Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дем алу ҚозҒалысыныҢ жиілігін есептеу

Читайте также:
  1. Дәріс. Есептеу техникасы көмегімен моделдеу.
  2. Жалдамалық төлем, өтемақы және есептеулер тәртібі
  3. Кестеде есептеулер жасау
  4. ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІН САНАУ
  5. Шарлы диірменнің жұмыс режимін есептеу. Айналу жылдамдығы.
  6. Ші Дәріс. Қадалы іргетастарды жобалау және есептеу

Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.

Қажеттілерді дайындау: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қалапсапты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2.Қолыңызды жуып тазартыңыз.

3.Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көруі қажет.

4.Бір қолмен науқастың қолын алыңыз, кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, (оның көңілін аударуға).

5.Екінші қолыңызбен науқастың кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрин (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

6.Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

7.Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

8.Дем алу қозғалысының жиілігін есептегенін науқасқа түсіндіріңіз.

9.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10.Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.

Ескерту:

-дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

-1 минуттағы дем алу қозғалысының саны - дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

-дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

-тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынысында;

-дене температурасы 1°С жоғарлағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиеленеді;

-Брадипноэ - 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

-Тахипноэ - 1 минутта 20 көбірек жиілік жие дем алу жиеленеді.

ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ АНАЛИЗГЕ ЗӘРДІ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

Қажеттілерді дайындау: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, медбикенің қолы).

Іс- әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

2.Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

3.Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

4. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

5.Науқас зәрді өзі жинайтын болған жағадайда, қолын жуып, қолғап киуін түсіндіріңіз.

6.Алдымен таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жууын).

7.Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс, және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

8.100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинауын және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтауын түсіндіріңіз.

9.Зәр алынған ыдыстың бетін жауып, салқын жерге қоюын сұраңыз.

10. Қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі тиіс.

11.Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

12.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

Ескерту:

- ауыр науқастар өзі жинай алмайтын жағдайда, медбике өзі алуы тиіс;

- әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

- зерттеуге дейін зәрді 1сағаттай салқын жерде сақтайды.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1098 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)