Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

НауҚасты дайындау жӘне асказанды фракциялыҚ Әдіспен жіҢішке сҮҢгімен сҮҢгілеуді жҮргізу

Читайте также:
  1. амырды дайындаудағы технологиялық операция
  2. НАУҚАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ
  3. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
  4. НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ
  5. ОН ЖӘНЕ БІР
  6. ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРІ, САНЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ ГРАФИГІ

Мақсаты: диагностикалық: асқазан ішіндегі сөлді алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу кезеңі, порталды гипертензия стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, таза лотокті, асқазан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприцті, қысқышты, сүлгіні, қолғапты, клеенкалы алжапқышты, салфеткаларды, парентеральды тітіргендіш ас - 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, лабораторияға жолдама жазыңыз, оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ыңғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына қарай еңкейтіңіз.

4. Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

6. Ағатын сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.

7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

8. Сүңгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық - бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз - екінші белгі).

9. Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен пинцетпен алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

10.Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен екінші ұшынан ұстаңыз.

11.Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүңгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.

12.Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүңгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүңгіні шығарып алыңыз).

13.Науқасқа ескертіңіз, сүңгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.

14.Сүңгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.

15.Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес - «ашқарындағы» сөлдену).

16.Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік - «өзекті» сөлдену).

17.Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.

18.10 минуттан кейін 10 мл асқазан сөлін алыңыз (№ 6 үлес).

19.Тағы да 15 минуттан кейін барлық асқазан сөлін алыңыз (№ 7 үлес).

20.Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып, асқазан сөлін алыңыз (№ 8, № 9, № 10, № 11 - үлестері «ынталандару» сөлдену).

21.Салфетканың көмегімен асқазаннан сүңгіні шығарып алыңыз, науқастың аузын шайқаңыз, ауыз айналасы терісін салфеткамен сүртіңіз.

22.Қолданылған сүңгіні, қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

23.Барлық 11 үлестердегі асқазан сөлін жолдамамен бірге және қоздырғышын көрсетіп зертханаға жіберіңіз.

Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді тоқтату қажет.

Асқынулар: асқазаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 228 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)