Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ж. Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» мақаласы

Читайте также:
  1. М. Дулатовтың «Хан Абылай» мақаласы
  2. С.Садуақасовтың «Әдебиет әңгімелері» мақаласы.

Жазушының, бұл мақаласы Мағжан өлеңдерінің шеберлігі жан-жақты талданып жазылады. «Мағжанның ақындығын сынауға білімімі, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін, оның алды-артын орап, өрісін арылтып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек», деп басталған мақала Мағжан сөздері туралы азды-көпті көңілге перне түсіріп, пікір алысу деп жалғастырады. Әдетте мұндай баяндамалар пайдасыз да болмайды. Біздің әдебиетке сынның аса қажеттігін баса айтып өтеді. «Әдебиет сынмен көркейеді. Бәйгеге қосатын атты жартып, құйрық-жалын күзеп жіберсе, көрікті болып жұтынып шығады» дейді. Ол рас, әдебиетке дәл осындай күтім, сондай сын керек. Сол тұстың әдебиеттің әлі де болсын балапан, буыны бекіп, бұғанасы қатпағадығын, мәпелеп, тәрбиелеу керектігі баяндалады.

«Мағжанның өлеңдерін аса құндап, бұлдап жарыққа шығаратын Мағжаншылдар да бар; іске алғысыз ғып, өртеп жіберу керек дейтіндер де бар, қысқасы Мағжанның досы да бар, қасы да бар» деп біз мұндайдан аулақпыз деген Жүсіпбек бұл баяндамасында Мағжанға сын көзімен қарауды жөн санайды. Сын көзімен қарауда ғылымның жолын тұтынудың қажеттігін айтады. Мағжанның ақындығы жайлы айтар болсақ мына жайларды ескеру керек. «Бір жағынан үй іші – әкеге, әлеуметі ру басыға бағынған, тапқа, жікке бөлінбеген қазақ ішінде туып өскен болса, екінші – татар медресесінде оқып, түрікшілдіік, исламшылдық рухында тәрбиеленсе, үшінші – патша саясаты шымбайға батып, отаршылдық зардабы қазақтың ұлтшылдық сезімін оятқан дәуірдң ұлы болса, төртінші – орыс зиялыларының қаймағы бұқарашыл, халықшыл болып жатқанынн сезіп білсе, бесінші – батыстың қала берсе орыс ақындарының санашылдық школыннан сабақ алса, енді Мағжан қай пікірдегі ақын болмақ?» сөз жоқ, Мағжан ұлтшыл, түрікшіл, санашыл, дарашыл ақын. Оның ұлтшылдық өлеңдері «Ғалияда» шәкірт болып жүрген кезінен басьалады. Сол шақта шығарған мына өлеңдері соның куәсы болмақ: «Туған жерім – Сасықкөл», «Анама», «жаздыкүні далада», «Орал», «жауынгердің жыры». Ақынның қасиеті – заманға жаңғырық, әлеуметтік тұрмысындағы зор оқиғаларға айна болып, тарихи із, тарихи материал қалдырып отыруында. 16-шы жыл – қазақтың басына қара күн туған тарихи ауыртпашылық жыл. Осы тұста ақынның бір ғана «Орамалдан» басқа еңбегінің көрінбейді. Ұлттың ыстығына күйіп, суығына тоңап дер жүрген ақынға 16-шы жыл тарихи оқиғаны жалғыз кестелі орамалмен желпіп өткеніне көңіліміз жарымайды. Орыыстың төңкерісшіл ақыны Клычков төңкеріс туралы бір ауыз өлең де жаза алмаған. Ондай көрмей кету үлкен аындарда да болған. Қазақ өмірін айнаға толық түсірмегеніне қарасақ Мағжан да сондай ақын деп Жүсіпбек Мағжанды тағы да қорғап алады. Ақын февраль өзгерісіне шейін Мағжан өз басынан алыстап, әлеумет мұңыа арта берле алмады. Өлеңінң көбі табиғатты, әйелді, махаббатты суреттеуге арналды. Өзгерістен былай Мағжан өлеңінң көбін елге арнап жазатын болды. Бұрынғы істеріне өкінгендей «еліме, есебіді не деп берем?» деген сөзді айтып, кейін «Кінәні маған қойма, жүрекке қой!» деп әлеуметтен кешірім сұрайды. Мақаланың енді бір тұсында қазақ әдебиетіндегі романтизм дәуірі аяқтануына көмек көрсетті деуге болады. Орыстың ақындарына еліктеп, қазақ ақындарын дәріптеп жырлайды. Мағжан өлеңдерінен әлилеген ананы, шолпысы сылдырлап бел асып бара жатқан әйелді де көреміз. Мағжанның тіршлікке «Алдамшы өмір, қу ғұмыр, сұм жалған...» деген көзқараспен қарайды. Жүсіпбек Мағжанды сан қырынан аша отырып, «Мағжан – идеялист. Дүниені рух, пікір билейді, тұрмысты сана билейді, тарихта әлеумет маңызды емес, жеке адам маңыызды дейді. Мағжан –алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны. Ол –санашыл, түрікшіл, дарашыл ақын» деп түйіндейді. Ғалымның бұл пікірімен келіспеске болмайды. Мағжан – символист, жаңашыл, сезім ақыны.Ж. Аймауытов мақала соңын «М. Жұмабаев - қазақ әдебиетіндегі сырлы жүрек түкпірін қозғар сұлу саздын ақыны» деп қорытады.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1362 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)