Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Төлем жүйелерінің түрлері және қатысушылары

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Төлемдер жүйесінің негізгі сипаттамасы мен олардың өзгеру тенденциясы, бәсекелестік қабілетінің оңтайлы дамуы мен тиімділігіне талдау жасау келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді. Көтерме жүйеге орталық және коммерциялық банкілердің төлем жүйелерін жатқызамыз.

Бөлшек төлем жүйелеріне карточка жүйесін, есепшот ашпай ақша аударуды, электронды ақша жүйесін жатқызуға болады. Олардың арасындағы өзгешілік төлемнгің тәуекелі мен ұсталымдарының байланысын анықтағандағы төлемнің тиімді сомасына жинақталады. Клиринг негізіндегі төлем жүйесі төлемдерді есептік сальдо түріндегі корреспонденттік шот бойынша жүргізеді. Ал жалпы төлем жүйесінде төлемді әркім жеке жүзеге асыра алады. Кредиттік аудару дебеттік аударуға қарағанда қарапайымдау әрі өте жылдам, сондай-ақ ол төлем шығындарының аз болуын қаматамысз етеді. Дебеттік аударымдар қабылдаушының үлкен кепіліне қарамастан жеңіліс табады, тіпті жеке тұлғалардың төлем сараланымдары да саудалушы ұйымдардың пайдасына шешіледі.

Осылайша төлем жүйесіндегі әр түрлі сипаттамаларға сын көзбен қарап қолдану тәжірибесі – көтерме жүйенің нақты уақыт пен кредиттік тағы бір рет анықтап береді. Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік, төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.

Үш субъект (клиент, қатысушы-банк, орталық банк) қатысатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесімен салыстырғанда төлем жүйесінде субъектілер саны өседі. Орталық банк қызметінің бір бөлігін қамтитын есеп айырысу банкі мен жүйе операторы пайда болады. Енді банкаралық есеп айырысу,ға есеп банкі жауап беретін болады. Ережелер мен тәсілдерді қайта қарастыруды, олардың орындалуын қадағалауды, келіспеушіліктерді шешуді, ауттрейд өткізіп, программистердің мамандандырылған компаниясын бағдарламамен қамтамасыз етіді жүйе операторы жүзеге асырады.

Қызметті жаңаша бөлу мамандандыруды күшейтіп, субъектілер арасындағы келіспеушіліктерді жояды, бәсекелестікті жоғарылатып, технолгияның дамуына үлкен әсер береді. Егер бір коммерциялық банкідегі бір оператор мен бірнеше жүйеге қатысушы болса, онда төлем жүйелерінің арасында бәсекелестік туындайтын. Сондықтан программистер арасында бәсекелестік жоғарылайды, себебі әр жүйе мен қатысушыға олар бірнешеуден келеді. Көтерме төлем жүйесінде Орталық банк оператор және есеп айырысу институты ретінде қарастырылады. Бөлшек төлем жүйесінде оператор ретінде мемлкеттік емес банкаралық ассоциациялар түседі. Бірақ Орталық банк қай жағдайда болсмасын төлем жүйесін бір қалыпта келтіруде басты рөл атқарады. Ол ақша құрылымының тұрақтылығы мен ұйымдастырылуын, банк жүйесі қызметінің табыстылығы мен бір қалыптылығын қадағалап отырады. Орталық банкінің осы қызметтері оның төлем жүйесінде алатын орнын анықтайды. Мысалы, Орталық банкінің төлем жүйесі елдің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі тірегі болып табылады. Қазақстанның Орталық банкі жергілікті нарықта халықаралық карточка жүйесіне қарағанда, елеулі орын алатын ұлттық карточка жүйесін қадағалайды.

Төлем жүйесіне қатысушылар – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетуді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып, бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады. Бірнеше оператор төлем жүйесіне қатыса алады. Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде Ресей банкі, Visa және Europay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан Ресейдің коммерциялық банкілерін атауға болады.

Электронды ақшалар жүйесінің сәтсіздігі – коммерциялық банкілердің делдалдығының жоқтығы мен консенсустың болмауынан. Банкілік шотқа қол жеткізу мен төлем жүйесінің негізін электронды технология құрайды. Қағаз құжаттар қолдану мен оларды қайта қарауда банкілер төлем жүргізу процесін өз беттерінше анықтайды. Электрондық жүйеде технологияның қиындығы сонда, банкілердің басшылары төлем жүргізу технологиясын құру үшін арнайы мамандандырылған программистерді жалдауға мәжбүр болады. Сондықтан да төлем жүйесінің субъектілері ретінде программистер қатысады, олар қатысушы-банкілер мен есеп айырысу институтының жүйе операторы қызметін атқарады.

Зерттеушілер мен операторлардың қызметін бөлу бәсекелестіктің пайда болуына әкеледі, себебі зерттеушілердің саны көп те, осыған сәйкес олардың қабылдайтын шешімдері де әр түрлі. Төлем жүйесі жалғыз болуы да мүмкін және өзінің монополиялық жағдайына байланысты бәсекелестік күреске қатысып отырмаса дамуға деген стимулы болмауы мүмкін. Сонда бәсекелестік электронды технологияларды жасаушылардың сараланымына айналады.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)