Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жанұялық құқықтық қатынастар.

 

Барлығымызға белгілі неке–отбасылық қатынастар саласы толығымен емес, тек қана бір бөлігі халықаралық жеке құқықтың реттеу объектісі болып табылады. Себебі неке– отбасылық қатынастар тек қана азаматтық–құқықтық түп негізін ғана емес, сонымен қатар әкімшілік – құқықтық жаратылысына ие. Ал қазіргі таңда халықаралық жеке құқықтың объектісі болып тек азаматтық– құқықтық қатынастар ғана табылады деген ұстаным халықаралық жеке құқықта басым болып келеді. Осыған орай азаматтық – құқықтық қатынастарды шегінен тыс шығатын қатынастар халықаралық жеке құқық нормаларымен реттелмейді, яғни өзге құқықтық нормалармен реттеледі. Осы қатаныстар ретіне: азаматтық күйді мемлекеттік актілерін тіркеу тәртібін, осыған ұқсас қатынастарды және мемлекеттік тіркеу кітаптарын сақтау мерзімі мен тәртібін жатқызуға болады. Бұл қатынастар азаматтық–құқықтық сипаттамаға ие және тек қана ұлттық құқықтың нормаларымен реттеледі. Бірақ осыған қарамастан бұл қатынастар дәстүрлі түрде отбасы құқығының сұрақтарын қарастырғанда қолданылады.

Сонымен, халықаралық жеке құқық тек қана азаматтық–құқықтық түп негізге ие неке–отбасылық саласындағы қатынастарды реттейді. Бірден отбасылық құқықта айқын дифференциация институтының азаматтық–құқықтық және жеке құқықтық негіздерінің болмауына назар аудару тиіс. Жеке және жария, қолайлы және неке–отбасылық қатынастар сипаттамсы арқылы құқықта қатынастарды бөлу критерийларын көрсетуге болады. Жеке құқықтық немес азаматтық – құқықтық қатынастарды ерекшелеу сипатында келесі критерийларды: мүліктік немесе жеке мүліктік сипатка ие болуы, диспозитивтілік, тараптардың теңдігі негізге алынады. Кез келген неке–отбасылық қатынастар бұл критерийларды қанағантандырған кезде ғана халықаралық жеке құқықтың обектісі ретінде сөз жүргізуге болады. Азаматтық–құқықтық сипаттың бар болуынан басқа бұл қатынастарды халықаралық деп мінездеуге үшін мүмкіндік беретін шетел элементімен күрделенуі тиіс.

Халықаралық жеке құқықтағы неке–отбасылық қатынастар деп отбасы қатынастарына және шетел элементімен күрделенген мүліктік және мүліктік емес қатынастарға негізделген қатынастарды айтамыз.

Неке–отбасы қатынастар некеге тұру және некені бұзу, некені жарамсыз деп тану, ерлі–зайыптылар мүлкінің режимін анықтау,

алименттік міндеттер, бала асырап алу, камкоршылыққа және корғаншылыққа алу сұрақтар мен мәселелерді қарастырады және бұл қатынастар халықаралық сипатқа ие болуы тиіс. Бұл ретте халықаралық сипат шетел азаматтары Қазақстан Республикасының территориясында некеге тұрғанда ғана емес айқындалады. Егер тараптары Қазақстан азаматтары болса да қатынастар халықаралық болуы мүмкін. Бұл егер қатынастар Қазақстан Республикасының террриториясына шет жерде қалыптасан жағдайда пайда болады. Мысалы, қазақстандық баланың шетел мемлекеттің территорисында тууы және сыған байланысты пайда болатын баланың мүліктік құқықтарын қорғау (көп жағдайда алиментті өндіру құқығы) қатынастары халықаралық жеке құқықтың объектісі болып саналуына әкеп соғады.

Неке – отбасылық қатынастар саласын сипаттау алдында осы қатынастарды ерекшелейтін аас маңызды беглісін, яғни әрбір мемлекеттердің өз құқықтық номаларының басымдылығын, салт – дәстүрлердің, кішіпейділік, адамгершілік қасиеттердің, моральдық және тұрмыстық нормалардың бар болуын атап көрсеткен жөн. Неке–отбасылық қатынастарды құқықтық реттеудің төңірегінде бұл қатынастарды ұлттық реттеуде аса маңызды айырмашылықтар негізінде мүліктік және құқықтық нормаларды үйлестіру қиыншылықтары бақыланып отыр. Себебі ұлттық реттеу жеке ұлттардың пайда болған шарттарына, салт дәстүрлеріне, адамгершілік және діни нормаларына шартталған. Тап осы жағдайлар отбасы құқықғындағы заттық және коллизиялық нормаларды унификациялануына бөгет болып келеді.

Коллизияны әр түрлі неке–отбасылық қатынастарда құқықтық реттеу тек әр түрлі діндердің басым болған мемлекеттерде ғана емес, сонымен қатар бірдей діни нанымы бар мемлекеттерде және бір «жанұя» құқытық жүйемен де айқындалады. Іс жүзінде отбасы құқығының барлық институтарында айырмашылықтары айқындалады, бұл ретте отбасы құқық институттарының жиынтығы көп жағдайларда ұқсас болады.

Сондай айырмашылықтар кез келген неке–отбасылық институттарында пайда болуы мүмкін. Мысалы бірде – бір некеге тұрудың талаптарын құрайтын некеге тұрудың төменгі жас шамасы әр түрлі мемлекеттерде 12-ден 21 жасқа дейін болып келеді; әр түрлі некеге тұру формасының талаптары сипатталып, мемлекеттік органдар тіркелген некелерден басқа некені шіркеулік тіркеу формасы рұқсат етілген; сонымен қатар кейбір мұсылман мемлекеттерінде полигамиялық некелерге тұру, яғни көп әйел алу мүмкіндіктері бекітілген. Қазақстандық заңнамаға келетін болсақ, жоғарыда айтылған талаптардан басқа неке және отбасы кодексінде некеге тұруға арнайы кедергі келтіретін жағдайлар көрсетілген. Олардың қатарында ата – анасынан некеге тұруға рұқсат алу талабы жоқ, бірақ Франция заңнамасында егерде некеге тұруға қалаушы тараптар 21 жас шамасы жетпейтін болса, ата – анасынан некеге тұруға рұқсатын алуы тиіс.

Заттық талаптарды орындау келешекте некені жарамды деп санауды қамтамасыз етеді және әрбір мемлекет өз азаматтарының бекітілген құқықтық нормаларды орындауды бақылайды.

Некеге тұрудың әрбір мемлекеттерде өз талаптары мен шарттардың бар болуы «ақсайтын қатынастардың» пайда болуына әкеп соғады, яғни бұл қатынастар кей мемлекеттерде заңды түрде жарамды саналса, кей мемлекеттерде бұл қатынастар жарамсыз және құқықтық салдарды туғызбайды.

Неке–отбасы саласында «ақсайтын қатынстардың» бар болуы коллизиялық қиыншылықтармен тікелей байланыс және шартталған болып келеді, және басқа цицивилистиялық салалардан қарағанда бұл қиыншылықтарды шешу өте қиынға әкеп соғады. Дегенмен мемлекеттер отбасы құқығындағы кейбір жеке институттарды бір жүйеге келтіруге талпынды және талпынады. Мұндай талпыныстардың бірі болып 1902–1905 жж. аралығында Гаагада қабылданған: некеге тұру, некенің бұзу және ерлі–зайыптыларды сот арқылы ажырастыру, ерлі–зайыптылардың арасындаға жеке және мүліктік қатынастар, кәмелетке толмағандарға камкоршылық ету мен кәмелетке толғандарға қорғаншылық ету туралы конвенцияларды санауға болады. ХХ ғасырдың басында мұндай халықаралық конвенциялардың пайла болуы аса маңызды мәнге ие болды. Мұндай унификация біркелкі реттеу үшін қол жетпес салада мемлекеттердің ымыраласу табысындағы нақты мүмкіндіктерді көрсетті. 1902-1905 жж. соңынан кейін қабылданған Гаага конвенциялар өкінішке орай кеңінде мойындау алмады. Солардың қатарына: 1956 жылғы балалар пайдасына алимент міндеттерін қолданатын заңды; 1958 жылғы балалар пайдасына алимент міндеттері туралы шешімдерді тану мен орындау туралы заңды; 1961 жылғы кәмелетке толмағандарды қорғауға қатысты юрисдикция мен қолданылатын заңы туралы; 1970 жылғы ажырасу мен сот рқылы ажырастыруды тану туралы заңды; 1973 жылғы лименттік міндеттерге қолданылатын құқықты; 1978 жылғы ерлі – зайптылардың мүлікік режимдеріне қатысы қолданылатын құқықты жатқызуға болады.

Әмбебаптық унификация халықаралық сипаттағы неке–отбасылық қатынастарды тиімді реттеуіш құралы болып табылмады. Едәуір нәтижелі болып әр түрлі континенттерде жүзеге асырылатын аймақтық унификация табылады. Солардың бірі 1928 жылы Латын Америка елдерімен қабылданған барлығымызға халаықаралық жеке құқық туралы конвенция ретінде белгілі Бустаманте Кодексі болып саналады. Ең алдымен Бустаманте Кодексі - бұл коллизиялық құқықты бір қалыпқа келтіру құралы. Осы кодексте отбасылық құқық сұрақтары арнайы бөлімдері арналған: «Неке мен ажырасу туралы», «Әкелік мен әкелікті анықтау туралы», «Әкелік билік», «Бала асырап алу», «Қамқоршылық», Эмансипация және кәмелетке толу», «Азаматтық хал актілерін тіркеу».

Отбасы құқығын унификациялау, яғни бір жүйеге келтіру ТМД–ға мүше мемлекеттер арасында 1993 жылы қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық құқықтық қатынастар мен құқықтық көмек көрсету конвенциясы немесе барлығымызға белгілі 1993 ТМД елдерінің конвенциясы арқылы жүзеге асырылды. Бустаманта Кодексі сияқты 1993 жылғы конвенциясында «Отбасылық істер» деген атты арнайы бөлімі бар. Онда құқықтық таңдау қағидалары арқылы келесі қатынастарды реттейтін бекітуші нормалары сипатталған: некеге тұрудың заттық талаптары; некені бұзу; некені жарамсыз деп тану; ерлі–зайыптылар және ата–аналар мен балалар арасындағы қатынастар; әкелікті немесе аналықты орнату не болмаса дауласу; баланы асырап алу, балаға қамқоршылық немесе қорғаншылық болуды бұзу және орнату. Бұл конвенцияда аса маңызды орын неке – отбасылық қатынастарда пайда болған дауларды қарастыратын мүше мемлекеттердің соттық мекемелердің құзыретін айқындауға берілген. Осыған орай ата – аналар мен балалар арасындағы қатынастар жөніндегі істерде қолдануға жатқызылатын заңнаманы мемлекеттік сот орындауға құзыретті;ал некені бұзу істерінде тараптар қай мемлекеттің азаматы бола отырап, некені бұзу немесе некегі тұру өтініші берілген кезде, сол мемлекеттің мекемелері құзыретті болып келеді; егер ерлі–зайыптылардың азатықтыра әр түрлы мемлекеттердікі болса, жұбайлардың тұрғылықты жеоінің мемлекеттік органдары құзыретті болып келеді.

Неке–отбасылық қатынастар саласындағы халықаралық заттық және халыаралық коллизиялық нормалардың санын санау керексіз. Отбасы құқығын унификациялау көптеген жағдайда коллизиялық номаларды жасау арқылы шектеледі. Неке–отбасылық қатынастар саласында халықаралық заттық нормалар аз қабылданған. Міндетті түрде халықаралық жария құқығындағы дәстүрлі түрде неке–отбасылық немесе онымен байланысты қатынастарды реттейтін конвенцияларына назар аудару тиіс. Мысал ретінде 1980–1990 жж. аралығында «балаларға арналған» конвенциялардың қатары қабылданған. Солардың қатарына: 1980 жылғы халықаралық балаларды ұрлау аспектілері жөніндегі конвенцияны, 1989 жылғы балалр құқығы туралы конвенцияны; 1993 жылғы балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу жөнінде қызметтестік туралы конвенцияны жатқызуға болады.

Алғашқы аталғандардың екеуі халықаралық жария құқығының «Адам құқығы» атты саласын зерттеу кезінде қарастырылады. Тағы да осы жағдай халықаралық жария және жеке қатынастардың шиеленесу арқылы халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтар конвенцияларының нақты дифференциациясы жоқ. Дәстүрлі түрде «жария» отбасы конвенцияларын талдау арқасында бұл қатынастарда жария–құқықтық нұсқаулықтарға жатқызылатын халықаралық стандарттармен қатар азаматтық қатынастарды реттейтін нормалар бар. Мысалы, 1989 жылғы бала құқығы жөніндегі конвенцияда жек мүліктік емес қатынастарға жатқызылатын нормалар бар, яғни: баланың туылған сәттен бастап атқа ие болуға бекітілген жағдай, әке–шешесін мүліктік емес білу, баланы асырап алуға арналған нормалар.

Отбасылық құқықты унификациялау 1993 жыллғы ТМД мүше мемлекеттерімен қабылданған конвенциядан тысқары 1997 жылы осы конвенцияға байланысты хаттамаға қоса Қазақстан Республикасы неке – отбасылық қатынастарды халықаралық сипатта реттейтін бөлімдері бар 20-ға шақты халықаралық шарттардың мүше мемлекеттердің бірі болып саналады.

 

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 352 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)