Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баспанамен қамтамасыз ету және АД

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Әл-Фараби «қайыршысы жоқ ел бақытты» деген екен. Ал басында баспанасы, не тұрақты жұмысы жоқтардың ертеңін қалай елестетуге болады? Бүгінде көшелердің қуыс-қуысында паналап жүрген қайыршылардың дені ауылдан қалаға қашып келгендер. Қайбір қашып келді дейсің, ауылда жұмыс жоқ, ал қалада баспана – бас қайғы. Тіпті қазір баспана бағасы күн санап шарықтап барады. Статистика агенттігінің берген мәліметін оқыған сайын халықтың жүрегі шымырлап қоя беретін болды. Жасыратын несі бар, қазір бұл шарықтау қарапайым адамның қалтасы көтермейтіндей жағдайға әкелді. Сондықтан қала қазағын қайдам, ауыл қазағының басым бөлігі пәтер жалдап күнін көруде. Соған қарамай Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп келеді» деуден бір жаңылған емес.

Елбасы елдегі баспана мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Алайда берілген тапсырманы орындауға келгенде олқылық танытатын жауапты құзырлы орындардағы жемқорлық деген жегіқұрттың кесірі тиетіні болмаса. Мысалы, «пәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» дегендей, мемлекеттік бағдарламаға сеніп барғандардың көбісінің соңында сағы сынып жатады. Естіген құлақта жазық жоқ, «тұрғын үй алудағы кезегіңді алға жылжыту үшін әкімшіліктен немесе басқа да мекемелерден таныс-тамыр іздейтіндер бар» деп жатады. Түріктерде «от шықпаса түтін шықпайды», қазақтарда «жел болмаса шөптің басы қимылдамайды» деген тәмсіл бар.

«Баспаналы болуға жағдай жасалған» дейді көкелеріміз. Басшылар тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен әкімшілікте пәтер, жер кезегіне тұру тәртібі, бастапқы жарна жинап, екінші деңгейлі банктерде несиені рәсімдеудің қиындығын қайдан білсін? Өзі пәтер жалдап 40-50 мың айлық алатын қарапайым жұмысшының отбасы бастапқы жарна мөлшерін қалай төлейді? Ипотекамен үй алу басшылар үшін жеңіл көрінуі заңды. Оларға мемлекет қызмет еткені үшін астарына көлік, жайлы баспана береді. Одан бөлек кейбір пысықай бастықтардың тау бөктеріндегі зәулім сарайлары бар. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» дегендей, бар жағдайы жасалған көкелер пәтер жалдаудың мұндай тауқыметін қайдан түсінеді? Мысалы, сол ипотеканың бастапқы жарнасын жинаймын деп бір, несие өтеймін деп екінші рет жүндей түтілесің. Кейбір тұрғын үйге қол жеткізудегі тәртіптің ішінде жылжымайтын мүлігіңді кепілдікке қою керексің. Ал ауылдағы үйіңді кепілдікке қоюға тағы болмайды. Осындай мүмкіндікті сәтті пайдаланған кейбіреулер жылжымайтын мүлігін кепілдікке қойып, бір басында бірнеше пәтер алып жатады. Ал әкімшіліктің пәтер кезегіне тұрған қарапайым мемлекеттік қызметкерлер аты-жөніміз архивке кетпесе екен деп тілейді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 20 жылдан астам уақыт кезегін сарылып күткен тұрғындар әлі бар. Мысалы, елордада мемлекеттік баспана кезегінде тұрғандардың саны 21 мыңнан асып жығылады екен. Бұдан кейін үй кезегінде тұрғандардың еңбек өтілі балмен есептеледі. Оның өзінде тек мемлекеттік мекеме немесе бюджет саласында еңбек ететіндерге ғана. Ол тұрғын үйге қолы жететін мемлекеттік қызметтегілер кімдер? Мысалы, мемлекеттік «Тұрғын үй» бағдарламасына мұғалімдердің ішінде тек қалада жұмыс жасайтындарға мүмкіндік бар. Ауылды жерде ел болашағын тәрбиелеудегі ұстаздардың еңбектері қыруар. Олар да қызметі өсіп, басқалар секілді баспаналы болғысы келеді. Бірақ, оның қандай жолдары бар? Осыны білгіміз келіп Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне хабарласқанбыз. Агенттіктің басшылары мен жауапты мамандары тұрмақ баспасөз хатшысы Жазира Букина сұрағымызды тыңдамастан «кейін» деп қысқа қайырды. Ал агенттіктің сайтында «сұрақтарыңызға жауапты кез келген уақытта ала аласыз» деп жазылғанымен, бұл қалыпты «көзалдау» екенін түсіндік. Қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді мойнына алған агенттіктің БАҚ өкілінің бетін былай қайырғаннан кейін қарапайым халыққа қандай кеңес беретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз.

44.Әлемдегі білім беру жүйелердің оңды және теріс жақтары. Қазір әлемдік білім беру ке­ңіс­тігі жеке-дара қалуды қаламайды. Сондықтан да болар, әлемдегі 46 мемлекеттің Болон процесіне бірі­гіп отырғаны. Біз де осы үдерістен шығу үшін, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылған едік. Күні кеше ғана Будапешт пен Вена қалаларында Еуропа білім министрлері бас қосқан ІІ фо­рум­да Болон процесі мен халық­ара­лық Лиссабон ынтымақтастығына қосылуға қол жеткіздік. Бұл ел өмі­ріндегі елеулі оқиға деуге тұ­ра­ды. Соның нәтижесінде жоғары білім берудің еуропалық үлгісіне енетін боламыз. Қазақстандық жоғары мектептің әлемдік білім кеңістігімен бұлай үйлесуі ұлттық экономика үшін маман даярлауға кең жол ашып қана қоймайды, кадр сапасын арттыруға да ерекше септігін тигізеді. Сол секілді білім беру кеңістігіндегі ұстанымы­мыз­ды нығайтуға да мүмкіндік береді. Отанымыз еуропалық білім беру кеңістігіне ену арқылы әлемдік білім беру үдерісіне жақындауға да қадам жасалады.

Ал осы игілікті шара Қазақ елі­нің жоғары білім беруіне қандай жақсылықтар әкеледі деген сау­ал­ға тоқталар болсақ, Болон про­це­сіне қосылу арқылы, біріншіден, отандық білім беру бағдарлама­ла­рын және оқу жоспарларын еуро­па­лық стандарттарға сәйкестен­ді­ру­ге, екіншіден, біліктілікті артты­рып, академиялық дәрежелерді тануға, үшіншіден, қазақстандық жоғары оқу орындары берген дипломдардың Еуропа өңірінде жарамдылығы және кадрлары­мыз­дың кез келген елде жұмысқа тұ­руы­на құқылы болуына, төртін­шіден, оқытушы-профессорлары­мыз­дың деңгей дәрежесін шетел­дік­­терге танытуға, бесіншіден сту­денттер мен оқытушылардың ака­де­миялық ұтқырлығын қамтама­сыз етуге, алтыншыдан, екі дип­лом­ды білім беру бағдарламасын іске асыруға мол мүмкіндік туады деп жауап беруге негіз бар.
Әлемдегі жоғары білім беру ісінде кредиттік технология бой­ын­ша оқыту кең қанат жайған. Ендігі жерде бұл іс те елімізде өз шешімін табады. Жоғары оқу ор­нын бітірушілерге шетелдік үлгіге сай дипломның қосымшасын бе­ру­ді, халықаралық еңбек нарығы­ның талаптарына сәйкес олардың жұмысқа қабылдануына кепілдік жасауды қамтамасыз ету қарасты­ры­лып отыр. Болон декларация­сы­ның тағы бір маңыздылығы сол – кредиттік технология бойынша сынақтық бірлік жүйесін енгізу, яғни академиялық кредиттерді қа­лыптастыру. Жоғарыда айтқаным­дай, елімізде соңғы жылдары бұл қадам біртіндеп өз шешімін тауып келеді.
Болон процесіне қосылғанға дейін елімізде көптеген жұмыстар атқарылды. Білім құрылымы мен мазмұны жан-жақты қаралып, дек­ларацияның принциптеріне сәй­кестендірілді. Кадр дайын­даудың үш сатысы, нақтылай түс­сем, бакалавр – магистр – PhD бірте-бірте орнығып келеді. Білім беру процесі субъектілерінің ака­де­миялық еркіндік шекаралары ке­ңей­тілді. Соның нәтижесінде білім беру мәдениеті қалыптасу үстінде.
Тағы бір айтарым, 2009 жылғы сәуір айында Лувен (Бельгия) универ­си­те­тінің базасында Болон процесіне қатысушы елдердің білім министр­лерінің форумы өткен болатын. Осы шараға Қазақстан мемлекеті алғаш рет қатысып, білім беру саласында ынтымақтастық орнату мәселесін қозғаған еді. Сол секілді Отанымыздың Лиссабон конвен­циясына қол қоюы, конвенция аясында Еуропа мемлекеттері қа­былдаған бірнеше қорытынды құжаттарға сүйеніп біздің де біраз жұмыстарды тиянақты жүргізуге мүмкіндігіміз болады.
Халықаралық білім беру про­це­сіне қосылғаннан кейінгі жерде талаптың күшейетіні белгілі. Мұ­ның ең бастысы, Отанымыздағы жоғары оқу орындарының халық­ара­лық аккредитациядан өтуі дер едік. Мұндай жағдайда Елбасы айтқан халықаралық рейтингке ену жүзеге асатын болады. Сол ар­қылы дүниежүзілік білім кеңісті­гінде тек танылып қана қоймай, өз орнымызды аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық үш жоғары оқу орны шетелдік аккредитациялық агент­тік­тердің мамандандырылған сарап­тауынан жақсы өтті

Өркениетті елдердің бәрінде де білім беру ісін реформалау әлеуметтік саясаттың маңызы құрамды бөлігі болып табылады. Оған үкімет, парламент, қоғамдық және халықаралық ұйымдар белсене кірісуде. Реформалау көп аспектілі (салалы). Олар білім беру ісін басқаруды қайта құру және оның функцияларын жергілікті, аудандық, орталық өкіметке қайта қарап бөлумен, оқу орындарының жаңа типтерін құру, оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістерін модернизациялаумен сипатталады. Жаңарту не қайта құру бала- бақшадан жоғары оқу орындарына дейінгі білім жүйесінің барлық саласын қамтуда.Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың альтернативті жолдары көрсетілуде.

Білім беру саласын реформалау — бүкілхалықтық іс. Еліміздің ер­теңі рухы биік, танымы терең, білімді білік­пен ұштастырған ұрпақ қолында болған­дықтан, бүгінгі білім жүйесінде жүріп жатқан өзгерістерге бүкіл қоғам тарапынан қолдау, түсінік қажет. Себебі, ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген егемен елі­міздің өркениетті елдер қатарынан лайық­ты орын алуы білім беру жүйесінің даму деңгейіне тікелей қатысты. Олай болса, білім ре­формасы – баршамызға ортақ, ұлт мүд­десінен, ұрпақ қамынан туындап отырған іс.

45.Демографиялық мәселелер және АД. Адамзат өз дамуының қазіргі кезеңінде демографиялық дағдарыс сатысында тұр, бұл қоғамның келеңсіз ахуалын көрсетеді. Осының себебі бойынша одан шығудың нақты жолдарын іздеу көптеген елдер үшін айрықша өзекті болып отыр.

Қазір әдеттен тыс жағдай қалыптасып отыр. Халық санының тым артуы қорқушылықтың еш негізі болмағанымен, бүгінде әлемдегі халық санының тым арту мәселесі алаңдаушылық туғызып отыр.

ХІХ ғасырдың басында Т.Мальтус 25 жылдан кейін жер шары халқының екі есе ұлғаятынын болжаған еді. ХХ ғасырда оның болжамы алаңдаушылықтың жеткілікті себебі болды, өйткені халық саны шынында да күрт өсе түсті. Жер шарының екі миллиардыншы тұрғыны 1925 жылы, алты миллиардыншы тұрғыны 1999 жылы туды. Халық санының тым артуы проблемасына алаңдаушылық білдірген «Мальтузианшілер» қозғалысы өз пікірінен айнымай отыр. Алайда, елдік демографиялық моделді зерделеу кезінде адами ресурстардың жетіспеушілік үрдісі байқалады, мемлекеттердің халқы қартаю үстінде. Әлемде, әсіресе оның дамыған бөлігіндегі негізгі проблема – бұл бала туудың төмендеуі. Дегенмен, мейілінше аз дамыған елдерде керісінше ахуал басым – онда халық саны төмендемей, керісінше өсіп келеді және егер табиғи халық өсімі төмен негізінен Еуропа елдері бірінші ондыққа кірсе, ал халық санының өсімі барынша жоғары елдер ондығына аса кедей африка елдері кіреді.

Қазіргі заманғы мемлекеттің дамуы процесінде демографиялық проблемаларды шешудегі шетел тәжірибесін зерделеу аса маңызды болып табылады. Шетел мемлекеттері жинақтаған тәжірибені пайдалану отандық реттеу институттарын жетілдіруге, тәжірибеде өз өміршеңдігін көрсеткен барынша тиімді моделдер мен жолдарды қолдануға ықпал етеді.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 166 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)