Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тыныс алу жиілігін санау

Читайте также:
  1. ДЕМ АЛУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖИІЛІГІН ЕСЕПТЕУ

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: пациенттің жағдайын бағалау, тыныс алу мүшелерінің аурулары.

Керекті заттар: секунд стрелкасы бар сағат немесе секунды бар қалам, пациент карточкасы немесе температура қағазы

Жасап көрсету реті:

1.Пациентке пульсті санауқажеттілігін түсіндіру және келісімін алу.

2.Қолыңызды жуыңыз.

3.Пациентің кеуде қуысының алдыңғы жағының жоғарғы бөлігі көрінетіндей ыңғайлы жатуын сұраймыз.

4.Пациенттің қолын пульсті анықтағандай етіп ұстаңыз, өйткені ол сізді пульсті анықтайды деп ойласын.

5. Кеуде қуысына қараңыз, оның көтеріліп төмен түскенін көресіз.

6.Егер сіз кеуде қуысының қозғалысын көрмесеңің, қолыңызды пациенттің кеуде қуысына қойыңыз, оны сезесіз.

7.1 минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз.

8.Пациенттің ыңғайлы отыруына көмектесіңіз.

9.Қолығызды жуығыз.

10.Бағалаңыз.Тексеру нәтижесін карточкаға немесе пациенттің температуралық қағазына жазыңыз.

Ескерту: ТАЖ санау кезінде пациент тыныс алу жиілігін санау жөнінде білмеу керек.Қалыпты жағдайда тыныс алу қозғалысы ырғақты (яғни бірдей уақыт аралығында қайталанады).Тыныс алу

жиілігі (ТАЖ) тыныштықта 18-22 рет минутына.ТАЖ жиілеуі –тахипноэ; ТАЖ сиреуі брадипноэ; апноэ – тыныс алудың жойылуы.

 

Зәрді жалпы клиникалық анализге жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетін, химиялық құрамын және микраскопиясын бағалау..

Көрсеткіші: науқасты жалпы тексеру..

Қажетті заттар: таза шыны ыдыс 100-200мл ауызы кең қақпағы бар, зәр қабылдағыш немесе судно, науқасты жуындыруғы керек жабдықтар, ыдысқажолдаманы жазып жапсыру (бөлім, бөлме №, науқастың аты жөні,зерттеу мақсаты, күні, мейрбикенің қолы)

Іс- әрекет алгоритмі:

1. науқасқа зерттеудің мақсатымен тексеру жолын түсіндіріңіз және оның келісімін алу.

2. Науқасқа зәрді жинау тәртібін түсіндіріңіз.

3. Науқасты зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс дайындауды үйрету (амбулаторлық жағдайда.

4.Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз;

5.Науқасқа жолдама жазылған ыдысты беріңіз;

6.Науқасты таңертеңгі гигиеналық тазалауға үйретіңіз (сыртқы жыныс жолдарын алдынан артына қарай жууыды үйретіңіз);

7.Науқас зәрдің алғашқы тамшыларын унитазға «1», «2» деп санағанша төгіп зәр шығаруды тоқтатыңыз;

8.Дайын ыдысқа 100-200 мл зәрді жинаңыз,қалғанын унитазға төгіп,ыдыстың қақпағын жабыңыз;

9.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз;

Ескерту: әйелдердің етеккірі кезінде зәрді тексеруге катетермен алады;

 

 

Зәрді Нечипоренко әдісі бойынша жинау

Мақсаты: Диагностикалық: клеткалық элементтердің мөлшерін анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Көрсеткіші: дәрігер тағайындауы бойынша (бүйрек аурулары кезінде).

Керекті заттар: таза шыны ыдыс 50-100 мл мойны кең,жолдаманы жазып,жапсырыңыз (бөлім, палата №, науқастың аты-жөні,зерттеу мақсаты,күні,акушерканың қолы).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зәрді тексеруге жинау тәртібі жөнінде науқасқа түсіндіріп, әңгімелесу.

2. Қолды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз;

3. сыртқы жыныс жолдарын алдынан артына қарай жууыды үйретіңіз;

4.Науқас зәрдің алғашқы бөлігін унитазға (зәр қабылдағыш, судно) «1», «2» деп санағанша төгіп зәр шығаруды тоқтатыңыз;

5. Дайын ыдысқа зәрдің ортаңғы бөлігін 50 мл көлемде жинаңыз.

6.Жиналған зәрді лабораторияға жіберіңіз.

7.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуыңыз және кептіріңіз.

Ескерту: зәрді тексеруді тәулік ішінде кез келген уақытта жүргізеді.

Манипуляция - АҚҚ өлшеу әдісін жасап көрсетіңіз.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 2428 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)