Читайте также:
|
|
Жұмыс мақсаты
1. Қыркүйек айында жеткізiлeтiн материалдардың құны 15 000000 тeнгенi құрайтын «Асфальтобетон» ашық акционeрліқ қоғамының (ААҚ) битум жеткізу мерзімін 8 күнге кешіктіргендігі үшін айыппұл санкциясының мөлшерін анықтау керек.
2. Кабылданған өнімнің құны 250000000 тeнгенi құрайды, «Жезказған жолдары» ААҚ-ы мекемесі төлемақыны 10 күнге кешіктірді. Айыппұл санкциясынының мөлшерін анықтау керек.
З. «Жезқазған жолдары» ААҚ-на жол табанын төсеу жұмыстары үшін 300000000 теңгенің өнімі түсті. Барлық көлемдегі өнімнің 280000000 теңге құрайтын бөлігі сапасыз болып шықты. Жабдықтаушы мекеменің сапасыз өнім жеткізгендігі үшін төленетін айыппұл санкциясын анықтау керек
Жалпы ережелер
Жабдықтаушы мекеме мен тұтынушы мекемелер арасындағы келісім-шарт бүкіл құрылыс жүргізілетін және партияны жеткізу, әзірлеу мерзіміне жасалынады, қажет жағдайда келесі жылға, келесі кезеңге созылдырылуы мүмкін. Жабдықтау (жеткізіп қамсыздандыру) келісім-шартында жылдық кварталға бөлінген мерзімдерінде жабдықтардың атауы, саны сортаменттері, МемСТ –ың (ГОСТ), жобалардың номерлері мен пaйдалану, іске асыру мерзімдері жабдықтау өнімдерінің үлгі мен эталондарға сәйкестігінің кепілдігі, сапасы, кoмплектігe толықтыру дәрежесі, жабықтaушының құжаттарды жіберіп тұру мерзімі (өнім сапасы мен басқадай техникалық құжаттар сапасының), өнімді орналастыру жайындағы нұсқаулар, өнімнің комлектілігі, толықтығы жөніндегі ведомстар мен спецификациялары (егер coңғысы МемСТ пен техникалық талаптарға сай aнықтaлмаса), прейскурaнрaнттарды, өнім бағасы мен келісім-шарттың жалпы құны, «Өндірістік бағыттағы, техникалық бағыттағы» өнімдерді жеткізу жайындағы нұсқау-ережелеріне қайшы келмейтін келісім-шартың орындалу және өнім жеткізудің ерекше шарттары көрсетіледі.
Келісім-шарттың өзара қарым - катынастық талаптарын бір жақты бұзуға болмайды, ол тек мемлекеттік жоспар орындалған жағдайда, екеу ара жүзеге асырылады.
Егер екі жақ келісімге келе алмаса келісім-шарттық қатынастарды мемлекеттік арбитраждың араласуымен реттелінеді.
Өнімді жеткізу келісім - шарттың талаптарын орындамау-мемлекеттік тәртіпті қатаң сақтамаyшылық бұзу болып саналады және кінәлі жақты финанстық жауапкершілікке тартады, жетекшілeрі мен жауапты тұлғаларға әкімшілік, қылмыстық жауапкершiліктер жүктеледі.
Келісім-шарттың талаптары орындалмаған жағдайда кез келген келісімді бұзған жаққа:
- жабдықтаушы жақ өнімді толық немесе уақытында жеткізе алмаған жағдайда жеткізілмеген өнімнің құнының 8%-і мөлшерінде айып төлейді;
- сапасыз өнім жеткізілген жағдайда істен шығарылған, жарамсыз деп табылған өнімнің құнының 20% мөлшерінде айып төленіледі;
- өнімді қабылдаудан нeгiзсіз бас тарту, немесе мерзімді созып жүріп алған жағдайда қабылдаушы жаққа осы өнім көлeмінің 5% құны мөлшерінде айып салынады;
- өнімнің құны уақытында төлeнбеген жағдайда, әрбір күнге төлем мөлшерінің 0,040 мөлшерінде үстеме айып салынады;
- өнім құнын төлеуден негізсіз толық немеce жарымжартылай бас тартқан жағдайда (сатып алушы) 5% мөлшерінде aйып салынады.
Жеткізілген өнімге қойылған талап-шағымды негіздеу үшін заказ (тапсырыс) беруші жетік комиссия ұйымдастырып, тиісінше акт жасап, өнімнің сапасын анықтайды.
Сапаны бақылау жұмыстары үшін зертханалық сынақтардың, құрама заттарды таңдау шараларының жүзеге асырылуы үшін қазірге кезде смета жасалынады. Ол контрактілік жұмыстардың қөлеміне байланысты құрылыс жұмыстары атқарылатын кезеңге жасалынады.
Бұл шаруаның шығындары, зертхана қызметкерлерінің еңбеқ ақысы мен геодезиялық бақылау жұмыстарының мамандарының шығындары келісім шарт бойынша анықталады.
Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав