Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мағжан жұмабаев «оқжетпестің қиясында» поэмасы.

Читайте также:
  1. Ж. Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы» мақаласы
  2. Мағжан өлеңдеріндегі ұлт- азаттық идея

Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды. «Оқжетпестің қиясында» – 1923 жылы Ташкентте жарық көрген Мағжан Жұмабаевтың поэмасы. Бұл поэмада Кенесары хан туралы бір аңыз қазақ елі тағдырына байланысты үлкен тақырыпқа ұласқан.Шығарма эпикалық туынды. Қазақ халқы бодандық бұғауына көндікпеген ел. Соның дәлелі - Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Тарихта із қалдырған айтулы оқиғаны үлкен көркемдік идеяға көтеруде дәл осы туындының орны ерекше.Бұл поэмадағы басты идея - тәуелсіздік үшін күрес. Ақын өзі таңдаған ойдың айналасында тарихи деректер мен материалдарды еркін түрде пайдаланған. Мағжанның бұл поэмасында аңыз араласқан. «Оқжетпестің қиясында поэмасы» арынды шабытпен басталады: Арқада Бурабайға жер жетпейді, Алашта Кенекеме ер жетпейді, – деп, Кенесары ханды биікке көтереді.Одан әрі «Көкшеде күңіренген Кенен қайда?!» – деп Мағжан жаны Кенені іздейді. Поэманың жазылу жылдары 20-22 жылдар. Сана серпіліп, рух көтеріліп, ел деп атқа мінген күндер артта қалған, жүрекке қайғы салған жылдар. Сондықтан да өткенге қайырылады, содан жанына тыншу табады. Ақын жаңа Кенесарыны көре алмай, жалған арман, сөнген үміт зарын жырлағандай әсерде болады. Қиялы көк пен жердің арасын кезіп, өткен мен бүгін, бүгін мен ертеңнің арасын айырып, жалғасын тауып, ой түбіне жетпек болған Мағжан мен «Оқжетпестің қиясындағы» Кенесары ойы үндес. Сол себептен де ол: Құдай-ау мәңгілікке қарғамасақ, Кенедей енді неге ер тумайды?! Кене жоқ, ізін басар іні де жоқ, Дариға, жүрегімді дерт улайды,– деп күңіренеді. Кенесары ұлы күреске жетелеген ата-баба «аруағы», «Ата-пір, қасиетті қарт баба»– елдің сағы сынбас, мәңгілік ұлтпен жасар ұлы рухы. Кенесарыны туғызған сол ұлы рух тағы сондай ұл берері ақиқат. Мақсатыңа жетпей мерт бола қалсаң, мен сол замат тасқа айналамын да Алашта тағы сендей ер тууын күтемін дейді қарт баба. Қара тасқа айналған, мәңгілік қалғымас рух ескерткіш– күресшіл ел қайсарлығының киелі белгісі. Кенесарыны ел тәуелсіздігі жорығына бастаған «аруақтың», бүгін болмаса да бір заманда қайта оралуына сенеді. Аңыздан шындыққа тұғыр болар арқауды осылай табады.Поэма бойында ақын Кенесарыны жолбарысқа теңейді. Арада талай заман өтіп, елдің, жердің сәні кетіп, Кенедей жолбарыстар жортатын даланы доңыздар мекен қылғанын айтып ақын бір күңіренеді де, ұлы үмітін үзбей, Оқжетпестің қиясында тасқа айналған қарттың тапжылмай Кенедей ер тууын күттіреді. Ел арысы Кенесарының Оқжетпес қиясында ойға беріліп, аруақпен сырласып нық шешімге келгені жайлы шындығынан аңызы басым бір сәттік оқиғадан ақын биікті шарлаған іргелі ой туғызады. Ұрпақ жүрегіне от жағып, санаға сәуле құяды.Мағжан поэзиясының жоғары идеялығы, отаншылдық, ұлттық рухқа толы болуы, өлеңдерінің ерекше бейнелілік, көркемдік формасы, жаңашылдығы заманынан басы озық, ілгері кеткен ақын екендігін көрсетеді.

«Қазақ» газетінде Алаш зиялыларының еңбектерінің жариялануы.

Қазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше рөл атқарған «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласында шықты. Бұл газет қазақ зиялыларының 1905 жылдан басталған күресіне адалдығын сақтаған, қазақ халқының ұлттық тұтастығын, ел мен жер бірлігін жақтаған, сол арқылы бостандық жолындағы күрестен айнымаған басылым болды. Газет саяси орган болумен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистикасының дамуындағы үлкен бір биік белес болды. «Қазақ»– ұлт-азаттығы мен мәдени-ағарту жолында салиқалы қызмет атқарған, тұшымды ой, татымды пікірлерге жол басшы болған, саяси үні батыл басылым. «Қазақ» газетінде қазақ зиялыларының мақалалары, еңбектері басылып отырды. Соның ішінде А.Байтұрсыновтың, көбне бүркеншік атпен берілген Ә. Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың түрлі тақырыптағы мақалалары, Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері «Қазақ» газеті арқылы халқымен қауышып отырды. Мағжанның «Төбет», «Орамал», «Көңіл», «Жолда», Міржақып Дулатұлының «Қарақс һәм адам»т.б. өлеңдері, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», «қыр баласы» атымен Әлихан Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман-Мамыр» сын-мақалалары және «Жұмыртқадай бидай», «Хамелеон», «От», «Ешкітау» т.б. аудармалары, М.Дулатұлының «Әбубәкір Ахметжанұғлы Диваев», «Оян, қазақ!», «Абай», «Шоқан Шыңғысұғлы Уалихан» т.б мақалалары жарық көрді.Міржақып Дулатұлының «Әбубәкір Ахметжанұғлы Диваев» деп аталатын мақаласы қазақ халқының тарихын, мәдениетін, рәсімі мен әдебиетін – жалпы халық тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізуде маңызды еңбек еткен Әбубәкір Диваевтың қызмет өтіліне 25 жыл толуына байланысты жазылған. Бұл мақалада Ә.Диваевтың қазақ этнографиясын сіңірген еңбегін дәріптеп, еңбектерін атап өткен. М.Дулатов Ә.Диваевтың еңбектерн: ертегі хикаялар, мысалдар, тарихи қағаздар деп топтастырған.Әлихан Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жариялаған «Қалқаман-Мамыр» деген атпен басылған сын мақаласында Шәкәрім Құдайбердиевтің ақындығын мойындай отырып, дегенмен де аталмыш шығармада ақынның жіберген кейбір олқылықтарын сөз етеді. Шығармада Шәкәрім қазақ халқының салты, әдет-ғұрпы, іс-әрекеті аз бейнеленгенін, кейбір тарихи шындықтан алыс сюжеттердің, бұрмаланған рәсімдердің барлығын айтады. А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» атты мақаласында басында Абайдың ақындығын дұрыс тани білмегендігін, оқығаннан кейін басқа ақындардан даралығын, ерекшелігін, биіктігін көріп, бағалағанын айтады. Әрі қарай Абайдың өскен ортасы, арғы тегі, оқыған, жүрген жері туралы, ақындығы туралы сөз қозғайды. Абай өлеңдерін қалың қазаққа насихаттау, таныстыру керек деп тауып, өрнекті сөздерін газетаға басып шығармақ екендігін айтады. Абайдың «Өлең– сөздің патшасы», «Аттың сыны» сияқты өлеңдеріне тоқталып, бүгінде «Ұлы Абай» деген ардақты атқа ие болған ақынға «Қазақтың бас ақыны» деген атақ береді. «Қазақ» газетінде Алаш қайраткерлерінің халық даналарын дәріптейтін, шығармаларын жұртшылыққа паш ететін, өлеңдерімен халық жүрегін тебірентетін еңбектерімен қатар басым орын алатын өз уақытындағы халық тұрмысынан, саяси-әлеуметтік жағдайдан хабар беретін маңызды да мәселелі мақалалар жарық көріп отырған.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1120 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)