Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықаралық жеке құқықтағы мұрагерлік

Читайте также:
  1. Лемдік эконмикадағы дамыған елдер тобы мен олардың халықаралық еңбек бөлісудегі орны мен рөлі.
  2. Лттық және халықаралық стандарттардың айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз
  3. Табиғи ресурстердің тапшылығымен байланысты халықаралық экономикалық қатынастар
  4. Халықаралық қатынастар жүиесі

Халықаралық шартты мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеуші негізгі құқықтық құрал ретінде қарастырған кезде көптеген нормативтік актілерге, яғни еонвенцияларға көңіл аударуымыз керек. Бұл құжаттар мұрагерлік мәселесінде құқық қолдану процесін реттеуге бағытталған. Мұрагерлік қатынасты реттеуші негізгі шартқа біріншіден 1961 жылғы 5 қазандағы «Мұрагерлікке қалдырылған нысанға қатысты заңдар коллизиясы туралы» Гаага конвенциясы жатады. Оның ерекшелігі 4-бапқа сәйкес екі немесе одан да көп тұлғалардың бірлескен өсиеттік билігі туралы салттан тыс ереже көрсетілді, ал 3-бапқа сәйкес оның нысаны бір мұра қалдырушымен жасалынған өсиетке қолданылатын сияқты коллизиялық ережелерге бағынды. Бұл жерде нақты тұлға сол мемлекетте домицильге ие ме жоқ па деген сұрақ туындайды, яғни ол соңғысының құқығымен реттеледі(7-бап). 8- бапта оның сол мемлекеттің жария тәртібіне қарама қайшы келетін болса онда шетел құқығын қолдануға болмайтыны туралы ережелер де бекітілген.

1989 жылғы 1-тамыздағы Гаагада қабылданған «Жылжымайтын мүлікке байланысты мұрагерлікке қолданылуға жататын құқық туралы» конвенцияны айтып кетуге болады. Бұл құжат халықаралық мұрагерлік істерін ретттеу кезінде әртүрлі мемлекеттердің нормаларының коллизиясын шешуде әмбебап ережелерді көрсететіндіктен нотариаттың мүддесіне қарастырылған. Атап айтсақ, ол мұрагерлікке қалдырылған мүліктің түріне тәуелсіз мұрагерліктің бірыңғай заңға бағыну қағидасынан шығады. Сонымен бірге ол жерде мұрагердің қайтыс болғанынан кейін мұрагерлікті реттеу кезінде мұраға қалдырушының құқық таңдау мүмкіндігі мәселесі де қаралған болатын.

Мұрагерлік қатынасты коллизиялық реттеудің осындай унификациясы барлық мұрагерлік мүлікке бір мемлекеттің материалдық құқығын қолдануға алып келеді.

Осы аталған конвенциялар туындаған жағдайларға байланысты құзыретті құқықтық тәртіпті анықтау үшін тұлғаның қайтыс болғанға дейінгі азаматтығы немесе өсиетті қалдыру сәтіндегі елдің заңнамасын қолдануды, тұлғаның қайтыс болғанына дейінгі әдетте тұрақты тұрған немесе өсиеттік өкімді қалдырған мемлекеттің заңнамасын, немесе мұрагерліктің пәні болып табылатын жылжымайтын мүлік тұрақты түрде тұрған мемлекеттің заңнамасын қолдануды көрсетеді.

Конвенцияның осы қандай да бір нысанының әрекетіне түсетін жеке тұлғалар ұшін өсиеттік өкім аясындағы құқық қатынастарды реттеуші сол немесе басқа да құқықты таңдау мүмкіндігі берілген. 1961 жылғы Конвенция тұлғаның осындай құқықты таңдау мүмкіндігін көрсетсе, ал 1989 жылғы конвенцияда осындай құқықты сәйкес арызды жасау арқылы оны заңды түрде куәландыруды талап етеді. Арыздың нысаны, мазмұны мен басқа да талаптары сол арыздың жасалған жерінің заңымен анықталады. Бұл конвенциялар тұлғаның тығыз байланыста болған елінің заңымен анықтап, солар арқылы істі шешеді. Сонымен бірге конвенциялардың өздерінің спецификалық өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.Мұрагерлік жөніндегі келісімдер мұрагерлікке қатысты мұрагерлікке құқықтың қай уақытта пайда болып, оның қай уақытта өзгертілу немесе тоқтатылуы сияқты мәселелер оған қатысушы тұлғалармен жасалынатын ерекше құжат болып табылады. 1989 жылғы Гаага конвенциясы коллизиялық нормалардың осы келісімнің жарамдылығын анықтауға бағытталған.

Осы Гаага конвенциясында сонымен бірге әртүрлі мемлекетке бағынатын мұрагерлікке шақырылатын тұлғалардың кезектілігі егер олардың арасында қандай да бір байланыс анықталмаса, онда тұлғалардың бір біріне деген мұрагерлік байлынысының туындауына жол берілмейді. Ол туралы 13-бапта аталып өткен. Бұл бап сол немесе басқа да мемлекетте тұлғаның қайтыс болу фактісін тану туралы арнайы норма болмаған кезде мүліктің мұрагерлігі проблемасынан бас тартуды көрсетеді. Конвенцияны тағы да бір ерекшелігі ол мемлекеттің құқығымен тұлғаның өзінің мұрагерлікке қалдыратын жылжымайтын мүлігінің сол елдің юрисдикциясына бағынатын пиғылын білдіретін өзара байланысты білдіреді.

1989 жылғы Гаага конвенциясы мұрагерлікке қалдырылған мүлік орналасқан мемлекетте сол мүлікке саяси, экономикалық және әлеуметтік мотивтерден туындайтын қандай да бір ерекше ережелердің бекітілуінен туындайтын жағымсыз салдардың туындауынан бас тартуға ұмтылуды көрсетеді. Конвенцияның 15-бабында ұлттық құқықтық жүйенің нормаларына қандай да бір жағымсыз ықпал етулерге жол берілмейтіндігі туралы ережені көрсетеді.

Мұрагерлік қатынастар саласында тағы да бір маңызды құжат ол халықаралық көпжақты құқықтық келісім 1973 жылғы 26 қазандағы өсиеттің нысанына арналған Вашингтондық келісімді атауға болады. Ол халықаралық өсиеттің бірыңғай нысанын орнатты. Яғни, осы Конвенция халықаралық өсиет нысаны туралы бірыңғай заңды қолдануды реттейді. Ол жерде талаптың екі түрі көрініс тапқан. Біріншісі, келісуші мемлекеттер өздерінің заңнамаларына халықаралық өсиетті жасау туралы ережелерді енгізуге міндетті. Халықаралық өсиет туралы нормативтік актіні әрекетке келтіру арқылы мемлекет осы халықаралық өсиет нысанындағы бірыңғай заңның мәтінін немесе сол елдің тіліне аударылған арнайы мәтінді қолдануға құқылы. Екіншіден, келісуші мемлекеттер халықаралық өсиетті рәсімдеу үшін арнайы өкілетті тұлғалар институтын құруға міндетті.

Жоғарыда аталған сұраққа қатысты 1973жылғы «Қайтыс болған тұлғалардың мүлігіне халықаралық басқаруға қатысты» Гаага конвенциясын атауға болады. Конвенцияның 1–бабында «келісуші мемлекеттер қайтыс болған тұлғаның жылжымалы мүлкін басқаруға құқықты анықтайтын құзыретті тұлғалар туралы халықаралық сертификатты құратыны туралы» бекітілген. Конвенцияның үлгісімен анықталған осындай сертификат келісуші мемлекеттің бірінде жасалған сертификат халықаралық келісімге қатысушы басқа елдерде танылады. Сертификат қайтыс болған тұлғаның әдетте тұрып жатқан елінің құзыретті органымен жасалады. Сертификаттың иесін және оның өкілеттілігін анықтау үшін құзыретті орган қайтыс болған тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің ұлттық құқығын қолданған кезде, яғни: 1) 31 бапта көрсетілгендей оның азаматтығы болып табылатын мемлекет немесе әдеттегі тұрып жатқан мемлекет өтініш жасаса; 2) егер оның азаматы болып табылатын мемлекет 31бапта көрсетілгендей өтініш жасаса және егер қайтыс болған тұлға өзінің қайтыс болуына дейін сертификатты берген органдағы мемлекетте 5 жылдан кем емес тұрған болса (3-бап). Осы аталған жағдайлардан басқа кездерде өзінің ішкі құқығын қолданады.

Конвенцияда көрсетілген сертификат иесінің өкілеттілігінің тізіміне мынандай әрекеттер жатуы мүмкін: мұрагерлікке қалған мүлікке қатысты өсиетті және басқа да құжаттарды қарауға қабылдау, мұрагерлік массасы мен қарыздар туралы ақпаратты алу, алдын ала немесе жылдам шараларды қолдану, қарызды инкассолау және қолхат беру, бағаны анықтау, талап арыз беру, талап арызды даулау, мүлікті бөлу, бейбіт келісімге келу және т.б.

1985 жылғы 1 шілдедегі сенім меншігі негізінде жүзеге асырылатын иелік етудегі меншікке қолданылатын құқық туралы және оны тану туралы Гаага конвенциясында атап өтуге болады. Бұл құжатта мұрагерлікке қалдырушы тұлғаның мұрагерлікке қалдырылатын мүлікке қолданылатын құқықты өзінің анықтауына мүмкіндік беру арқылы коллизиялық байламнан бас тартуға ұсыныс береді. 6-бапқа сәйкес осы тұлғаға арнайы дайындалған актіде өзінің құқықты таңдау мотивін көрсету міндеттілігі бекітілген. Егер тұлға құқықты таңдамаса, онда сенімгерлік меншігіндегі мұрагерлікке тығыз байланысты елдің құқығы қолданылады. Осындай құқықты жүйені анықтау үшін Конвенция қай елдің заңнамасына жүгіну керектігі туралы бірқатар формуларды атап өтеді. Ол формуларлар жоғарыда аталған формулалардан біраз өзгеше болып келеді. Оларға келсек:

·Мұрагерлікке қалған меншіктің иесі тұратын елдің аумағында әрекет етпейтін елдің заңнамасы;

·Қормен басқарылатын орталықтың орналасқан елінің заңнамасы.

Осы аталған формулалар сенімгерлік меншік мұрагерлігі процесіне қатысушы тұлғалардың өздерінің арасындағы құқық қатынасқа қай елдің заңнамасын қолдану керектігін және басшылыққа алу керектігін көрсетуге бағытталған. Аймақтық шеңберде мысалға алсақ, ТМД елдері шеңберінде «шекарааралық» мұрагерлік қатынастарда туындайтын проблемаларды шешуде 1993 жылғы «азаматтық, отбассылық және қылмыстық әстер бойынша өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынас туралы» көпжақты Конвенция қабылданған болатын. Бұл Конвенция ТМД елдері шеңберінде мұрагерлік мәселелерін реттейтін әмбебап құжат болып саналады. Ол біріншіден, мұрагерлік бойынша құқық қатынасқа бағынатын ең маңызды қағидаларды анықтайды. Бұл құқықтарға теңестіру қағидасы болады. Екіншіден, бұл құжатта жылжитын және жылжымайтын мүлікке мұрагерлік тәртібін реттеуге құзыретті мемлекеттің құқығын анықтайды. Жылжымалы мүлікке байланысты осы шартта мұрагерлік мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұратын жерінің заңымен анықталатыны көрсетілген. Бірақ та жылжымайтын мүлікке байланысты мұрагерлік мәселесіне келсек, олсол мүлік тұрған елдің заңына бағынатыны Конвенцияның 45-бабының 2-тармағында аталып өткен.

Осындай істерге қатысты даулар сәйкесінше: жылжымайтын мүлікке қатысты сол мүліктің орналасқан елінің заңына, ал жылжымалы мүлік мұраға қалдырушының өзінің қайтыс болар алдындағы тұрған елінің заңымен анықталады. Бұл жайлы Конвенцияың 48- бабында аталып көрсетілген. Конвенцияға қатысушы елдердің құзыретті органдары өздерінің аумағыңда басқа елдің азаматтарының мұраға қалдырылған мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге және оларды басқаруға қажетті шаралардың барлығын ішкі заңнамаларына сәйкес шешуге міндетті.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 520 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)