Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Банкаралық корреспондеттік қатынастардың жүзеге асырылуы

Читайте также:
  1. Тұлғаның өзіндік санасы, өзін-өзі анықтауы, өзін-өзі жүзеге асыруы.

Алдыңғы бөлімге жасалған талдау төлем құжаттары мен банкілік есепшоттың қажет екендігін дәлелдеп берді. Жоғары деңгейлі автоматтандырылған жаңа жүйелерде клиенттің төлем өткізу туралы нұсқауы сақталып қалады. Олар төлем құжатының дәстүрлі түсінігінде біршама үйреншікті емес электронды сипат алады. Клиенттің банкілік шоты көп жағдайда төлем жүйелерінде қолданылады. Төлемдер банкаралық байланыстырма шот арқылы жүргізіледі. Осылайша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін төлемші-банк пен алушы-банк арнайы бір банкілік есепшоттармен байланысады. Әрине бір уақытта үш банкіде бір іс-әрекетті бірден жүзеге асыру мүмкін емес, тіпті бір банкінің офисінде мұндай тірлікті жүзеге асыру сирек кездеседі. Егер әрекет бойынша есеп айырысу қолма-қол ақшасыз төлем түрінде жүзеге асатын болса, онда экономикалық субъектілер өз банкілеріне барып тұру немесе сол банкімен байланысуы керек. Бұл төлем жүргізудің уақытын созып, шарттардың орындалуын тоқтатады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қарағанада қолма-қол ақшамен есептеу жиі кездеседі. Егер шарт жасаушы субъектілердің біріне өз банкісінен қолма-қол ақша алу қажет болса, онда екінші субъект шартты кейін өткізуі керек. Мұндай жағдай есеп айырысулар мен шарттар тез жүзеге асады, банкіге қайта қайта барудың және жиі байланысып тұрудың еш қажеті болмайды. Егер төлем жүйелері өздерінің төлем қызметінде үлестерін төлемнің орташа есебінен кеңейткілері келсе, онда банк-клиент қатынасатындағы ұсталымдар мәселесін шешуі керек.Есепшот төлем жүйесінде банкіге есепшот ашу үшін ғана емес, сонымен қатар әр төлемді жүзеге асыру үшін міндетті түрде бару керек. Ол кезде электронды және телекоммуникациялық технологиялар жалпы қолдануға шықпаған болатын. Клиенттердің уақытын үнемдеп, олардың іс-әрекетін алға жылжыту үшін төлем құжаттарын алғаш өңдеуде банкілер делдал жалдайды. Уақыттарын үнемдегені үшін клиент делдалдарға комиссиялық жарна төлейді.

Банкаралық корреспонденттік қатынаста төлем нұсқаларын өткізудің қарапайым түрі – жазба авизо беру. Бұл үрдіс сонымен қатар халықаралық пошта мен курьерлік компаниялардың алғаннан кейін банк оның түпнұсқалығы мен төлем құжаты реквизиттерінің дұрыстығын тексереді. Тексерілгеннен кейін алушы-банк төлем құжатының нұсқаларына сай жұмыс істейді.

Көтерме төлем жүйесінде делдалдық қызмет пошта немесе банк қызметкерлері арқылы жүзеге асады. Төлем құжаттарын қарастырғанда делдалды қатыстыру ертедегі бөлшек төлем жүйелерінің үлгісі. Мысалы, карточка немесе чек қолданылатын карточкалық төлем жүйесінде делдалдық қызметті процессингілік немесе инкассациялық компаниялар жүзеге асырады. Телекоммуникация мен компьютер негізінде клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсету түрі пайда болды. Банкаралық хабарламалар енді телекоммуникациялар арқылы беріліп, компьютер дисплейінде көрінеді, пошталық және телеграфтық авизоны электронды авизо алмастырды. Көтерме жүйеде банкілердің кең тараған түрі клиент-банк, интернет-банк және телебанк болып табылады. Бөлшек карточкалық төлемдер жүйесінде клиенттің банкіге баруы бұрыннан талап етілмейді. Банкоматтардың РОSрминал жүйесінің жиынтығы талап етілмейді. Банкоматтардың POS-терминал жүйесінің жиынтығы төлем нұсқауларын осындай құрылғылары бар кез келген жерде жүргізуге мүмкіндік береді. Кез келген жүйеге қатысушы банкілердің офисінде қолма-қол ақшаны карточка арқылы алуға немесе төлемді инициализациялауға болады.

Банкаралық қатынастар мен төлем жүйесінде банкілік есепшоттың қашықтықтан қызмет көрсетуі кең таралған. Көтерме жүйеде клиенттерге қызмет көрсету көп жағдайда дәстүрлі түрде жүзеге асырылады. Қашықтықтан қазмет көрсету құрылғысы төлем ұсталымдарын төмендетеді, қосымша электронды құрылғылар мен байланыс желісін, клиенттердің білімін қажет етеді. Бұл құрылығылардың қолданыста көп болған жоқ, сондықтан да технологиялар толығымен әлі шыға қоймағандықтан, нарық олардың ішіндегі ең тиімдісін әлі анықтаған жоқ.Қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысының тиімділігі анықтауға салыстырмалы сараптама жасау керек: банкаралық корреспонденцияны өткізу, көтерме жүйедегі клиент-банк пен бөлшек жүйелердің қашықтықтан қызмет көрсетуі. Аталған жүйелердің мүмкіншілітері алдын ала анықталады.

Банкаралық электрондық поштаның көрнекті мысалы ретінде Ресей банкінің электронды құжат алмастыру жүйесі мен SWIFT жүйесін келтіруге болады. 1998 ж. Ресей банкі өзінің барлық бөлімдеріндегі төлем жүйелерін электронды құжат айналымына ауыстырып бітті. Ресей банкінің төлем жүйесі арқылы барлық көтерме төлемдердің жартысынан көбі жүзеге асуда. Бұл электрондық жүйеге қатысушылар Ресейдің барлық коммерциялық банкілерінің көлем жүйесі негізінде нормативті құжаттар мен төлем құжаттарын алмастырады.

Алмастыру мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру жинағы негізінде жүзеге алады, яғни Ресей банкінің электронды құжат алмастырудағы автоматтандырылған жұмыс орны (АРМ-АЖО). АЖО Ресей банкі құжат жинаған қолданушының нұсқауларын қабылдап, АЖО-мен жұмыс істеуді коммерциялық банк қызметкерлеріне үйретеді, қауіпсіздік режимін тексеріп, қадағалайды, АЖО-ны тестілейді. АЖО коммерциялық банк қызметкеріне оның жұмысын жеңілдететін қолайлы және қызмет етуші интерфейс ұсынады. Интерфейстің негізгі атқаратын қызметі: төлем құжаттарын тізілім форматы бойынша қалыптастырады. Бұны Ресей банкінде өткізу әрі қарастыру жеңіл, электронды қолдар мен файлдарды сақтау құралын автоматты түрде жүзеге асырады.

АЖО-ң технологиялық жұмысы электрондық пошта жүйесі қағидасына негізделеді. Корреспонденцияларды алмастыру үшін мына әрекеттерді жүзеге асыру қажет: АЖО-ға міндет жүктеп, пароль енгізу, ерекше каталогқа тізілім файлын сыйдыру, электронды-цифрлы қалдық генерациясын белсенді ету, қосымша бақылау әрекетінде қосымша нақтылаулар енгізу, клавишаларды беру. Тізіліммен жұмыс істеген кезде банк қызметкері уақытты үнемдей отырып, клиентке қызмет көрсетеді. Ресей банкі бірден автоматты түрде тізілімнің мазмұны мен қолын тексереді, төлемді жүргізуге қабылданғаны немесе бас тартуы туралы автоматты түрде хабарлама береді.

Бастапқы кезде электронды алмастыруға қатысушы-банк компьютермен жабдықталған жоғары жылдамдықтағы байланыс желісін жалға алуы керек. Сонымен қатар ол Ресей банкін бағдарламамен қамтамасыз ететін қызметі үшін төлем төлеуі керек. Бағдарламамен қамтамасыз ету айтарлықтай қиындық тудырмайды. Тек қана АЖО орналасқан жерге жауапты адамдардың тобын құрып, компьютерге қосылудың ерекше режимін орнату керек. Байланыстың дстүрлі каналдарын, модельдері мен компьютерлерін қолдану коммерциялық банкілерден үлкен капитал салымдарын қажет етпейді. Барлық шығынның жалпы мөлшері 10 мың доллардан аспайды. Электронды-цифрлы қолды жасанды қолдан қорғау мақсатында ашық кілтті жүйелер қолданылады, оларды «ассиметриялық криптожүйелер» деп те атайды. Криптожүйе ашық (яғни бәріне белгілі) және жабық (құпия) бөлімдерден тұрады. Құпия кілт электронды құжатқа қол қойып, оны иесне сақтауға арналған. Ашық кілт электронды-цифрлы қолдың дұрыстығын тексеруге арналған. Бұларды қолдануға әлемдік тәжірибе мен олардың кеінен таралуы ЭЦП қолданудың сенімді екенін білдіреді. SWIFT- жүйесі әлемдік деңгейде өте жақсы танымал банк аралық пошта. 1990 жылдың бас кезінде әлемнің 67 мемлекетінен 2700 клиент күніне 1,2 млн-нан астам хабарламалар жіберген. Әлемнің барлық ірі және орташа банкілері – SWIFT-тің мүшесі. Көптеген орталық банкілері бұл жүйені өз жүйелерін жасауда негіз етіп алды. SWIFT коммерциялық емес ұйым ретінде Брюссельде орналасқан. Оның негңзңнде құрылған әлемдік-аймақтық процессингілік орталықтар Нидерланды (Еуропа үшін), Вашингтон (Солтүстік Америка үшін) Бразилия (Латын Америкасы үшін) және Токиода (Оңтүстік Шығыс Азия үшін) орналасқан. Сонымен қатар банкілері SWIFT-тің мүшесі болып табылатын әр мемлекетте процессингілік орталықтар бар. SWIFT телекоммуникациясы жүйенің банкілік мүшесінде бекітілген терминалды компьютерде орналасқан. Жіберуші-банкінің хабарламасы сол банкінің мемлекеттік процессингілік орталығына жіберіледі. Бұдан барып хабарлауды әлемдік- аймақтық орталығы арқылы алушы-банкінің орталығын әлемдік-аймақтық орталығы арқылы алушы-банкінің орталығын жетеді. SWIFT тек коммуникациялық жүйе, сондықтан SWIFT хабарламаларына сәйкес төлемдер аймақтық көтерме жүйе бойынша жүргізіледі.

Әрі банкінің халықаралық корреспонденттік жүйесінің құрамына оншақты елдің жүздеген банкісі кіреді. Олардың әрқайсысымен төлем нұсқауларын тез арада алмастырып отыру қажет. SWIFT жүйесі көптеген банкілер арасындағы горизонтальды байланысты бір ғана байланыс каналы арқылы өткізу мүмкіндік береді. SWIFT жүйесі бойынша хабарламалар кез келген қатысу банкіге бірнеше минуттың ішінде жетеді. Қарапайым хабарлама 40-30 минутта тарайды. Сонымен қатар Ресей банкінің электрондық поштасындағы сияқты SWIFT-те хабарламаларды өткізу компьютер немесе қарапайым байланыс каналы арқылы асады. SWIFT-тің кең таралуы мен оның қызмет көрсету мерзімінің ұзақтығы көптеген зерттеуші компаниялардың бағдарламалық мәселелерін шешуге, олардың арасында бәсекелестікті орнатуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда бәсекелестік клиент интерфейсін зерттеуде пайда болады. Осылайша, SWIFT жүйесі бүкіл әлем бойынша әр түрлі компаниялардың 50-шақты бағдарламалық өнімдерін сертификаттайды, соның ішінде екі ресейлік өнімдерде бар. Бәсекелестік өңдеу технологиясы мен төлем нұсқауларының дамуына үлкен әсерін тигізеді. SWIFT-ке тән бағдарламалық бәсекелестікпен қамтамасыздандыру әзірше Ресей банкінде жоқ.

Клиенттерге қашықтықтан қызмет көрсетуде ең алдымен банкімен телефон арқылы жұмыс істеуді қалыптастыру керек. Телефон мен факс электрондық пошта немесе интернет қашықтықтан қызмет көрсетуде негізгі рөлді атқарады. Банкілер, әсіресе латвиялық банкілер, ең алғаш клиенттердің төлем құжаттарын факс арқылы жіберуді қалыптастырады. Факста төлем тапсырмасындағы қол сандар түрінде беріледі. Кілт генерациясы арнайы, калькулятор сияқты құрылғыдағы алгоритм бойынша жүзеге асады. Ресейліктер үшін телефонның ең кең тараған мүмкіндігі байланыстың ұялы операторлар офисімен байланысу болып табылады. Автоматты және қашықтықтан өз есебінде толтыруға, ондағы қалдықтарды және басқа да қосымша қызметтер туралы ақпарат алуға болады. Түбегейлі қалыптасқан телебанкілік жүйеде клиент шоттағы қалдықтарды есептеу, валюта бағамы, банкінің басқа бөлімшелерінің мекен-жайы сияқты банкіге қатысты тағы басқа жеке және жалпы сипаттағы мәліметтерді ала алады. Ақпарат шағын сөйлем немесе қысқа текстік хабарлама ретінде беріледі.Телебанкіде телефонистер штаты болмайды. Онда клиенттер әр түрлі сұрақтарға алдын ала модельденген компьютер бағдарламасы арқылы жауап алады. Жүйенің жауаптары банк операциясы бағдарламасының электронды ресурсында немесе анықтамалық жүйеде сақталады. Телебанкінің бағдарламасы банкілік есептік бағдарламада автоматты түрде сұрау салады.

Жүйедегі бағытталу мен сұрауларды қалыптастыруды клиент телефон басқыштарының немесе жүйенің беретін дыбыс көмегімен жүзеге асырады. Телебанк клиенттен компьютердегі модемді немесе басқа да арнайы құрылғыны қолдануын талап етпейді. Кез келген уақытта әлемнің кез келген бұрышынан қарапайым немесе ұялы телефондар, факс немесе пейджер арқылы керекті ақпаратты алуға болады. Хабардың бірізділігі мен ЭЦП-ның түпнұсқалығы пин-кодты, әр-түрлі бір-ақ рет қолданылатын кельтерді немесе миникалькулятор сияқты генерациялау құрылғыларын қолдану арқылы жүзеге асады.Телебанк телефонды қолданудың жеңілдігі әрі жалпылығымен тиімді. Ұялы телефондар қазіргі таңда әлемнің кез келген жерінен хабарласуға тиімді. Телебанкідегі бір кемшілік – бұл телефон клавиатурасының шектеулі болуы. Осы кемшілік негізінде күрделі төлем нұсқаулары телефон арқылы жіберілмейді. Телебанк жай тұлғалар мен шағын бизнеспен айналысатын адамдарға арналған. Мысалы: телефон, коммуналдық қызмет немесе салықтар. Қашықтықтан банкілік қызмет көрсету арзан болғанымен, көрсететін қызмет аясы өте тар.

Телебанкінің перспективасы көп жағдайда интернетке ұялы телефон арқылы қосылуға тәуелді болады, бірақ бұл телебанкінің интернет-банк қызметімен қарапайым байланысу болып табылады. Телебанкіні қолдану бөлшек төлем жүйелері үшін пайдалы, ал көтерме жүйеде ол қажетті қауіпсіздік пен төлем нұсқауларын өткізуді қамтамасыз ете алмайды. Көтерме төлем жүйесі банкілік есепшотпен жұмыс істеу үшін клиент-банк жүйесін дамыту мәжбүр. Клиент-банк жүйесі төлем құжаттарының электронды бейнесін телефон желісі бойынша өткізуге негіздейді, бірақ қауіпсіздік шаралары ретінде онда құжаттардың бірізді форматтарын қою жүйесі қолданылады.

Клиент-банк жүйесінің алғашқы нұсқалары тек төлем құжаттарын өткізуге ғана негізделіп, банкілердің іс-әрекеттік бағдарламаларымен мүлдем байланыспады. Сонымен, банк қызметкерлері клиенттермен өздері телефон арқылы хабарласып, осы жүйе арқылы берілген құжаттарды өз қолдарымен өңдейді. Сондықтан да тек төлем құжатын банкіге жеткізуге ғана уақыт үнемделеді. Алғашқы нұсқалар факс арқылы жіберілген төлем тапсырыстарына ұқсас келеді. Ал қазір қолданылып жүрген нұсқалар тек төлем құжаттарын келесі банкіге өткізіп қана қоймай, сонымен қатар автоматты түрде төлем құжаттарын өңдейді. Клиенттің жұмыс орнындағы интерфейсі мен қызметі банкіде тіркеледі. Клиент дайын жұмыс орнына ие болады да, ол банкіде бухгалтерлік бағдарламалардағы деректерді және банкіден түскен хабарламаларды қарастырумен шектеледі.

Соңғы модификациялар интерфейсінде клиент-банк МS Outlook және The Bat электрондық пошталары арқылы танымал болып отыр. Клиент-банк мыналарды – клиент төлем құжаттарының сан алуан түрін құрастырып, өндіріс форматында хабарламаларды алмастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көшірмелерді әр түрлі форматта шығарып, банкіден басқа ақпарат алу мүмкіндігі де қарастырылған. Банкінің ерекше бөлімдері үшін нақты уақыт режимінде сыртқы есеп клирингілік жүйені құру қажет. Банк-клиент құрылымы бағдарламалық қамтамасыз етуді қалыптастырып, тестілеу үшін банк қызметкерлерінің клиент офисіне баруын қажет етеді. Бағдарламалық қамтамасыздандыру алғашқыда 10-нан 15-ке дейінгі Мгб-қ орынды белгілі бір компьютерге телефон желісі арқылы қосады. Ал бұл тжағдай жұмыс орнын банкіден шектеп тұрады.

Жүйені пайдаланушылар белгілі құжаттар мен сұраныстардың электронды архивін құруға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде қатысушы-банк пен оның клиенті арасында ірі төлемдерді жүзеге асырған кезде келіспеушіліктер тудыруы мүмкін. Егер архив болмаса клиенттің құқығы сақталмас еді, ал бұл жүйеге кері әсерін тигізеді. Қашықтықтан қызмет көрсету – бұл тек клиенттермен ғана емес, сонымен қатар банкінің ерекшеленген бөлімдерімен: филиалдар, бөлімдер, кассалар және ақша айырбастау пунктерімен де жұмыс істеу болып табылады.

Әрине, төлем жүргізу жылдамдығы мен тарифтері клиентке қызмет көрсету орнымен байланысты емес. Банк нақты уақыт режимінде өзінің бөлімдері арасында ішкі құжат айналымы жүйесін құруы керек. Клиент-банк жергілікті бағдарламалық өңдеулер мен банкінің сыртқы есептік жүйесін қалыптастырады. Толық автоматтандыру, төлем құжаттарын өңдеп көшіру, бұл процестерге адамдардың қатыспауы сияқты әрекеттерге интернет-банк қол жеткізіп отыр. Осылайша, интернет-банк арқылы төлем құны бар жағы 3-4 центті құрайды, ал бұл клиент-банк жүйесіндегіден 15-20 есе аз.

Клиент-банк интернет-банкіге интерфейске қаражат бөлуге, төлем құжаттарын компьютер арқылы өңдеп, шолу жасалған мәлімет алуға өте көп мүмкіндік береді. Телебанк интернетке береді. Телебанк интернетке қосылған кез келген нүктеден клиент пен банкінің қарым-қатынасын автоматтандыра алады. Көптеген шешімдер интернетті қолданудың басқа салаларынан келіп түскен. Электронды қолдар бірыңғай сәйкестендіру жүйесі бойынша клиент-банкіден алынады.

Интернет-банк клиенттің төлем құжаттарын жеткізіп, дайындаудың бірден-бір тәсілі. Осылайша жүйе банкінің фронт-офисі қызметін атқарады. Жүйе төлем құжатының дұрыс қалыптасуы мен онда қойылған қолдардың дұрыстығын бақылайды. Интернет-банкінің айырмашылығы: құжат айналымының қауіпсіздігі; НТТР-график және proxy-сервер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін ендірудің шартты түрі мен жалпылығ; үйреншікті әрі ыңғайлы, сонымен қатар ықшам интерфейс. Әзірше интерне-банк жаңалықты тез қабылдауға икем клиенттермен жұмыс істеуде. Интернет-банкіге қол жеткізу ұялы телефондардың интернетке қосылуы арқылы қамтамасыз етіледі. Карточкалық төлем жүйесінде, көтерме жүйедегі сияқты клиент шоты арнайы банкінің банкілік офисінде болады. Егер көтерме жүйеде банк офисінде бару әлі күнге дейін қолданылатын болса, онда бөлшек жүйеде бұл клиент үшін ыңғайсыздық тудырады. Карточкалық жүйеге қашықтықтан қосылу инфрақұрылымды жабдықтың жиынтығын қаматамасыз етеді: банкоматтар, РОS-терминалдар, байланыс жүйелері мен төлем хабарламаларының процессингіне ие. Пластикалық карточкалар бұл құрылғыларды тиімді қолдануда кілт бола алады. Банкомат өзінің қызметтік мәні жағынан көтерме жүйені пайдаланушының офисінде орналасқан орналасқан компьютерге ұқсас болады, ол клиент-банк пен интернет –банкіні қолданудағы қаражат болып табылады. Банкомат та компьютер сияқты банкімен жұмыс істейді. Банкоматтың негізгі айырмашылығ – қолма-қол төлемді өңдеу механизмі мен сыйымдылығының қосымша қызметімен жұмыс істеуге ыңғайлы, сенімді әрі қорғанысы мықты болады. Банкоматтар далада құрылады. Және оларды құру талаптары жоғары болады.

Қазіргі уақытта банкоматтар өте кең тараған. Олар бір уақытта авторландыру өткізіп, қолма-қол ақша беріп, клиент есебін бірден көрсетіп отырады. Жағадан шыққан банкоматтар карточка иесінің көрсетуі бойынша әр түрлі төлемдерді жүзеге асырады, бұл процесс төлеушінің дисплейдегі тізімді таңдауымен жүргізіледі. Банкоматтар банк жұмысы мен қор нарығы туралы кез келген ресми ақпараттарды бере алады. Мұндай көп қызметті банкоматтардыңқұны шамамен 40-50 мың АҚШ долларын құрайды. Банкомат клавиатурасы ұялы телефон клавиатурасына ұқсас. Компьютер клавиатурасы тек банкомат қызмет көрсететін банкіге ғана беріледі. Шектеулі клавиатуралар банкоматтың мүмкіншіліктерін және күрделі рекеттерді жаппай пайдалануды шектейді. Банкомат жалпы клиенттердің бәріне, соның ішінде компьютерде жұмыс істей алмайтын клиенттерге де арналған. Өте қымбат жабдық ретінде банкомат бір әрекетті ұзақ уақыт жүзеге асыруға арналмаған. Банкіде қысқа әрі қарапайым бірнеше әрекеттерді жүзеге асырған пайдалы, себебі олар комиссиялық жарна әкеледі.

РОS-терминал карточка реквизиттерін тез және автоматты түрде санайтын құрал. Ол қазіргі шағын кассалық аппараттарға ұқсайды. Карта реквизиттерін қосады да, қарапайым клавиатурада төлем сомасын тереді. Осылайша ол төлем талабын қалыптастырып, оны жүйеге қатысушы-банкіге жібереді. РОS-терминалдар банкомат сияқты банкімен телефон желісі немесе процессингілік компаниялар арқылы байланысады. Хабарды жіберу, төлемді жүргізу туралы бекітілімдер бірнеше минуттың ішінде жүзеге асады. РОS-терминалға қарапайым клавиатураны қосып қоюға болады. Ол клиентке карточканың пинкодын теру үшін қажет. Банкоматқа қарағанда РОS-терминал қарапайым әрі арзан. Оның негізгі міндеті – төлем құжатын электронды түрде құру, оның басылуы кассадан шығатын чек сияқты, төлеуші мен алушыға екі данада жасалады. РОS-терминал арқылы карточка иесі дүкен кассасынан қолма-қол ақша ала алады. Қолма-қол ақша оның карточкалық шотынан дүкеннің пайдасына алынып отырады. Дүкендегі комиссиялық пайыздың жоғарылығынан клиенттер қызметтің бұл түрін жақсы білмейді. Осы екі қызметтің болуңы РОS-терминалды қызметі жағынан қарапайым банкоматқа ұқсаттырады.

Экономикасы дамыған елдердің барлық дүкеніндерінде РОS-терминал бар. Сондықтан клиент карточканы төлем құралы ретінде пайдаланғанда ешқандай қиыншылыққа тап болмайды. Есеп айырысу ешқандай қиындықсыз жылдам әрі клиенттің қатысуынсыз жүзеге асады. Алайда, клиент көрсетілген қызмет үшін төлем жүйесі мен қатысушы-банкіге қосымша комиссиялық пайыз төлейді. Жапония мен Оңтүстік Кореяда ұялы телефондар арқылы қосылған РОS-терминалдар кеңінен таралған.Бұл құрылғыны қашықтықтан еркін орын ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етеді. Төлем мөлшері аз болған жағдайда шығын мөлшері кемиді, сондықтан ұялы телефон желісін жалға алғаннан гөрі арзанға сғады. Радиотелефонды тұтқалардағы РОS-терминалдар да кеңінен тараған. Бұл құрылғыларды бірнеше жүздеген арақашықтықта, дүкен немесе офисте алып жүруге болады. Қолма-қол ақша алу мен есеп айырысу жөніндегі көшірмені алу тек дүкендердегі РОS-терминалдар мен банкоматтарда жүзеге аспайды. Карточкалық жүйе кез келген офистен, кез келген қатысушы-банкіден қарапайым іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Карточкалық іс-әрекеттерді тек банкілердің бөлімшелерінде ғана емес, сонымен бірге РОS-терминалмен жабдықталған қалаларда, айырбас пунктерінде және дүкендерге жүзеге асыруға болады. Әсіресе, ірі қалаларда банк офистерінің кеңінен таралуы клиенттердің карточкаларды тиімді қолдануына мүмкіндік береді. Карталық іс-әрекеттерді жедел аяқтау үшін қашықтықтан қызмет көрсету құрылғыларының электронды төлем нұсқауын жедел әрі автоматты түрде құру қажет. Нұсқаулар бірнеше түрде өңделіп, қатысушы-банкілерге берілуі тиіс және бұған іс-әрекетті іске асырушы компания жауапты. Ол қашықтықтан қызмет көрсету құрылғысының клиенттері өңдеген алғашқы бағдарлама мен банкілердің іс-әрекеттік бағдарламасы арасында делдалдық қызметті атқарушы болып табылады. Сонымен бірге, ол көптеген сауда орындары мен банкілердің іс-әрекеттерін өңдейді. Әрі қызмет көрсетудің жылдамдығы және байланыс желісінің жоғары өткізгіштік қабілетімен қамтамасыз етіледі.

Іс-әрекетті жүзеге асырушы компаниялардың серверлер жинағы, арнайы бағдарламалар мен кепілдік байланыстарды қамтамасыз ететін компоненттері, шағын офистері мен сервис көрсетуші қызметкерлері бар. Мұндай компанияларды құру негізінен, бағдарламаны қамтамасыз етудің құны үшін өте қымбат болғанымен, алайда материалдық швғвндарының көлемі аз. Банкомат немесе РОS-терминалмен өзара пайдалы қарым-қатынасты пластикалық карталар қамтамасыз етеді. Ол стандарт бойынша сол құрылғымен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы етіп жасалған. Онда тез арада қарм-қатынас орнатып, төлем нұсқауларын жасау үшін жазылып алынған барлық мәліметтер электронды түрде сақталады. Картаның өзі бұл құрылғыларсыз еш әрекет ете алмайды және мұндай жағдайда ол банк офистеріне қажет қарапайым рұқсат қағазына айналады. Әр түрлі карточкалардың жұмыс істеу қағидалары бірдей, олардың айырмашылығы – олардың реквизиттерін автоматты түрде өңдеуде.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)