Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кеуденің қатты қимылдарынан сақ болыңыз (айналдыру, еңкею не шалқаю)!

Читайте также:
  1. Имараттар мен үймереттердің деформациялық қаттылығы мен формасы бойынща түрлері.
  2. Кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
  3. Кіші бөлімі. Денсаулық сақтау ұйымының басшысы
  4. Моостың қаттылық шкаласы
  5. МСС қорытынды туралы денсаулық сақтау ұйымының хабарламасы Извещение организации здравоохранения о заключении МСЭ
  6. Шикізатты өндіріске дайындау, сақтау және қабылдау.

МЕДБИКЕНІҢ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІ

Емдеу мекемесінде қатты ауырып жатқан жандарға, қызмет көрсету процесіне қатысқан медбикелер мен басқа қызметкерлердің барлығы да, адам ағзасына қарсы әсер ететін факторларға ұшырайды. Оған: науқасты ауыстыруға байланысты шектен тыс физикалық ауырлықтың түсуі, адам ағзасына улы заттардың және әртүрлі дәрілік құралдардың; инфекция; радиация; жүйке жүйелерінің жұқаруы әсер етуі жатады.

Науқастарға күтім жасау кезінде медбикелер мен жалпы медицина қызметкерлерінің сақтану керектігі жөніндегі бірқатар сақтану методикаларын қарастырайық.

Науқастармен дұрыс жұмыс істемеу салдарынан медбикелердің жоталары жарақат алып, күтім көрсету процесі кезінде ол аурудың сезілуі мүмкін. Сондықтан да, науқастарды әр жерге тасымалдау, жатқан жерінде аудару, басқа орынға ауыстыру кезінде медбике өзінің денесіне, беліне ауырлық түсірмеудің жағын ойлап, олармен жұмыс істеудің дұрыс методикаларын пайдаланғаны жөн.

Науқасты ауыстыру үшін алдымен анықтайтын қажетті жағдай:

· Ауыстырудың мақсаты;

· Науқас денсаулығының жағдайы, көмек көрсетуге мүмкіндігі;

· Ауыстыру үшін қолдағы бар қосымша механикалық құралдарды анықтау (төсегінен көтерілуге арналған арқан-жіп (трость), жылжуға арналған арба (ходунки) және балдақ);

· Нық бұйрық беретін және науқасқа түсіндіретін басшының рөлін анықтау.

 

Әртүрлі қозғалыс, орын ауыстыру сияқты әртүрлі қызмет көрсету

барысында мыналарды есте ұстаған абзал:

· Науқасты көтеру алдында оны қауіпсіз әрі ыңғайлы жағдайға келтіру;

· Қызмет көрсетушілер науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріп жатқызу үшін және қауіпсіздікті сақтау мақсатында науқастың салмағына және қимылдату бағытына қарай ыңғайлау;

· Өзіне ауыртпалық түсірмеу үшін медбике және басқа да қосымша қызмет көрсетушілер денелерінің салмағына қарай қолдарымен ептеп әрекет жасағаны жөн. Әсіресе, тербету арқылы науқасқа қозғалыс жасай отырып, оны жеңіл көтеріп алу әрекетіне (өте абай болу) мән беру;

· Науқасты көтере бастағанда өзіңіздің аяғыңыз жерді толық басып, нық және сенімді тіреп тұруыңыз қажет;

· Науқасты көтерген кезде өте дұрыс жағдайда тұрғандығыңызға сенімді болғаныңыз жөн. Арқаңызды (жотаңызды) тік ұстап, науқасқа өте жақын тұрыңыз. Мүмкіндігінше бұл қимылдарды жасаған кезіңізде сенімді болыңыз. Басқа да көмекшілеріңіз сондай сенімді жағдайда болуы тиіс. Науқасты басқа жерге ауыстыру барысындағы қозғалыс дұрыс болуын барлық қызмет көрсету тобымен келісе отырып атқаруы, табысты болатындығын естен шығармаңыз. Ол үшін:

· Басшылықты дұрыс жүргізетін адамды таңдап алыңыздар;

· Науқасқа ыңғайлы, ең жақсы әдісті таңдап алыңыздар;

· Ауыр жұмысты кім өзіне алатын адамды нақтылап, белгілеп алыңыздар. Өйткені, науқасты жерге құлатып алмау үшін, оның белі мен мықын жағын, жалпы денесін ұстап тұруға күшті әрі денсаулығы жақсы (қызметіне байланысты емес) медбике болуы тиіс

Ауыр көтергендегі сақ болатын шаралар

Емдеу орындарында, үй жағдайында және тұрмыста еңбекті дұрыс ұйымдастыру (пациенттерде) омыртқа жотасына артық жүктеме түсуіне жол берму қажет. Физикалық жүктемелердегі қимылдарға омыртқа жотасының сегменттерінің қатысуы мүмкіндігінше аз болуы керек. Әр түрлі бұлшық еттер топтарына түсетін жүктемені ауыстырып тұру өте маңызды, аз жүктемелерге ұсақ бұлшық еттер және үлкен жүктемелерге ірі бұлшык еттерінің қатысуы маңызды. Қосымша қимылдарды болдырмаған дұрыс.

Кеуденің қатты қимылдарынан сақ болыңыз (айналдыру, еңкею не шалқаю)!

Барлық кимылдарды орташа деңгейде, ырғақты түрде орындаңыз.

1.1 сурет: а-жотасына жүктемені әр түрлі (сол жақта) және бірқалыпты (оң жақта) бөлу;

б — ауырды көтергендегі дененің дұрыс (штрихтелмеген) және дұрыс емес (штрихтелген) қалпы.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1574 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)