Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биліктің легитимді типтері:дәстүрлі,харизматикалық және ұтымды жариялы.

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Саяси биліктің легитидігі жөнінде ғалымдар ерте заманнан бастап-ақ

әртүрлі пікірлер айтып, тұжырымдамалар жасаған.Солардың негізгілеріне тоқтала кетейік.

Конфуций легитимді билік өз халқына қайырымды билік түрі екеніне,

халықтың сенімінсіз мемлекет өмір сүре алмайтынына назар аударады. Ол

мемлекет басқаруда халыққа қатаң жаза қолдану мен қатаң билік жүргізуге

қарсы шығып, алдымен халықты ашықтырмау, оқыту және адамгершілікке

баулу қажеттігін айтады. Ел басқарушы қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеті

мен құқығын жүзеге асыруына жағдай жасауы керектігін және әрбір жеке адам

қоғамда өз міндетін атқаруға тиіс екенін ескертеді.

Конфуций қоғамдағы тәртіп пен адамгершілікті маңызды санап,

мемлекет қызметкерлерінің ролін жоғары бағалайды. Оның пікірінше, билік

иелері – билік жүргізу құқына адамгершілік, білімділік, тәртіптілік, халыққа

қайырымдылық қасиеттері арқылы жетуі тиіс.51

Платонның пікірінше, легитимді билік, ол халық қалайтын, таңдап

алатын билік - дана философтар басқарған мемлекет, себебі ақиқат білімді

меңгеру сол таңдаулы адамдардың қолында.

Ол мемлекетті басқарудың тимократия, олигархия, тирания түрлеріне

қарсы, тіпті демократияны да қаламайды, себебі билікті қоғамның шағын тобы

иемденіп кетуі мүмкін деп есептейді

Аристотель биліктің легитимділігін төмендегідегі принциптер арқылы

анықтайды, олар:

1) аристократия – қайырымдылық

2) олигархия - байлық

3) демократия – еркіндік

Оның ойынша, легитимді билік - полития, себебі ол осы үш принципті

қамтиды. Легитимді емес билік үстемдігінен арылу жолын мемлекттегі орташа таптың қалыптасып, дамуымен түсіндіреді.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер легитимді үстемдіктің (саяси

биліктің) үш түрін айқындайды: дәстүрлік, харизматикалық, ашық (жария).

Біріншісі, дәстүрлік үстемдік. Бұл билік киелі дәстүрге (сенімге)

негізделеді. Сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден 53

бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы, халық

хандықты, патшалықты дәстүрлі түрде мойындаған. Қоғамдағы әртүрлі

дағдарыстар үшін нақтылы ханды, патшаны ғана кінәлағанмен, ал патшалық,

хандық оған кінәлі деп есептелмеген.

Легитимді үстемдіктің екінші түрі – харизматикалық. Харизма – ерекше

дарынды, ақылды, батыр және басқа да үлгілі қасиеттері бар адам. Ондай

адамның билік жүргізуін қоғам толық мойындайды. Халық тек ғана сол

басшыға бағынып, соған ғана сеніп, оны көсем дәрежесіне көтеруге дейін

барады.

М.Вебердің ойынша, құқықтық мемлекет негізделетін легитимді

үстемдіктің үшінші түрі-- ашық, жария үстемдік. Қоғамға үстемдік етуші

адам емес, заң болуы тиісті; ал ашық, жариялылық билік демократиялық

талаптарға сәйкес келетіні белгілі. Демократиялық жағдайда мемлекеттік

биліктің легитимді болуы үшін мынадай екі шарт қажет:

- билік халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне

қарай орнатылуы. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде

белгілі бір мезгілге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға

мүмкіндіктің болуы тиіс;

- мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы

керек.

Идеология.

идеология жеке мүддені қолпаштайтын белгілі бір жүйеге келтіріліп, өңделген көзқарастардың жинтығы болып табылады. Мұндай жүйелерді арнай идеологиялық қызметкерлер жасайды.

Көп партиялық қоғамда айқын анық бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан мемлекеттік идеология жоғары тұрады. Мемлекеттік идеология – бүгінгі күнде үкіметті қолында ұстап отырған партияның идеологиясы.

Унитарлық мемлекетте жалыз ресми идеология болады. Ал басқа идеологиялар болса олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік идеология міндетті, оның идеялары, қағидалары, ұрандары жұттың барлығы бұлжытпай орындайтын заңға айналады. Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік идеология екі дәрежеде кездесуі мүмкін. Мысалы, нацистік Германияда мемлекеттік идеология, біріншіден, халық бұқарасына бір талап қойса, екіншіден, элита, ел басшыларына басқа міндет жүктейді. Ал И.В.Сталиннің диктатурасы кезінде біздің елде мемлекеттік идеология қарапайым халық пен басшылардың барлығына бірдей ортақ міндет жүктеді.

Сонымен идеология адамдарды саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт таразысынан өткен тәсілі, әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыру механизмі.

Осы тұста бір-екі жанама мәселерге назар аударған жөн. Оның бірі – түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік, қуыс (вакуум) пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады.

Қарсы пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың дәлелі ретінде – империялық идеологияның «қазасын», оның өзімен бірге ала кеткен идеологиялық мекемелерін уәж етеді. Идеологияны тек оны ұйымдастырушы, жүргізуші аппараттың қызметінде бағыныштылық жағдайда қоюға бола ма? Жаңа құрылып жатқан идеологиялық бөлім қызметкерлері де әлсін-әлсін сездіріп қалады: міне, енді Президент те түсінді, әкімшіліктерде мойындай бастады, сондықтан ішкі саясат бөлімдері құрылды – идеологияның негізгі нұсқасы салынды, идеологиялық жұмысқа жағдай туа бастады. Осы дәлелдеме де қаншалықты өзін ақтар екен? Бір-ақ мысал келтіре кетелік, коммунистік партияның түкірігі жерге түспей, бір жақты моноидеологияның «патшасы» болып, бір орталықтан өзі пішіп, өзі шешіп тұрғанда да жергілікті идеологияны басқарған төрайымдар мен төрағалар арнайы мәжілістер мен жиналыстар, насихатшылар, лекторламен кездесулер төрінің тұрақты «құрметті қонақтары» болғанымен, басым көпшілігі аузын бір ашпастан, идеологиялық иісін де ажыратпастан, қоғамнан өткені ақиқат емес пе? Бүгін де кейбір мәдени-рухани құбылыстар сол өткен кезеңдер ұқсастығын сездіреді. Осындайда «… кешегі идеялық басыбайлылық пен идеократиялық үстемділікті қайта тірілтіп аламаймыз ба деген қауіп басым түсіп жатады». («Егемен Қазақстан», 16 қараша 1993 жыл).

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының өзіне тән мемлекеттік идеологиясын қалыптастыру, оны бұқара арасында жаю, сол арқылы қазақ қауымын, қала берді елімізді мекендеуші ұлт пен ұлыстарды ортақ іске мемлекетті нығайту ісіне жұмылдыру үлкен жұмысқа айналып отыр.

Кешегі коммунистік идеологиядан мезі болған Ресей жұрты ешқандай да идеологияның қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін адам құқығын сақтауға бағыттап, белгілі бір реттеушілік қызметтерді атқарумен шектеу керек деп жатқанда, біз Қазақтанда өз идеологиямызды қалыптастыруды қолға алғанымыз қалай деген заңды сұрақ көкейге оралары сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылықтардан – еліміздің демографиялық, геосаяси ерекшеліктерінен – туындап отыр. Ұлтаралық келісім, олардың белгілі бір дүниетанымдық идеялар төңірегінде топтасуы – біздің мемлекетіміздің негізгі кепілі.

Тәуелсіздік жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты еліне, бай да кең байтақ жеріне, басқа да ерекшеліктеріне орай және демокартиялық жолымен тез дамуды көздеп отырған Қазақстан Республикасы болса, дәеп қазір өз мақсатына қызмет ететін идеологияны керек етіп отырғаны күмәнсіз.

Бұл орайда Назарбаевтың өз сөзімен келтірсек, — қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу, мұның өзі мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде идеология сияқты ерекше, салада, тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Бүгінгі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмаса керек.

Қазақстандағы жаңа идеологияның бағдарлары. Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өпелі кезеңде тұрағндығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек, теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін.

62.Саяси мәдениет тұжырымдамасы. Бүгінде қоғамның өркениеттілігі туралы тезис көпшілік мақұлдаған тезиске айналды. Олай болса,өркениеттіліктің басты критерийлерінің бірі нақты бір елдегі, сол қоғамдағы саяси мәдениеттің деңгейі болып табылады.Саяси мәдениет – жалпы адамзаттық мәдиениеттің бір бөлігі. «Культура –мәдениет» сөзі латын тілінен аударғанда топырақты өңдеу дегенді білдіреді. Мәдениет – бұл материалдық және рухани өндіріс процесінде адам қолымен жасалған құндылықтардың жүйесі, онсыз адам қоғамдық тіршілік иесі ретінде дами алмайды. Оның адамдық қасиеті адамның тілді меңгеруінің, қоғамда бар құндылықтарға, дәстүрлерге үйренуінің, сол мәдениетке тән қызметтің тәсілдеріне, дағдыларына ие болудың нәтижесі болып саналады. Бүгінде барынша кең таралған түрде мәдениет деп адам мен қоғамның қайта жаңару қызметінің барлық түрлері, сондай-ақ осы қызметтің нәтижесі түсіндіріледі.Рухани және материалдық мәдениет болып ажыратылады.Саясаттың мағынасы билікті іске асыру және қайта өзгертуден тұрады. Ал мәдениеттің мағынасы адамды іске асыру және қайта өзгертуде. Саясатқа деген адамдардың қарым-қатынасы саяси мәдениет ұғымына сай шындық болып табылады.Саяси мәдениет – адамзат мәдениетінің бір саласы. Саяси мәдениет –қоғам ұсынған кешен, саяси саладағы сана мен іс-әрекетін анықтаушы оның менталитеті. Сондықтан оны зерттеп білу ең алдымен қоғамның саяси өмірінде қалыптасатын және жұмыс істейтін мәдени құбылыстарды ғана түсіндірумен шектелген. «Саяси мәдениет» ұғымын бірінші рет 1956 жылы Г. Алмонд айналымға енгізген болатын. Атап айтқанда, баспасөзде оның 40-тан аса анықтамалары аталды. Әрбір жаңа жарияланым оны соншалықты анықтай түскен жоқ, қайта жаңа күдікті тудырды. «Егер біз саяси жүйеде бір нәрсені түсінбейтін болсақ, онда оны мәдениет деп атаймыз» деген ащы афоризмді жиі естуге тура келді. Саяси мәдениет – бұл адамның саясатқа араласуы және оның қызметінің оған енуі жүзеге асырылатын құралдардың, жолдардың, модельдердің 54 жиынтығы. Адамның саяси мәдениетінің деңгейіне оның саясатқа деген қарым-қатынасы байланысты болады. Саяси мәдениет қоғамның саяси жүйесінде аса маңызды орындардың бірін алады. Саяси мәдениеттің деңгейіне кез келген саяси жүйенің беріктігі, тұрақтылығы байланысты болады.Көптеген адамдар бұл терминнен мүлдем бас тарту немесе оны шектеу керек деп санайды. Алайда жарияланымдардың ағымы күннен-күнге өсіп келеді. Бұл дегеніміз проблеманың айырықша маңыздылығын білдіреді. Мәселе сонда, бірде-бір саяси режим өзіне бағынышты халықтың оған деген қатынасын жоққа шығара алмайды. Тіпті Ж. Руссо: «күш жеткілікті күшті емес, себебі ол күшті құқыққа, а бағынуды – парызға айналдыра алмаған»,-деп атап айтқан. Ал адамдардың саясатқа деген қарым-қатынасы бұл «саяси мәдениет» ұғымына сай шындық болып табылады.Саяси мәдениет адамның және қоғамның саяси құндылықтар жүйесіне деген қатынасын және барлық бұл құндылықтардың адамның өзіне дегенқатынасын қалыптастырады. Саяси мәдениеттің нақты алып жүрушілері болады, олар: жеке адам, халық, ұлт, ұжым, топ.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 523 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)