Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

С.Садуақасовтың «Әдебиет әңгімелері» мақаласы.

Бұл мақаланың түпнұсқасы 1927жылы "Еңбекші қазақ" газетінің 15-16 беттерінде жарияланған екен. Кейін мақала криллицамен С.Сәдуақасұлының "Таңдамалы екі томдығына" енгізіліпті. Мақаланың тақырыбының астына "Айтыс ретінде" деп нұсқау береді автор." Соңғы кезде "Еңбекші қазақ" газетіне көркем әдебиет жайлы едәуір мақалалар басылды. Меніңше,айтыс үшін уайым жеуге болмайды. Айтыс жаңа пікір,жаңа ой туғызады. Қазақ әдебиеті өзгеден өлсе де,айтыстан өлмейді. Қазақ әдебиетін сынау керек. Сынайтын уақыт жетті.Қазақ әдебиеті ақсаса,сынның көптігінен емес,дұрыс сынның жоқтығынан ақсап отыр",-деп бастайды сөздің басын.Мақаланың соңына дейін осы ойынан қайтпай көркем әдебиетті сынағанда ғана шарықтай түсетінін қайт-қайта басып айтып отырады.Қазақ зиялылары төңірегінде бұрмаланып дұрыс айтылмай жүрген ақиқаттарды халыққа жеткізу керек деген пайымдау айтады.Олар туралы жазылып жүрген зерттеулердің көбі тек оларды "байшыл,ұлтшыл"деп қана көрсеткенін,ал ол зиялыларымызға берген әділетсіз баға екенін де айта кетеді. "Мағжанды қайтсе де,жақсылайын деген ойдан аулақпын,бірақ барын бар,жоғын жоқ деу керек"деп те барынша ақиқатты жазуға шақырады.Олар туралы зерттеулердің өте аздығын,халыққа ақиқат шындықты,олар туралы барлық мәліметті халыққа сол қалпынша зерттеп жеткізуді мақсат тұтады.Ал әдеби сынға келгенде оның әлі де ақсап тұрғанын,сынау арқылы әдеби шыңға көтерілетінімізді айтады."Жүсіпбектің Қартқожағы шықты.Ләм деген кісі жоқ.Бұдан 5жыл бұрын басылған Мұхтардың "Қорғансыздың күнін",жұрттың көбісі осы күні ұмытып қалды"деп оқырмандар мен әдеби сыншыларға өкпесін айтады.Абайды анда-санда бір ауызға алып қоятынымыз туралы,ал Сұлтанмахмұт пен Бернияздың табысын зерттеп,қорытынды шығарған ешкім жоқ екенін ренішпен жазады.Оларды зерттеп,сынап әдеби сынды көтеріп жүрген әдеби сыншылардың аз екенін баса айтады."Абай-мамайынды біз білмейміз,біз естігеніміз жоқ,осы күнгіге өзіміз де жетеміз"деушілерге ашынады.Ескі мұра біз үшін әдебиеттің биік үлгісін көрсеткен туындылар,біз одан керегімізді алуымыз керек дейді автор."Еңбекші қазақта" басылған Сәбиттің "Қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ"деген пікіріне үзілді-кесілді қарсылығын білдіреді.Ол өзінің "Қазақ әдебиеті өткеннен де,қазіргі халынан да үлгі-тәжірибе ала алады.Өзінен-өзі үлгі алатын дәуірге әбден жетті.Өткенді ұмытып,өткеннің бәрін мансұқ қылып тастағанда жаңа қайдан өспекші?"деген пайымды пікірін білдіреді.Сондықтан ескіден қалған мұрадан біз ешауқытта жерімейміз,керегін аламыз,керксізі қалады дегенді айтады.Тағы да мақала барысында Бейімбет,Сәкен,Сәбит шығармашылығына бір тоқталып шығады.Жамал образы мен Мырқымбай образдарын тілге бір тиек етіп өтеді.Мақала соңын:"Қазақ әдебиетіне толық сын керек.Сынағаннан әдебиет ақсамайды,қайта сынның жоқтығынан әдебиетті тот басады.Жазушының қайрағы-сыншы.Көркем әдебиет шын өмірді жазсын. Сыртқы түрі көркем,әдемі болсын,ішкі маңызы қазақ елінің ұлт теңдігі,еңбекші табының үстемдігі болсын"деп сынның көркем әдебиет үшін маңызы зор екендігін тағы айта кетіп мақала соңын осылай аяқтап,нүктесін қояды автор.

 

Ә. Бөкейханов «Ән, өлең һәм оның құралы»

Әлхан Бөкейханов жазған бұл мақала ән, әуен, ән мен әуеннің адам өміріне қаншалықты қатыстылығы айтылады. Ән адамның бар ет тамырын, сүйек-сүйегін қозғайтын құрал деп айтып өтеді. Бұл мақалада «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші жаңа туған бала солқылдау әнімен дүниемен амандасып, жаны шығар алдында арпалысып, «а-а-а» деп ән салып қоштасатындығын айтады. Осы алғашқы әнмен ақтық әннің арасындағы уақытта барлық жан баласы бірін-бірі әнге қосып, өлеңді бір өлеңге қосарлап, іштен шерін шығарып, күйін тарқатып жүреді. Әлихан Бөкейханов өз мақаласында «ән, өлең,сыбызғы, домбыра, қобызғы- бәрі бір мағынада» болады дейді. «адам көңілдегсін алғаш сөзбен қияды: ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, қобыз ойнайды – адамның жайын, сезімін, жүрегін қозғайды» деп ойын одан әрі жалғастырады. Расымен, ән мен әуен адамның жүрегін қозғап, бусандырып, елжіретеді, көңіл пернесін дәл тауып шертеді. Бірі көңіл-күйін көтеріп,қуаныш-рахатын сыртқа білгізіп, енді бірі іштегі мұңын ән арқылы айтып, өзін жеңілдетеді, шаршағанды сергек күйге бөлейді. Бәлкім, әуеннің өзіне тән құдыреті болар?! Ән-өлең – адамның анық тілі, көпке бірдей ұғымды тіл – сезім тілі, күй тілі. Ән мен әуенді біз тек адам тұрғысынан ғана қарамауымыз керек. Бүкіл бір халықтың тілегімен астасып жататын, рухтандыратын әуендер болады. Сонымен қатар бір ұлттың, дүйім халықтың тарихынан белгі болатын кездері де болады. Соның бірі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан қалған «Елім-ай» әні:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айрылған қиын екен,

Екі көзге мөлтілдеп жас келеді.

Бұл өлең қазақтың бұрынғы қиыншылық, таршылыққа түскенін мұң қылып көрсетеді. Ә.Бөкейханов өз мақаласыда әннің биік орынды алатындығын данышпандар сөзімен дәлелдей түседі. «Гөте ән, өлең шертіп ойнау ең жоғарғы өнер десе, Шөпенгаур өлең, ән, күй қазнамыздың күші – бәрін жоғары жасап, жоғары жаратуға зор құдыретті сайман, жүрек жанына орнаған дақты сол күймен шертеді дейді. Мақала соңын Абайдың мына өлеңімен аяқтаған...

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы дей келе,

музыка деген не деген сұраққа жауап береді. Ән-өлеңді өзіндей қылып, бұлжытпай бейне дауыстан шыққандай етіп домбыра, сыбызғы, қобызға қиып салады. Бұл құралдар музыка аталынады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)