Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нақты дәлдік және машиналар мөлшерленетін параметрлерінің ауытқуы туралы ақпарат беретін техникалық өлшеулер

Читайте также:
  1. Cv, Cs, r(1) параметрлерінің ығыспағанын бағалау.
  2. Q]3:1:Прокуратура органы жедел іздестіру шараларын тоқтату туралы қаулы қандай жағдайда шығарылады?
  3. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  4. Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын басқа да талаптар
  5. Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған Физикадан тест сұрақтары
  6. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  7. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері

Машиналар сапасын өлшеу техникасын қолданбай қорынтындылау мүмкін емес, яғни әрбір өнімді өндеп шығару кезінде өлшеу жұмыстары қажет.

Өлшеу кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары дәлдікті баламаланған, өлшем бірліктерін дәлдікті беруін қамтамасыз ететін, уақытылы тексерілген болса, сол кезде дайын өнімнің өлшемдері (есептеу немесе стандарттау негізінде орнатылған) дұрыс болады.

Еліміздің өндіріс кәсіпорындарында өзара ауыстырымдылық негізінде мамандандыру және кооперация атқару үшін, өлшеулердің қажетті дәлдігін және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету қажетті.

Өлшеу бірлігі дегеніміз өлшеу жұмыстары заңды орнатылған өлшем бірліктерімен және нормаланған дәлдікпен анықталған нәтижелер.

Ұзындық өлшемдерін беру және оларды тексеру әдістері жүйесі ғылыми дәлелденген және ол Мемлекеттік өлшеу жүйесінің бөлігі болып табылады.

Осы жүйеге байланысты барлық өлшеу жабдықтары келесі топтарға бөлінеді: физикалық мәндер эталондары, үлгілі мөлшерлер және аспаптар, жұмысшы мөлшерлер және аспаптар.

Эталондар - ең жоғары дәлдікті қамтамасыз ету және сақтау үшін арналған үлгілі өлшемдер және аспаптар. Олардың қатарына метрдің үлгісі, эталондық шетті ұзындықтар мөлшерлерінің жиынтығы (реттілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші) жатады. Бірінші реттілікті эталондарды метр үлгісі бойынша, ал екінші реттіліктіні бірінші реттілікті бойынша, ал үшінші реттіліктіні екінші реттілікті бойынша тексереді.

Үлгілі мөлшерлер және аспаптар лабораториялық және зауыттық мөлшерлерді баламалау және тексеру үшін арналады. Олар разрядтарға бөлінеді және бір-біріне қатысты тексеріледі.

Цехтық мөлшерлер және аспаптар өнімдерді тексеру үшін қолданылады. Оларды әрбір өндіріс орнында ұйымдастырылған метрологиялық лабораторияларда үлгілі мөлшерлер және аспаптар бойынша тексереді.

Еліміздегі барлық өлшеулер бірлігін және дәлдіктілігін Мемлекеттік стандарттау қызметі біртұтас метрологиялық жүйесі бойынша атқарады.

Өлшеу жабдықтары мезгіл бойынша тексеруден өтеді және олар орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігі / қолдануға жарамды немесе жарамсыз/ қорытындыланады.

қорытындалады: Барлық өлшеу және бақылау жабдықтары құрылымы және қолдану сипаттары бойынша келесі топтарға бөлінеді: мөлшерлер, өлшеу аспаптары, өлшеу қондырғылары мен жүйелері.

Мөлшерлер деп берілген физикалық мәннің шамасын өлшеуге қажетті дәлдікпен нақты көрсетуге арналған денелерді немесе құрылғыларды атайды.

Өндірісте көбінесе қолданылатын ұзындықтар өлшемдерінің мөлшері болып жазық параллельді шетті ұзындықтар мөлшерлері болады, ал бұрыштық өлшемдер үшін бұрыштық мөлшерлер.

Мөлшерлер қатарына калибрлер жатады. Калибрлер машинажасау саласындағы бұйымдардың өлшемдерін, пішіндерін, беттерін, осьтер бір-біріне қатысты орналасуын және сапаны, қойылған техникалық талаптарға сәйкестігін бақылайды (өлшемейді).

Өндірісте ең жиі қолданылатын калибрлер құрылымдары (калибр-тығын, калибр-қапсырма) өлшемдерді бақылау жұмыстарының қажетті дәлдігін және жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан олар машинажасау саласында бақылау үшін қолданылатын негізгі техникалық жабдық болып табылады. Калибрлердің басты кемшілігі, олар тек қана бұйымдар өлшемдерінің ақауын қорытындылайды. Олардың көмегімен ақауды шектеуге немесе себебін анықтауға мүмкін емес. Келесі маңызды кемшілігі олар тек қана бір өлшемді бақылайды. Сондықтан ірі көлемді және жаппай өндірісте есептік өлшеуіш құрылғылармен жабдықталған (индикаторлар, рычагті бастиектер, микрокаторлар т.б.) өлшеуші айлабұйымдар кеңінең қолдана бастады.

Өлшегіш аспаптар және құралдар деп анықталатын өлшемді тікелей немесе жанамалы түрде өлшем бірлігімен салыстырып көрсететін қоңдырғыларды атайды. Аспап немесе құрал деп бөлінуі шартты. Қарапайым түрлері құралдар қатарына, ал күрделі түрлері аспаптар қатарына жатады.

Өлшеу жабдықтары қолдану сипатына байланысты әмбебап және арнаулы негізделген болып бөлінеді.

Сызықтық және бұрыштық өлшемдерді өлшеуге арналған әмбебап өлшеу аспаптары құрылымы және жұмыс атқару принциптері бойынша түрлері көп, сондықтан оларды келесі топтарға бөледі:

Ä қарапайым өлшеу құралдары (сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшемдер өлшегіш т.б.);

Ä сызықтық нониуспен жабдықталған штрихты құралдар (штангенқұралдар, әмбебап бұрышөлшегіштер);

Ä микрометрлік аспаптар (микрометрлер, микрометрлік ішкі өлшемдерді және тереңдікті өлшегіштер);

Ä рычагті-механикалық аспаптар, индикаторлар, микрокаторлар;

Ä рычагті-оптикалық және оптикалық аспаптар (оптиметрлер, құралдық микроскоптар, проекторлар, өлшеуші микроскоптар);

Ä пневматикалық (төмен қысымды, ротаторлы жоғары қысымды) аспаптар, қондырғылар және жүйелер;

Ä электрленген (электртүйіспелі және индуктивті бергіштері) аспаптар, қондырғылар және жүйелер.

Арнаулы негізделген өлшеу аспаптары келесі топтарға бөлінеді:

Ä жазықтықты, тікбағыттықты және горизонтальдықты өлшеу аспаптары (тексеру сызғыштары, тақталар, деңғейөлшегіштер);

Ä беттер кедір-бұдырлығын бақылау аспаптары (профилометрлер, профилографтар, қос микроскоп, интерферометрлер);

Ä бұрандамаларды өлшеу аспаптары (бұрандалық микрометрлер, адым өлшегіштер т.б.);

Ä цилиндрлік және конустық тісті донғалақтар элементтерін, бұрамдықты беріліс элементтерін өлшеу аспаптары (штанген тісөлшегіш, тангенциалдық тісөлшегіш, нормаль өлшегіш, соққы өлшегіш, ось арақашықтығын өлшегіш т.б.).

Әмбебап өлшегіш аспаптарымен сызықтық және бұрыштық өлшемдерді кең ауқымда және әр түрлі дәлдікпен өлшеуге болады. Бір құралды немесе аспапты әр түрлі өлшемдерді өлшеуге қолдануға болады. Осы ерекшелігіне байланысты әмбебап өлшеу аспаптары өндірістің жөндеу саласында кеңінен қолдану тапқан және бүгінгі күнде, олар бақылау аспаптарының негізігісі болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)