Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мағжан өлеңдеріндегі ұлт- азаттық идея

Читайте также:
  1. Ж. Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» мақаласы
  2. М. Дулатов шығармаларындағы азаттық идея
  3. Мағжан Жұмабаев «Оқжетпестің қиясында» поэмасы.

Мағжан Жұмабаевөлеңдері оқырмандарға ғашықтық, әйел адамына деген сезім білдіру жағынан көбірек таныс. Бірақ Мағжан Батысқа бет бұрған кезден бастап баяғы «әдемі әйелдерді» жырлауды екінші орынға қалдырып, ерлікке шақыру, жер шарында болып жатқан соғыс ұрысқа қарсы тұрды. 1914 жылы бірінші дүние жүзі соғысы басталды. Бұл күллі адамзат тарихында бұрын соңды болып көрмеген күйзеліс еді. Тіпті, жалғыз Мағжан емес: барлық Ресей мен Еуропа білгірлері де жер бетін қан басқан қараңғылыққа қарсы жыр жорығын бастады.

Күншығыстан таң келеді, мен келем,

Көк күңіренед, мен де көктей күңіренем.

Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,

Жер жүзіне нұр беремін күн берем.

Немесе:

Тұлпар мініп туды қолға алайын,

Суырып қылыш қан майданға барайын.

Жердің жүзі кім екенін танысын,

Жас бөрідей біраз ойын салайын, - деп жырлады қазақтың Мағжаны 1915-1916 жылдары. Дүние жүзі астан- кестен болып, әркім өзінің елдігін ойлап, ерлігін дәріптеп жатқанда, әлем сырымен түгел танысқан, білімді, тұңғиық ойлы азамат ақын, азаттық көксеген өз халқына бабаларының ерлік дәстүрін, өртті желдей өткенін жыр етті. Сүйген халқын бірлікке, достыққа шақырды:

Жер жүзіне ер атағым жайылған,

Жан емеспін оттан, судан тайынған.

Қайраты мол қанды бала қыранмын,

Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.

Мағжанның алғаш жарық көрген өлеңінің өзінен-ақ ақынның кейінгі ұлы мақсаттарының ұшқыны байқалады. Мәселен «Айқап» журналының 1911 жылғы 2-санында жарияланған «Жатыр» атты өлеңінің шумағында ақын былай дейді:

Кешегі шешек жарған қазақ гүлі

Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,

Күн сайын артқа қарай кетіп жатыр.

Сезінбей өзгенің, өзгенікін

Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр?

Бұл өлең Мағжанның 17-18 жасында жазылған. Балаң ақынның осы алғашқы өлеңінен- ақ оның ақындық болмысын айқын танимыз. Сонау бір өз алдына ел болған еркіндік кезі артта қалып, отаршылдық озбырлығында тұншыққан туған халқының қасіретті тағдыры Мағжанның ақындық жүрегін ғана емес, азаматтық ар- ұжданын да қозғайды. «Мен жастарға сенемін» көпшілікке жақсы белгілі өлеңін Мағжан былайша керемет етіп аяқтайды:

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемiн!

Өлеңінің әрбір шумағын «Мен жастарға сенемін» деп аяқтаған Мағжанды мына өлеңінен кейін таза отанын шексіз сүйіп, елінің азат болуын қалаған ақын деп айтуымызға толық негіз бар. Қазақтың халi қандай ауыр екенiн сезсе де, ол күнде Мағжанда келешектен үмiт күткендiк сезiледi. Бұл қалыпта заман тұра бермес, бiзге де жарық сәуле күн туар дегендей жұбаныш болады, неғұрлым отаршылдық, жауыздық күшейе берсе, соғұрлым қазақтың жанына батар, ашындырар, ашынған ел қорғалай бермес, қарсы бас көтерер деп сенедi:

Мезгiлше мейлi келсiн, тiсi батсын,

Сұр жылан өзi оятар қатты шақсын!

Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз,

Көрелiк төңiректi тек таң атсын!

14-15-шi жылдардан бастап оның ұлт­шылдық сезiмi жетiле бастады. Ол бұрын­ғыдан гөрi қаттырақ, зарланады, күштiрек налиды. “Тәңiрi” деген өлеңiнде: осынша өнер-ғылымнан, бақ-дәулеттен сорлы қылатын өгей балаң бiз бе едiк? Басқа жұртқа жолбасшы, көсем жiберiп жатқанда көзiнiң қырын бiр салмайтын алаштың не жазығы бар едi? Түйе баққан жалаңаш араб құрлы көрмегенiң бе? – деп құдайға тiлi тиедi.

Азамат, анау қазақ қаным десең,

Ұжмақтың суын апар жаным десең.

Болмаса iбiлiс бол да уалып бар,

Тоқтатам, тұншықтырам зарын десең.

Азамат болсаң қазағыңа пайда тигiз, өйтпесең “iбiлiссiң” деп, ауыр мiндет артады. Азаматқа сын тағады. Қазақ азаматы саясат жүзiнде пiкiрi шынықпаған бала екенiн көредi, белгiлi пiкiр, жол тұтына алмай,, бас қамын ойлап, боялып жүрген кейбiр азаматтарды сөгедi. Осылайша Мағжан қазақ әдебиетінде бұрын- соңды болмаған жаңа бағыт, жаңа жол ашты. Туған халқын елдікке, ерлікке, бірлікке шақырады. Елінің өткенімен таныстырды. Осы жоғарыда мысалға келтірілген өлеңдер қазақ поэзисында бұрын- соңды болып көрмеген әдісте жазылған дүниелер, ерекше, тек Мағжанның өзіне тән құбылыстар. Демек, Мағжан қазақ поэзиясына Мағжан болып келді. Басқа ешкімге де ұқсас емес. Ал Мағжан тудырған өлеңдер қай заманда болмасын оқырман тарапынан жоғары бағаланып келеді.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 435 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)