Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

НАУҚАСТЫ ҚЫРЫМЕН ЖАТҚЫЗУ

Читайте также:
  1. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ҰЛТАБАРҒА СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
  2. НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ АСКАЗАНДЫ ФРАКЦИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖІҢІШКЕ СҮҢГІМЕН СҮҢГІЛЕУДІ ЖҮРГІЗУ
  3. НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ

Мақсаты: тесекте жайлы калып жасау.

Қолдану көрсетілімдері: тесектегі енжарлы және еріксіз калыптағы науқас,

ойылудын алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 3 жастықты, аяққа арналған тіреуді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

2. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

3. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.

4. Кереуеттің тежеуішін (тормозын) бекітіңіз.

5. Медбике тұрған қыр жағындағы белдеулерді түсіріңіз (егерде ол болса).

6. Кереуеттің бас жағын түсіріңіз.

7.«Арқасымен жатқан» қалыптағы науқасты кереуеттің шеті жағына жақындатып жылжытыңыз.

8. Науқасты оң жақ қырына бұрғанда сол аяғын бүгу, егерде сіз науқасты оң жақ қырына бұрғыңыз келсе, онда науқастың аяғын тізе буынынан, оң тізе астындағы ойысқа сол аяқты тығып жіберіңіз.

9. Бір қолыңызды науқастың иығына қойыңыз, екіншісін санына, науқасты өзіңізге қарай бұрыңыз (буынның және ұлпалардың жарақатын азайту үшін).

10. Тізеден бүгілген санға бір қолды, ал екіншісін медбикеге қарама-қарсы иығына «рычаг принципін» қолдана отырып салыңыз, науқасты қырына бұрыңыз.

11.Науқастың басына және мойынының астына жастықты салыңыз (мойынды қырына бүгілуін және төс-бұғана бұлшық етінің кернеуін азайту үшін). Жауырынды алға жылжытыңыз (иық буынына дене салмағының әсер етуінен қорғау үшін).

12.Науқастың екі қолына сәл бүгілген қалыпты беріңіз. Жоғарғы жатқан қолы, дене иық және бас деңгейінде жату қажет (иық буындарын қорғау және кеуде торысының қозғалысын жеңілдету, өкпе вентиляциясын жақсарту үшін).

13.Шынтақтан бүгілген келесі «төменгі» қолын басының қасындағы жастыққа салыңыз.

14.Науқастың арқасы астына ұзындығы бойынша салынған жастықты салыңыз (науқасты қыр қалпында ұстау үшін).

15.Науқастың жартылай бүгілген «жоғарғы» аяғы астына шат аймағынан аяғына дейін жастықты салыңыз (аяқтың түзулігін қамтамасыз ету, тізе және тобық буындары аяқ басы сүйектерінің шығынқы жері аймағының қысуын болдырмау, аяқтың жазылуын болдырмау).

16.«Төменгі» аяқтың табанына құмы бар қапты орналастырыңыз (оның салбырауын алдын ала ескерту және аяқтың сыртқы бүгілісін қамтамасыз ету).

17.Науқас ыңғайлы жатқанына көңіліңізді бөліңіз, науқастың дене қалпының дұрыстылығын тексеріңіз.

18.Кереуетті түсіріп және қыр жағындағы белдеулерді көтеріңіз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

НАУҚАСТЫҢ БОЙЫН ӨЛШЕУ

Мақсаты: Науқастың физикалық дамуын бақылау.

Қолдану көрсетілімдері: Науқасты динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.

Қажеттілерді дайындау: бой өлшегішті, сырқатнаманы, таза сүртетін ветощты, ішінде зарарсыздандырылатын ерітіндісі бар ыдысты, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды, ҚЖАК /қауіпсіз жоюға арналған контейнерді/.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты хабардар етіп, келісімін алыңыз

2. Қолыңызды жуып, жеке орамалмен сүртіңіз.

3. Бой өлшегіштің алаңына бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды төсеңіз.

4. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғалмалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.

5. Науқастан бой өлшегіш алаңның тік тұғырына /планкаға/ арқасымен тұруын сұраңыз: шүйдесі, сегізкөзі, өкшесі, жауырынын тигізуін өтініңіз.

6. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.

7. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.

8. Бой өлшегіштің шкаласы арқылы жылжымалы планканың төменгі бөлігіндегі тоқтам саны бойынша науқастың бойын анықтаңыз.

9. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.

10. Өлшеуден алынған мәліметтерді сырқатнамаға белгілеңіз.

11. Қолғапты киіңіз, бір рет қолдануға арналған төсеніш қағазды ҚЖАК /класс «А»/ тастаңыз.

12. Ветощты дезинфекциялық ерітіндіге салып, бой өлшегішті зарарсыздандыру ерітіндісінде ылғылдатылған ветощпен арасы 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

13. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)