Читайте также:
|
|
Барабанды диірмен
Диірменнің камерасы 2 –тіректер; 3 –тиеу/шығару тесігі; 4 – привод.
Барабанды диірмен ұнтақтайтын камерасынан ол барабан типті болады, оған ұнтақтайтын (майдалау) денелер және материалымыз тиеледі. Камера айналған кезде ұнтақтайтын денелер (шар, ролик, стержин) белгілі бір траекторрия бойымен қозғалады. Ішіне салынған материалдардың ұнтақталуы - барабанның өз осімен айналуы кезінде шарлардың бастапқы материал кесектеріне механикалық әсердің нәтижесінде болады.
Осы кезде шарлардың потенциалдық және кинетикалық энергиясы бүліну жұмысына ауысады. Диірменнің жұмыс параметрлеріне тәуелді майдалау денелердің қозғалу заңдылықтары, яғни механикалық әсердің түрі өзгеруі мүмкін.(үйкеуден соққыға дейін) Барабанның айналу жылдамдығына байланысты шардың траектория бойымен қозғалысы 4 ұнтақтау режимінен тұрады.
Барабанды диірменнің жұмыс режимі.
а) Сырғу режимі – шарлардың түйісу жерлерінде және барабанның ішкі беттерінде барабанның үлкен емес айналу жылдамдығында пайда болатын үйкелу күші шарларды өз осінен айналу қозғалысына әкеледі. Нәтижесінде шарлардың бір біріне қатысты сырғуы болады. Диірмендегі материал үйкелумен ұнтақталады. Ұнтақтаудың өнімділігі жоғары емес.
б) Домалату режимі – табиғи еңіс бұрышына сәйкес келетін, шарлардың біраз биіктікке көтерілуін және күштерінің жоғарылауын ескертетін мәнге дейін айналу жылдамдығын көтерген кезде пайда болады.Осы биіктіктен шарлардың үзілуі және еңкіш бетте домалауы болады. Нәтижесінде үйкеу әсерінен басқа соққы (ұсату) әсері пайда болады. Бұл режим орта және жұқа фракциялы ұнтақтарды ұнтақтау үшін тиімді.
в) Ұсату режимі – майдалау денелерінің барабанның ішкі кеңістігіндегі жоғарғы нүктесінен үзілу шарты кезінде майдалау денелері (шарлар) максималды потенциалды энергиясы кинетикалық энергияға және одан ары бастапқы материал кесектерініңғ бүліну жұмысына өтеді. Осы режимде ірі кесектер тиімді бүлінеді, бірақ біруақытта майдалай денелерінің жоғары тозуы және ұнтақтың ластануы жүреді.
г) Жабысу режимі – айналу жылдамдығы nкрит мәнінен жоғары болған кезде болады.Берілген режим жұмысында ұнтақтау үрдісі мүлде болмайды.
Шарлы диірменнің жұмыс режимін есептеу. Айналу жылдамдығы.
Шарлардың барабан бетінен үзілуі және құлауы белгілі үзілу шарттары орындалған кезде болады.
Есептеу сұлбасы
N-центрден тепкіш күш; G-шардың ауырлық күші; Т-үйкелу күші; Р-Радиаль күші, радиустағы. ауырлық күшінің проекциясы; α-үзілуге дейінгі шардың көтерілу бұрышы; R-диірмен корпусының радиусы.
Үзілу шарты:
N=P; N=mV²/R=G(2πRn)²/gR=4Gπ²Rn²/g.
P=Gsinα=4Gπ²Rn²/g; 1=4π²Rn²крит/g/
nкр=
Шарлардың өлшемі.
Майдалау денелерінің (шарлардың) салмағы материалдың үлкен кесектерін бұзу жұмысын жасауға жететін, диірмен айналған кезде шарлар көтерілу нәтижесінде қамданатын энергиясы болуы керек. Егер энергиясы аз болса ірі кесектер ұнтақталмайды, ал диірменге үздіксіз тиеу кезінде ірі кесектердің жиналуы ұнтақтау үрдісінің тоқтауына әкеледі. Шарлардың оптималды өлшемін анықтау үшін аналитикалық тәуелділік бар
dопт dmax-ұнтақталған материалдың максималды өлшемі; σ-ұнтақталған материалдың беріктік шегі; Е-серпімділік модулі; γ-шарлардың тығыздығы; D-диірменнің ішкі диаметрі.
Практикада шарларды таңдау өлшемдердің 3 типінен тұрады – ірі-0,05D; орташа-0,025D; ұсақ-0,001D.
Дөрекі ұнтақтауға шарлар көлемінің ұнтақталған материал көлеміне қатынасы 2,5 – 3. А болу керек,жұқа ұнтақтауға 6 дан 12ге дейін. Диірменді толтыру коэффициенті 0,5-тен аспау керек.
Өнімділік және қуат.
(т/час)
с-майдалаудың жұқалығына тәуелді эмпирикалық коффициент; g-ауырлық күшінің үдетуі; γ-шарлардың сеппелік тығыздығы; D- диірмен диаметрі; L-барабанның ұзындығы; k-диірменді толтыру коэф-ті.
η1-электрқозғалтқыш ПӘК-і.
Ұнтақтар алудың физикалық әдістері. Балқыманы газ арқылы диспергирлеу. Теорияның негіздері. Қондырғының сұлбасы. Түйіршіктердің сфероидезацияның шарттары.
Ұнтақты алу – ол 1-ші технологиялық операция. Әдістері механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық.
Ұнтақтау теориясының негізгі түсініктері.
Ұнтақ–өлшемі үлестен жүздеген мкм-ге дейінгі көптеген жеке қатты бөлшектерден тұратын материал.
Бөлшек –Басқа бөлшектермен нүктелік түйісетін және газ фазасымен бөліну беті бар қатты заттың микрокөлемі.
Ұнтақты дене–белгілі бөлшектердің орау тығыздығы бар және белгілі геометриялық көлемді алатын ұнтақ
Ағым– ұнтақты джененің тығыздығын бұзбай бөлшектердің орын ауыстыру үрдісі.
Бүліну – ұнтақты дене ішінде бөлік микробеттердің түзілуімен бөлшектер арасындағы байланыстың бұзылу үрдісі.
Ұнтақтау– ішкі бірігу күштерін жеңетін сыртқы күштер әсерінен бұзылу жолымен бөлшектердің бастапқы өлшемін кішірейту.
Ұнтақтау дәрежесі– ұнтақтауға дейінгі ірі бөлшектердің өлшемінің ұнтақтаудан кейінгі ірі бөлшектердің өлшеміне қатынасы.
D-ұнтақтауға дейін, d-ұнтақтаудан кейін
Кейде бөлшектердің орташа өлшемдерінің қатынасы қолданылады
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 727 | Нарушение авторских прав