Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еңбекпен қамту және АД – әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың қақтығысы

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраныммен ұсыным.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік -әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етіледі.

Осы уақытта дейін, біздің елімізде жұмыссыздық жоқ және бұның өзі ұлы жетістік деп есептелді. 1991 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді, оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы жылы бірінші 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 % әйелдер болды, ал 1992 жылы ресми түрде, 70,5 адам жұмыссыз деп тіркелді.

Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әртүрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындар бөлінеді, және оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашлығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз – қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту тек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті.

Еңбек нарығы барынша күрделі және жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар, әдетте, олардың еңбегіне деген сұранымнан хабардар бола бермейді, олар тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бас жұмыс орны туралы да білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы адан да аз біледі.

Сондықтанда, мемлекеттің әлеуметтік саясатынның міндеттерінің бірі-еңбеккерлерді жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады.

Экономикасы басқа түрге ауысқан елдерде, соның ішінде, Қазақстанда, бұл жүйе жеткіліксіз дамыған. Қазіргі кезде бұл жүйені дамытудың жетерлік деңгейдегі практикалық қана емес, сондай-ақ, теориялық негізде жоқ.

Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін, халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет. Содан соң осындай теориялық жағдайлар негізінде оны жүзеге аырудың практикалық негізін жасау керек.

Жұмыссыздықтан қорғау жүйесінің негізгі мақсаты-ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады: біріншібөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады. Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады. Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады-жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет.

Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс орындарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек.

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)