Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық қатынастар жүиесі

Читайте также:
  1. Банкаралық корреспондеттік қатынастардың жүзеге асырылуы
  2. Жанұялық құқықтық қатынастар.
  3. Лемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
  4. Лттық және халықаралық стандарттардың айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз
  5. Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
  6. Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік

Дүниежүзілік саясат ұғымы. Халықаралық қатынастар жүйесі. Саяси, экономикалық, идеологиялық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени және басқа да байланыстар мен халықаралық қатынастар субъектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығы ретінде.Халықаралық қатынастар субъектілері (мемлекет, халықаралық ұйымдар) Халықаралық қатынастардағы қажеттіліктер мен мүдделер, нормалар мен құндылықтар. Геосаясат.

Халықаралық саяси институттар, олардың түрлері, мақсаттары және өмір сүру ерекшеліктері. Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлерісалдары, алдын алу және шешу тәсілдері.

ҚР сыртқы саясаты, оның көп бағыттылық сипаты.

Бұл тақырьпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар — сыртқы саясат, халықаралықсаясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық, Жалпы, бұл ұғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар.

Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халақаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейдежүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық,әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады

Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметгік топтар мен жеке адамдар жөне т.б. мемлекетгік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халыкаралық қатынастарда сыртқы және халыкаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және ха-лықаралык саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты Солардың ішінде ең бастысы — мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жоғары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазына-сын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қаңдай артта калған ел болмасын қазір ха-лықтардьщ сана-сезімі өскен, ез басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күңде де қолына тусіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады.Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі,және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Буған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті.

 

57.Жүсіп Баласағұни, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің

козқарастары.

Жүсіп Баласағұн. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық "Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аудармажасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

"Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді.

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".

Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің

тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси-әлеуметтік

ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.

Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен, - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.

Қорқыт ата. Оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған «Қорқыт ата кітабы» сюжеті жа­ғы­нан қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгісі санатындағы «Алпамыс», «Бозжігіт», «Құла­мерген», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Мұңлық – Зарлық» дастандарымен мейлінше үндес, ерекше сарындас.
Сонымен қатар Қорқыт атаның «Тәкап­пар­лықты тәңір сүймес», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас», «Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас», «Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Жа­па­лақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс біз болмас. Ежелгі дұшпан дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Қара болат өз қылышыңды шал­майынша, жаудың тауаны қайтпас. Ер ма­лын қимайынша, аты шықпас. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. Ұл атадан көр­мейінше, сапар шекпес», «Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі», «Құлан құдық­қа құласа, құрбақа құлағында ойнайды», «Көңілі пасық ерде дәулет болмас», «Ұлы – атаның ері, екі көзінің бірі», «Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар. Ұл­дың күні қараң, ата өліп, мал қалмаса. Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса» деген сыңайлас нақылдары қазақтың ғибратты сөздерінде де кеңінен кездеседі. Бұл абыз Қорқыттың өзі де, оның рухани бай мұрасы да қазақ халқының, әдебиеті мен мәдениетінің бастапқы қайнары, төл мұрасы екендігін сөзсіз айғақтайды.
Осы орайдағы тағы бір мәселе, қазақ­тың музыкалық мұрасы санатында Қор­қыт­­тан жеткен 11 күй бар. Бір айта кетерлі­гі, бұл Қорқыт мұрасын ортақ мұра са­­най­тын әзірбайжанда да, түрікте де, түрікменде де жоқ, яғни Қорқыт күйлері – тек қазаққа ғана тән өлшеусіз байлық. Демек, Қорқытты қазақ музыкасының ата­сы деп санауға толық негіз бар. Өкінішке қарай, П.Момынұлының «Қазақ музыка­сы­ның қысқаша тарихы» мен бес адамнан тұратын авторлық ұжым шығарған «Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы» кітабының екеуінде де Қорқыттың ескерілмегенін байқаймыз. П.Момынұлы қазақ музыкасы­ның атасы ретінде Әбу Насыр әл-Фарабиді атайды. Бірақ әл-Фарабиден музыка теориясы жөніндегі еңбектердің жеткендігі болмаса, мұра есебіндегі нақты шығарма қалмағаны белгілі. Осы ретте «Қорқыт», «Аққу», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Әупбай», «Башпай» іспетті ғажап күйлері қалған «қобыз атасын» қазақ музыкасының негізін салушы ретінде тани алмай жүрге­німіз өкінішті.
Фольклортанушы Ш.Ыбыраев Қорқыт­тың музыкаға ерекше міндет жүктегендігін айтады. Дана абыз күй тарту арқылы тың­дау­шысына эстетикалық ләззат беруді ғана көздемеген, өнер арқылы өмір­дің мәнін іздеген және «музыка, жалпы өнер арқылы кез келген нәрсеге әсер етуге, барлығын жеңуге болады» деп білген. Аңызға жүгін­сек, жүздеген жылдар бойы күй тартып отырған кезінде Қорқытты ажал ала ал­майды, яғни мәңгілік жасай­тын, өлімге де бас имейтін құдірет – тек өнер ғана. Соған байланысты Қорқыт өнер­ге киелі сипат берген. Адамның тәні өткінші болғанымен, оның жаны, рухы, артында қалған істері мәңгі жасайтынды­ғын ұғындыра білген.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 484 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)