Читайте также: |
|
Міржақып Дулатов шығармаларының тырнақалдысы – «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы. Осы алғашқы туындысының өзінен- ақ ақынның мақсаты мен беталысы айқын көрінеді. Кітапқа эпиграф ретінде берілген төрт жол өлеңге қаншалықты мән- мағына сыйып кеткен десеңізші!.. Сол тұстағы қазақ халқын құрсап алған төрт қасірет түгел көз алдыңа келіп, отаршылдық зардабын нақты сезінгендей боласың.
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлар, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Осы төрт жолдан ақынның азаматтық, ақындық тұлғасы танылғандай. Елі әлгіндей күйде болғанда, ақын жүрегі қалай шерленбей тұра алсын. Елін өлеңмен оятуға ұмтылған ақын негізгі түйінді мәселелерді нақты айқындап, назар салар тұсты дәл меңзейді. Осы төрт қасіреттен туындайтын зар- мұң бүкіл кітаптың өнбойына өзек болуы да сондықтан. ХХ ғасырдың басында жарық көрген «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы мазмұны мен идесы жағынан азаттықты аңсаған Міржақыптың ойын дөп басып көрсетеді. «Сөз басы» атты бөлімінің қорытындысын Міржақып Дулатов былайша аяқтайды: «Һәркім өз қолында барына жомарт болғаны секілді, мен де өз мағлұматымша бишара халқымызға файда келтірмек әмлһила (тілемеген) үшбу (осы) рисәләні (шығарма, кітапша) жаздым».
«Қазақ жерлері» атты өлеңінде мынадай жолдармен бастайды:
Мың жеті жүз отыз бір сәнасында,
Біз кірдік Руссияның фанасына.
Һүнерсіз бостығымыз көрінген соң,
Қызықпас кім қазақтың баласына?
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз,
Қазналық, - деді, - жердің һәммасін да.
Тарылып жылдан- жылға жер- суымыз,
Мұжықтың кетті бәрі қаласына.
Ресей жеріне қосылған сәттен бастап мұжықтардың қазақтарға көрсеткен зорлық- зомбылықтарын, орыстардың кесірінен қазақтар көрген қиындықтарды Міржақып осылайша жер мәселесі арқылы- ақ баяндайды. «Темірді қызуында соқпай қалып, Нәсіліңнің көз жасына қаласың ба?» деп жерлерін тартып алып жатқанда шарасыз болып қалған қазақтарға «келер ұрпаққа қалдырар түгіміз жоқ» дегендей ой тастап, оларды кеше мен бүгін, ертең үшін күресуге шақырады. «Бақытсыз Жамал» - қазақ әдебиетінің тарихында алғаш жазылған роман. Бұл роман да азаттықты баяндаған өз алдына дербес шығармалардың бірі. Әйел басының азаттығы, әйелдердің ерлермен бірдей теңдігі болуын қалайтынын ашық жазған бұл туынды өз заманын да да, бүгінде де өз мағынасын жойа қойған жоқ, қазақ романдарының ішінде алар орны ерекше. «Жастарға» деген 4 жолдық өлеңінде Міржақып қазақ жастарынан үлкен үміт күтетінін, жастардың халыққа басшы болуын талап етеді.
Халыққа, жастар, басшы бол!
Қараңғыда жетектеп.
Терең судан өтер ме,
Мың қойды серке бастамай?
Мың қойды бастаған серкедей қазақ жастарынан үміт күтіп, өлеңінің соңында айтар ойын осы теңеумен аяқтайды. «Жас қазақтар, қайдасың?» атты өлеңінде Міржақып Дулатов жастарды жасқаншақ болмауға, ел алдында «азаттық» деп бұлбұл құсша сайрауға шақырады:
Кешегі дұшман қаһарлы,
Ертең қор боп жай қалсын.
Ұраныңды шығармай,
Жас қазақтар, қайдасың?
Сол күні қаһарлы болып қауіп төндірген дұшмандар, болашақта қор болып қалуын арман етіп, жастарға өз ойын ашық айтады.Осы секілді халқын, жұртын, елін оятуға ниеттеп жазған Міржақып Дулатов өлеңдері саны жағынан де, сапасы жағынан де аз емес. Сондай өлеңдерінің бірі – «Елім- ай!». «Ем таба алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың өзегімді өртеген» деган жолдарымен- ақ таныс бұл өлеңде өткеннің қызық күндері сағым болып, көрпеден бас көтермейтін халқына деген көңілінің толмайтынын айтады:
Түзелесің қашан, жұртым, оңалып?
Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалып?
Қайтер едің өткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім- ай?!
Осы тәрізді азаттықты жырлайтын Міржақып ақынның өлеңдері толассыз. Ең бастысы – осы өлеңдерін жеткізу барысында ақынның өзіне қояр талабы да зор. Отаршылдық торына шырмаланған ұлтын азаттықтың ақ жолына салу үшін, алдымен, өз бағаңды білу қажеттігін әрдайым туындыларында естен шығармауға тырысқан. Ресей отарындағы жұртты жарға итермей, жарыққа шығар сәулені көрсету үшін өз бойыңда нұрлы сәуленің шуағы мол болғаны жөндігін айта келіп, жастардың, халқының қалың ұйқыдан оянып, елін-жерін азат етуді талап етеді.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1673 | Нарушение авторских прав