере отырып табу | Мысал. КС санын нивелирлік биіктіктердің айырмасын ескере отырып табу. | Мысал. Магистральды газ құбырының ең тиімді параметрлерін таңдау. | Мұнай құбырларын есептеуге қажетті алғышарттар мен деректер | Мұнай және мұнай өнімдердерін тасымалдаудың ең тиімді тәсілдері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЗАКЛЮЧЕНИЕ (от рецензентов)| Магистральды газ құбырындағы табиғи газ қоспасын есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)