Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

М. Дулатовтың «Хан Абылай» мақаласы

Читайте также:
  1. Ж. Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» мақаласы
  2. С.Садуақасовтың «Әдебиет әңгімелері» мақаласы.

Міржақып Дулатовтың «Хан Абылай» мақаласы 1912 жылы «Айқап» журналының №6 санында Алашұлы Азамат деген атпен жарық көрді. «Атағы жер жарып шыққан хан Абылай ХҮІІІ ғасырда дүнияға келіп, Көкшетау деген жерде қазақ жұртына қырық сегіз жыл хан болып тұрыпты. Кеше Кенесарының заманында шыққан Тобылбай бидің баласы Арыстан ақынның айтқаны да бар.

Қылады Мекержеде байлар сауда

Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.

Сұрасаң Абылайдың тұрған жері –

Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда» - дей келіп, Абылай ханның қазақ арасындағы ролін, оның ата тегі турасында деректер келтіреді. Ол деректер былайша өрбиді: Бір заманда Ақмаңғыт, Тоқмаңғыт деген ел келіп, қырық жылдай Бұқараны билеп тұрған Әбуәлпейіс ханды өлтіріп, Бұқараны шауып алған соң, Сүйеніш хан деген Әбуәлпейістің бір баласы басшы болып, туысқандары менен балаларын ертіп, Қарсы, Ғұзарға қашып барып, көп сарттың бірі болып, затын жасырып жүріпті. Сол Сүйеніш ханның бір баласы он екі жасар Абылай екен, шын аты Әбуәлмансұр. Жас та болса саналы Абылай: «Өз қорлықтан сарт қорлық, сарт қорлықтан жат қорлық» деп, Қарсы, Ғұзардан жаяу қашып шығып, Түркістандағы тұқымдасы Әбумәмбет деген кісіге қызметкер болып тұрыпты. Онан қорланып, үйсін Төле бидің түйесін бағады. Мұнда да бой тоқтатып тұра алмай, Сарыарқаға келіп, атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағыпты. Төре баласымын деуге арланып, затым «сарт», атым «Сабалақ» дейді екен. Бір жерге де тұрақтай алмай жүрген шағында Абыайдың жасы жиырмаға жетеді. Сол кезде қазақтың жылқысын көтере қара қалмақ Қатай Сыбан деген жау алады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақ ұғлы Жәнібек, Көкжарлы Көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа болып, «Алаш!» деп ұран шақырып қалмаққа атанады. Неше күн жатып, қалмақтардан жылқыларын айыра алмай, өз жылқыларын өздеріне қайтара алмай, еліне қайтпақшы болады батырлар. Абылай да осы батырлармен жылқыларды қайтаруға келген екен. Қазақтың қайтарына көзі жетіп, топтан бөлініп, қалмақтың қамалына «Абылай! Абылай!» деп жалғыз өзі кіреді. Атқан оқ, шапқан қылыштан аман қалып, жылқыларын ойдағыдай қайтарып келе жатқанда, қалған қазақ батырлары да қайраттанып қосыла шабады. Осылайша олжалы оралғаннан соң, найманның батырлары, барлығымыз жабылып жүріп кіре алмаған қалмақ қамалына, мына заты-тегі белгісіз баланың аруағы күшті болып, жауымыздан кек әперді. «Қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой» деген, кел, осыны хан көтерелік» деп, «Ау!» десіп, Есенаман байдың іргесіне алып кетіп, ақ отау көтеріп атығай, қарауылдан алты қатын алып беріп, хан көтерген екен. Бұдан кейін мақалада Абылайдың жасы ұлғайған сәттеріндегі жасаған жорықтары баяндалып, түрлі елдердегі басынан өткізген оқиғалары айтылады.Сондай бір жорықтардың бірінде Абылай Ташкентте үш ай жатып, Арқаға қайтуға бел байлайды. Мұны Шымкенттегі Ғабдолрахман сарт естіп, Абылайға іштерінен кек сақтап жүрген көрші шаһарлардағы сарттарға хабар беріп, Абылай ханды қоршап алады. Дулат елі сартпен соғысып жарытпапты. Ханның қасындағы төлеңгіттерінің көбі де қырылып қалады. Сонда Абылай хан Арыс жерінің бір төбесіне шығып: «Қайран Орта жүз бенен Кіші жүздің батырлары қасымда болса, бұл қорлықты көрмес едім- ау!» - деп өкініп қалады. Сол күні Арыстың бойында ғаламат аты шыққан Абылай хан бір қорғанға түсіп, ауырмай- сырқамай 68 жасында опат болған. Найзадан тең жасап, сүйегін Түркістан шаһарына әкеліп қойыпты. Абылай ханның он жеті қатыны, отыз ұлы болған. Кенесары, Абайділда секілді қазақ үшін күш жұмсаған батыр ұлдары өз қаманында көп ерлік еткен. Ғұбайдолла Шыңғысханов, Сұлтанғазы Уәлиханов, Төре Абылайханов секілді шөберелері де жұртына басшылық етіп, еліне пайдасын тигізген. «Абылай хан» атты Міржақыптың осы мақаласы өз кезінде елімізді билеп, халқымызды- жерімізді жаулардан қорғаған хан Абылай өмірінен қызықты әрі пайдалы мәлімет бергенін көруге болады. Сонымен қатар мақаланы оқи отырып Міржақыптың қазақ тарихы жағынан да білімі бар, хабардар адам екенін байқауға болады.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 373 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)