Читайте также: |
|
АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ
ЫҚ” КАФЕДРАСЫ
Оқу-әдістемелік Кеңес
отырысында бекітілді
Кеңес төрайымы
_______________ Н.Дүйсенғұлова
«___» __________ 20___ ж., № ___
.
Бакалавриат білім беру бағдарламасы
В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В091200- «Мейрахана ісі және қонақ үй бизнесі», 5В050700 - «Менеджмент», 5В090900- «Логистика» мамандықтары
Оқу түрі – күндізгі
Ық негіздері» пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Курс: 1
Семестр: 1
Кредиттер саны: 2
Аға оқытушы Б. Расилов
Телефон: 3022155, №326 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырушы: аға оқытушы __________________Б. Расилов
Силлабус 5В050800 – «Есеп және аудит», 5В050900 - «Қаржы», 5В091200- «Мейрахана ісі және қонақ үй бизнесі», 5В050700 - «Менеджмент», 5В090900- «Логистика»мамандықтарының студенттеріне арналған «Құқық негіздері» курсының жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Силлабус «Құқық» кафедрасының отырысында қарастырылған
«27» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама.
«Кафедра меңгерушісі м.а.
LL.M.,доцент _________________________ Г.Аманғалиева
Кіріспе
«Құқық негіздері» пәні экономикалық және гуманитарлық циклдің базалық бөлігіне жатады және мемлекет пен құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады.
Пәнді оқытудың әдістемесі мынаны қарастырады:
- дәріс оқу;
- тәжірибе сабағын жүргізу;
- ОБСӨЖ
- СӨЖ
Пәнді оқытудың мақсаты:
· студенттердің құқық және мемлекет, Қазақстан құқығы салаларының негіздері бойынша қажетті білім беру.
· Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекетті жетілдірудің қажетті шарты ретінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
· Оқушылардың құқықтық танымын қалыптастыру және оны жоғарылату
Пәнді оқытудың міндеттері:
1. Мемлекеттік–құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктерін қалыптастыру;
2. Мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және әрекет ету заңдылықтарын түсіну;
3. Негізгі заң түсініктерінің мәнін және мазмұнын ұғындыру;
4. Арнаулы заң терминологиясын үйрену;
5. Конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық сияқты қазақстандық құқықтың негізгі салалардың негіздерін оқып білу.
Алдыңғы деректемелер: Қазақстан Республикасы құқықтық демократиялық мемлекет және азаматтық қоғам құру жолында. Біздің мемлекеттің демократиялық және өркениетті дамуының негізгі факторларының бірі – азаматтарда дамыған құқықтық сананы қалыптастыру және олардың тұрақты құқықтық білімін алу болып табылады.. Пән құқықтың түрлі салаларының құқықтық негіздерін оқытады. Пәнді ұғыну үшін ойлау, дүниеде және елде орын алатын оқиғаларды халықаралық құқық жағынан, қазақстандық заңнамасы жағынан бағалау, талдау қабілеттері қажет.
Соңғы деректемелер: «Құқық негіздері»пәні жоғары оқу орында оқытылатын жалпы білім пәні ретінде тұлғаның қалыптасуында, Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жағдайларда негізгі құқықтық білімдерін алуда маңызды болып келеді. Пән гуманитарлы пәндерге негізделеді: Қазақстан тарихы философия, этика, психология. Философия барлық қоғамдық пәндер үшін ортақ теоретико-методологиялық негіз.
Құқық негіздері – мемлекет пен құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын негізетін кешенді оқу пәні. Құқық негіздерін оқыту пәні мемлекет пен құқықтың пайда болуы және дамуының негізгі түсінігін, қағидаларын, заңдығын анықтайтын және олардың байланысын, қазақстандық құқықтың жетекші салаларының негізгі түсініктері мен қағидаларын түсіндіретін мемлекет пен құқықтың негізі болып табылады.
Студенттер курсты оқу барысынды бакалаврдың компетентті моделіне сәйкес дағдылануы тиіс.
Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 203 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Звоните прямо сейчас и зафиксируйте Ваше право на акцию у своего персонального менеджера: тел. 7 900 258-93-64, Сергей, с 09:00 до 22:00. | | | Жалпы біліктілік |