Читайте также: |
|
Пестицидтің шығуы қозғалтқыш көмегімен және еріткіш қосу арқылы ерекшеленеді, биологиялық объектілердің басқа заттарынан аз мөлшерде пестицид бөлінеді. Бұл әдіс өндірілмеген жемістер мен көкөністерде қолданылып, пестицид ұлпаға сіңбеген және оның қалдық мөлшері, әсіресе өсімдіктің жоғарғы қабатында болады. Дегенмен, мұндай бөлу әдісі абсорбцияланған өсімдік ұлпаларындағы фосфорорганикалық пестицидтердің шығуы үшін де қолданылады.
Бөлу әдісі бойынша өсімдік 1,5-2,0 см2 өлшемінде туралып, колбаға салынып, ерітінді құйылады. Осы қоспаны 20-30 минут қозғалтқыш көмегімен шайқалады немесе үлгіні бір тәулікке қалдырады. Содан кейін ерітінді құрамындағы суды фильтр көмегімен, сусыз натрий күкірт қышқылы арқылы фарфорлы ыдысқа сүзеді. Сүзілген ерітіндіні вытяжной шкафта немесе сулы моншада кептіргеннен кейін, 2-3 мл органикалық ерітінділерде (ацетон, гексан) ерітіп, хроматограф құрылғысында талдау үшін пайдаланылады.
Пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау әдістері Т.Банкина және басқа авторлардың [11], мәліметтері бойынша, хроматография әдістері арқылы таза заттар алынады. Хроматография әдісі - физико-химиялық қосылыстардың таралу коэффициенттері, адсорбциясы, комплексті қосылыстардың тұрақтылығы, газ және сұйық фазадағы диффузия коэффициенттері, гетерогенді және гомогенді каталитикалық реакциялардың кинетикасын зерттейді. Сонымен қатар бұл әдістің мақсаты – газ, бу, сұйық немесе ерітілген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография сорбциялық әдістерге негізделген, ол газдардың немесе сұйықтардың, кеуекті сорбциялық орта (сорбенттер) арқылы өтетін сұйықтардың салыстырмалы қозғалысына бағытталған жағдайда жүзеге асады. Қоспалар компонентінің сорбциялануы неғұрлым кем болса, ол қозғалмалы фазаның (газ немесе сұйық) толқын бағытына қарай соғұрлым (сорбент колонкасының бойына) үлкен жылдамдықпен орын ауыстырады. Осының нәтижесінде компоненттер бөлінеді, ол заттарды жекелеп бөлуге және оларды анализдеуге мүмкіндік туғызады. Хроматография әдісі – газдармен сұйықтардың агрегаттық күйіне қарай газдар мен сұйықтар хроматоргафиясы деп бөлінеді. Хроматографияның негізгі міндеті заттардың қоспасын бөлу болғандықтан, әртүрлі химиялық және физикалық әдістердің сапа мен сан анализдеріне сай келеді.
А.Бевенью [12], бойынша газ хроматографиясының негізгі әдістерінің бірі – компоненттердің булану жағдайында инертті газдардың қозғалмайтын және қозғалатын фазаның белгіленген аралығында бөлінуі болып табылады. Бұл әдіс әртүрлі бейорганикалық және органикалық заттардың әртүрлі объектілерде, соның ішінде тамақ өнімдерімен қоршаған ортада пестицидтердің сандық анализдерін зерттейді. Пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтау дегеніміз - 1 г өсімдік немесе топырақтағы 1 мкг анықталатын зат. Газ-сұйық хроматографиясының қозғалмайтын фазасы ретінде ұшпайтын ерітінді, қатты тасымалдағышта бөлініп, қолданылады және берілген қосылыстардағы кеткен газдың көлемі VR, мына теңдеумен анықталады:
VR = tR· Fc
мұндағы tR – кеткен уақыт немесе үлгіні жібергенде қисықтың максимумға дейін шығуы; Fc - газтасымалдағыштың жылдамдық ағыны, қысым кезіндегі және колонка температурасындағы шаманың өлшемі.
Эталонның ішкі стандарт әдісі бойынша варианттарда алдын-ала қамту, қосу, үлгіні сандық талдау белгілі бір мөлшерде ішкі стандарттың және келесі хроматографиялануға дайындалған қоспалардың құрамында эталонның қосылыстары болмайды.
Талданатын үлгілер компонентерінің құрамын Сi (% массасымен немесе көлемімен) мына теңдеу бойынша анықталды:
Рi , Рст – стандарт заттардың хроматографиялық қисықтарының өлшенетін параметрлері (ауданы, биіктігі немесе биіктікке кеткен уақыты);
fi - нормаланған көбейткіш үшін стандарт заттардың салыстырмалы қосылыстары; qст, qсм - (г, моль немесе мл), талдау жасау үшін таңдалған және араласқан стандарт заттармен талданатын қоспаның сандары мына теңдеумен шешіледі:
Сандық анықтау арқылы зерттеліп отырған үлгінің қисығымен стандартты салыстырып, сандық бағаны анықтау үшін қисықты ауданы арқылы қисықтың биіктігімен ені, биктіктің жартысымен өлшенеді және мына теңдеумен шешіледі:
мұндағы С - үлгідегі препарат саны, мг/кг (мг/л)
Сст - стандарт ерітіндідегі хроматографқа енген препарат саны, мкг
А – зерттелетін ерітінді қисығының ауданы, мм2
Аст – хроматографқа енген стандарт ерітінді қисығының ауданы, мм2
V1 - хроматографқа енген экстрактының көлемі, мкл
V2 – анализденетін экстрактының көлемі, мл
Р – үлгінің нақты мөлшері немесе көлемі, г (мл).
Зерттелген жүзім, алма және көкөніс жапырақтарымен жемістерінде пестицидтердің таралу динамикасымен қалдық мөлшерін газды-сұйықты жапон фирмасының «Шимадзу» және тиімділігі жоғары сұйықты американдық «Ажилент 1100» хроматографтарымен анықтадық.
Алма - негізгі жемістің бірі болғандықтан, биологиялық-өндірістік нышандарымен, тасымалдануымен және десерттік сапасымен бағаланады.
Алма жемісінде қант құрамы, витаминдер, органикалық қышқылдар және белсенді физиологиялық қосылыстар көп кездеседі, олар адамның тіршілік етуіне өте қажетті заттар. Дегенмен алма бақтарының өніміне зиянкестер мен аурулар көп шығынға ұшыратады. Соған байланысты алма жемістерін әртүрлі зиянкестерден (алма жемірі, алманың жапырақ ширатқыш көбелегі, өрмекші кене) қорғау үшін - арриво, 25% э.к., аполло, 50% с.к., димилин, 48% с.к., децис, 12,5% э.к., инсегар, 25 %с.ұ., каратэ, 5% э.к., кинмикс, 5% э.к., номолт, 15% с.к., талстар, 10% э.к., таран, 10% с.э., тарзан, 10% с.э., фастак, 10% м.с.с.к., шарпей, 250 м.э. инсектицидтері қолданылды.
Пестицидтердің микромөлшерлерін, ыдырау динамикасын, қалдық мөлшерін және олардың негізгі биохимиялық көрсеткіштерге әсерін анықтау үшін үлгілер жоғарыда көрсетілген аймақтарда қойылған тәжірибелерден алынды.
Алма - негізгі жемістің бірі болғандықтан, биологиялық-өндірістік нышандарымен, тасымалдануымен және десерттік сапасымен бағаланады. Алма жемісінде қант құрамы, витаминдер, органикалық қышқылдар және белсенді физиологиялық қосылыстар көп кездеседі, олар адамның тіршілік етуіне өте қажетті заттар. Дегенмен алма бақтарының зиянкестер мен аурулар көп шығынға ұшыратады. Соған байланысты алма жемістерін әртүрлі зиянкестерден (алма жемірі, өрмекші кене, алманың жапырақ ширатқыш көбелегі) қорғау үшін қазіргі кездегі - арриво, 25% э.к., аполло, 50% с.к., димилин, 48% с.к., децис, 12,5% э.к., инсегар, 25 %с.ұ., каратэ, 5% э.к., кинмикс, 5% э.к., номолт, 15% с.к., талстар, 10% э.к., таран, 10% с.э., тарзан, 10% с.э., фастак, 10% м.с.с.к., шарпей, 250 м.э. инсектицидтері қолданылды.
Алынған нәтижелер бойынша, 1-ші кестеде көрсетілген талдау жұмыстарында зерттелген инсектицидтер өңделгеннен кейінгі 20-шы күнде алма жемісінде елеулі мөлшерде ғана табылған, олардың қалдық мөлшері Апорт сортының өнімінде табылмаған. Бірақ, зиянкестерге қарсы қолданылған препараттар соңғы өңдеуден кейін өнімді жинауға дейінгі мерзімде едәуір тиімділік көрсетті.
1-кесте Апорт сортының жапырағы мен жемісінде инсектицидтердің ыдырау динамикасы (Іле-Алатау мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы, Қаскелең орман шаруашылығы).
Нұсқа | Жұм-салу мөл-шері, л/га | Зерттеу нысаны | Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг | |||
өңдегеннен кейінгі күндер | ||||||
өнімді жинау алдында | ||||||
Кинмикс, 5% э. к. (бета-циперметрин) | 0,2 | жапырақ жеміс | 0,17 0,12 | 0,14 0,09 | 0,09 0,03 | Табылмаған табылмаған |
Кинмикс, 10% э.к. (бета-циперметрин) | 0,3 | Жапырақ1111 жеміс | 0,20 0,16 | 0,14 0,11 | 0,10 0,05 | Табылмаған табылмаған |
Димилин, 48% с.к. (дифлубензурон) | 0,1 | жапырақ жеміс | 1,23 0,75 | 0,52 0,13 | 0,08 0,01 | Табылмаған табылмаған |
Номолт, 15% с.к. (тефлубензурон) | 0,2 | жапырақ жеміс | 0,49 0,26 | 0,19 0,11 | 0,09 0,06 | Табылмаған табылмаған |
Таран, 10% с.э. (зета-циперметрин) | 0,2 | жапырақ жеміс | 0,92 0,48 | 0,43 0,19 | 0,08 0,02 | Табылмаған табылмаған |
Тарзан, 10% с.э. (зета-циперметрин) | 0,2 | жапырақ жеміс | 1,10 0,70 | 0,59 0,17 | 0,04 0,02 | Табылмаған табылмаған |
Ал 2-ші кестеде алма жемісінде зерттелген инсектицидтер ұсынылған мөлшер мен уақытында өңделгендіктен жоғары биологиялық тиімділік көрсетті. Препарат-тардың ішінде арриво, каратэ, кинмикс, талстар инсектицидтері 20-шы күнде 0,02-0,12 мг/кг мөлшерінде табылған.
2-кесте Алманың жапырағы мен жемісінде (Заилийский сорты) инсектицид-тердің ыдырау динамикасымен қалдығы (ӨҚҒЗИ-ның тәжірибе бағы)
Нұсқа | Жұмсалу мөлшері, л/га | Зерттеу нысаны | Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг | |||
өңдегеннен кейінгі күндер | өнімді жинау алдында | |||||
Арриво, 25% э.к. (циперметрин) | 0,16 | жапырақ жеміс | 1,20 1,00 | 0,80 0,71 | 0,10 0,04 | табылмаған табылмаған |
Димилин, 48% с.к. (дифлубензурон) | 0,10 | жапырақ жеміс | 0,20 0,15 | 0,15 0,10 | 0,07 0,05 | табылмаған табылмаған |
Каратэ, 5% э.к. (лямбда-цигалотрин) | 0,15 | жапырақ жеміс | 0,22 0,18 | 0,16 0,15 | 0,12 0,08 | табылмаған табылмаған |
Кинмикс, 5% э.к. (бета-циперметрин) | 0,20 | жапырақ жеміс | 0,17 0,12 | 0,11 0,08 | 0,05 0,03 | табылмаған табылмаған |
Талстар, 10% э.к. (бифентрин) | 0,40 | жапырақ жеміс | 0,15 0,14 | 0,07 0,05 | 0,02 0,02 | табылмаған табылмаған |
Фастак, 10% м.с.с.к. (альфа-циперметрин) | 0,30 | жапырақ жеміс | 1,40 0,70 | 0,40 0,10 | 0,07 0,05 | табылмаған табылмаған |
Ескерту: алма жемісінде ЕЖРЕПМ-і: дифлубензурон – 0,1 мг/кг; лямбда-цигалотрин - 0,03 мг/кг; бифентрин - 0,04 мг/кг; циперметрин-0,05 мг/кг; альфа, бета –циперметриндер нормативте көрсетілмеген. |
Демек, олар тез ыдырап, ЕЖРЕПМ-нен төмен болған. Мұндағы алма жеміріне қарсы димилин препараты жақсы нәтижелер берген. Димилин инсектициді хитин синтезінің ингибиторы болғандықтан, зиянкестердің организмінде гормонды үрдісті бұзады. Құрттардың түлеуінен кейін сыртқы қаңқаларының пайда болуына кедергі келтіріп, нәтижесінде өлтіреді. Әсіресе, осы препарат өңделген жерге зиянкестер жұмыртқалайтын болса, онда препараттың әсері күштірек болды.
Әдебиеттерге сүйенетін болсақ, осы изомерлердің тез ыдырауы ортаның қышқылдылығына байланысты екенін көрсетеді [13]. Жаз айының екінші жартысында жауын-шашын аз болып, күннің қатты ысуымен де ерекшеленеді. Сондықтан алма жемісінде жалпы қышқылдылық жоғары болды. Осы зерттелген препараттардың жеміс өнімінде қалдығы болмады және қауіпті емес екені анықталды. Алманың Бельфлер және Заилийский сорттарының салыстырмалы түрде инсектицидердің ыдырау динамикасы зерттелген. Алынған нәтижелер 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте Әртүрлі сорттардағы инсектицидтердің салыстырмалы түрде ыдырау қарқындылығы (ҚазӨҚжКҒЗИ-ның тәжірибе бағы)
Сорт | Зерттеу нысаны | Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг | Өнімді жинау алдында | |||||
өңделгеннен кейінгі тәуліктер | ||||||||
Инсегар, 25% с.ұ. (феноксикарб) - 0,6 кг/га; | ||||||||
Бельфлер | жапырақ жеміс | 0,69 0,49 | 0,58 0,37 | 0,45 0,21 | 0,34 0,17 | 0,23 0,11 | 0,070 0,010 | |
Заилийский | жапырақ жеміс | 0,65 0,47 | 0,54 0,33 | 0,41 0,19 | 0,30 0,13 | 0,17 0,09 | 0,020 0,007 | |
Каратэ, 5% э.к. (лямбда-цигалотрин) - 0,5 л/га | ||||||||
Бельфлер | жапырақ жеміс | 0,54 0,42 | 0,45 0,30 | 0,27 0,15 | 0,11 0,08 | 0,090 0,040 | 0,02 із мөл. | |
Заилийский | жапырақ жеміс | 0,52 0,40 | 0,41 0,27 | 0,22 0,11 | 0,09 0,04 | 0,040 0,007 | 0,01 із мөл. | |
Ескерту: Із мөл.- із мөлшерінде; алма жемісінде ЕЖРЕПМ-і: инсегар – 0,01 мг/кг; каратэ – 0,03 мг/кг. | ||||||||
Бұл мәліметтер бойынша, алманың Бельфлер сортында зерттелген пестицидтердің ішінде инсегар инстектициді баяу ыдыраған. Мысалы, препарат өсімдік өңделгеннен кейінгі 40-шы күнде оның жапырағы мен жемісінде ЕЖРЕПМ-нен жоғары болған. Инсегардың әсер етуші заты (феноксикарб), алма жемісінің өнімінде 0,007-0,01 мг/кг аралығында табылған. Бұл шама инсектицидтің ЕЖРЕПМ-не жақын немесе тең екенін көрсетеді. Пиретроидты каратэ препараты алманың екі сортында да жапырағы мен жемісінде баяу ыдырайды. Піскен жемістің құрамында каратэ препараты із мөлшерінде табылған, бірақ оның алма жемісіне қауіпті емес екені анықталған. Инсегар, 25% с.ұ. және каратэ, 5% э.к. инсектицидтері, керісінше, Заилийский сортында тез ыдырайды.
Біздің зерттеу жұмыстарымыз 1999-2001 жылдарда институттың тәжірибе бағында алманың Бельфлер және Заилийский сорттарымен фитопатология бөлімімен бірігіп жүргізілді. Алма жемістерінің тазқотыры қоздырғыштарымен шірігіне қарсы - дитан М-45, 80% с.ұ., скор, 25% э.к. фунгицидтері қолданылды (2-сурет).
2-сурет Алма жапырағы мен жемісінде (Бельфлер сорты) фунгицидтердің ыды-рау динамикасы және қалдық мөлшері (ҚазӨҚжКҒЗИ-ның тәжірибе бағы)
Ескерту: алма жемісіндеЕЖРЕПМ-і: дитан М-45 (манкоцеб)–нормативте көрсетілмеген, скор (дифеноконазол)-0,1 мг/кг.
2-суретте көрсетілген нәтижелер бойынша, алма жемісінде фунги-цидтермен өңдеуден кейінгі 20-шы күнде скор препараты із мөлшерінде, ал дитан препараты 30-шы күнде 0,003 мг/кг мөлшерінде табылды, бірақ өнімді жинау алдында бұл препараттар жойылып үлгерген. Алманың гүлдеуіне дейін, жемістің грек жаңғағы көлеміндей болғанда және осыдан кейінгі өсуі мен жемістің пісіп-жетілуіне дейінгі кезеңдерінде скормен өңдеу үш рет жасалған, ал екінші нұсқада алманың гүлдеуіне дейін және гүлдегеннен кейін скормен қайта өңделген. Бақылау нұсқасында алма жемісінің тазқотыр қоздырғыштары-ның дамуы және өнімнің төмендеуі 70 ц/га болғанда, скор препаратымен өңделген нұсқаларда өнім 83,0-91,8 ц/га-ға дейін жоғарылап, бұл препарат биологиялық жағынан тиімділігін танытты.
Біздің зерттеу жұмыстарымыз институттың тәжірибе бағында фитопатология бөлімімен бірігіп жүргізілді. Алма жемістерінің тазқотыры, ақ ұнтақ ауруларына қарсы импакт, колфуго-супер фунгицидтері қолданылды 4-кесте.
4-кесте Апорт сортының жапырағы мен жемісінде инсектицидтердің ыдырау динамикасы (Іле-Алатау мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағы, Қаскелең орман шаруашылығы).
Нұсқа | Жұм-салу мөл-шері, л/га, кг/га | Зерттеу нысаны | Пестицидтердің әсер етуші заттарының қалдық мөлшері, мг/кг | |||
өңдегеннен кейінгі күндер | ||||||
өнімді жинау алдында | ||||||
Импакт, 25% с.к. (флутриафол) | 0,3 | жапырақ жеміс | 0,67 0,41 | 0,37 0,11 | 0,07 0,02 | Табылмаған табылмаған |
Колфуго-супер, 120% с.к. (карбендазим) | 1,0 | жапырақ жеміс | 0,59 0,38 | 0,26 0,10 | 0,08 0,03 | Табылмаған табылмаған |
Колфуго-супер, 120% с.к. (карбендазим) | 1,3 | жапырақ жеміс | 0,67 0,46 | 0,34 0,17 | 0,09 0,05 | Табылмаған табылмаған |
Ескерту: алма жемісінде ЕЖРЕПМ-і: колфуго-супер (карбендазим) – 0,2 мг/кг. |
Зерттелген фунгицидтер өңделгеннен кейінгі 20-шы күнде алманың Апорт сортының жемісінде елеулі мөлшерде ғана болғанымен, жемістің ауруларын біршама төмендетті. Олардың қалдық мөлшері өнімінде табылмаған, осындай нәтижелер басқа да авторлардың жұмысымен дәлелденеді.
Алма жемісінің (Старкримсон сорты) қант мөлшеріне пестицидтердің әсері 5-кестеде көрсетілген.
Алынған нәтижелер бойынша, 5-кестеде алманың құрамындағы жалпы қанттың мөлшері бақылаумен салыстырғанда, барлық нұсқаларда 0,64-2,8 %-ға артқан. Бірақ, химиялық нұсқадағы препараттарға қарағанда, интегралдық нұсқадағы өсімдіктің өсуін реттеуші - қанттың мөлшерін 3,03 %-ға арттырды. Демек, акпинол-альфа басқа авторлардың пайымдағанындай, алма жемісінде қант мөлшерін көбейтіп, оның нәрлілік және дәмділік сапасын жоғарылатады [14]. Сонымен, біздің зерттеулеріміздегі интегралдық қорғау әдісі, химиялық әдіске қарағанда жақсы әсер ететіні байқалды.
Кесте 5 - Алма жемісінің (Старкримсон сорты) қант мөлшеріне пестицидтердің әсері (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының «Дихан» шаруа қожалығы, 2012-2013 ж.)
Нұсқа | Жұмсалу мөлшері, л/га, кг/га | 100 г. шикі заттың құрамындағы жалпы қанттың мөлшері, % | |
Интегралдық нұсқа | |||
Бақылау | - | 6,55 | |
Герольд, с.с.к. (дифлубензурон, 240 г/л) | 0,2 | 7,19 | |
Ниссоран, с.п. (гекситиазокс, 100 г/кг) | 0,6 | 7,45 | |
Строби, с.д.т. (крезоксим-метил, 500 г/кг) | 0,3 | 7,33 | |
Акпинол-альфа (КН-2, өсімдіктің өсуін реттеуші) | 0,1 | 9,58 | |
Химиялық нұсқа | |||
Каратэ, 5%, э.к. (лямбда-цигалотрин) | 0,4 | 9,35 | |
Фастак, э.к. (альфа-циперметрин, 100 г/л) | 0,2 | 8,51 | |
Омайт, 57%, э.к. (пропаргит) | 0,2 | 9,07 | |
Нурелл-Д, э.к. (хлорпирифос, 500+ циперметрин, 50 г/л) | хлорпирифос бойынша | ||
1,5 | 8,45 | ||
циперметрин бойынша | |||
1,5 | 8,48 | ||
Скор, 25% э.к. (дифеноконазол) | 0,2 | 8,58 |
Әдебиеттерге сүйенсек, бақылау нұсқасына қарағанда, аурулар мен зиянкестердің дамуын көп жағдайда пестицидтер төмендететіндіктен тәжірибе нұсқаларында қант мөлшері артады. Ал жемістердің химиялық құрамының өзгеруі – олардың сортына, өсірілу жағдайларына байланысты. Сондықтан жемісті бағалау үшін олардың өніміне және дәміне ғана емес, биохимиялық көрсеткіштеріне, нәрлілігіне және технологиялық сапасына мән беру керек [15]
Орытынды
Қорыта айтсақ, біз зерттеген пестицидтер мен өсімдіктің өсуін реттеуші акпинол-альфа алма жемісінің өнімінде қант мөлшерін арттырады. Осындай интегралды қорғау шараларын қолдана отырып, жер жаннаты – Жетісудың алмасы бір аймақты ғана емес, бүкіл елді қамтуға қауқары жететіндей алмамызды өсіріп, бағалауымыз қажет.
Дебиеттер
1 Исин М.М. Алматының апорты арман болып қала бере ме? //«Ана тілі»
Ұлт газеті. - 2011. - № 8. - С. 2.
2 Рябчинская Т.А., Харченко Г.Л. Экологизация защиты яблони от
вредных организмов. М.: ФГНУ Росинформагротех, 2006. - 187 с.
3 Груздев Г.С. Химическая защита растений, - М.: Колос, 1980. - С. 9-10.
4 Мельников Н.Н. Основные современные требования к пестицидам и направления развития их производства и применения. // Журнал Всесоюзного химического общества им. Д.И.Менделеева. - 1984. - Т.29, № 1. - С. 3-9.
5 Лұқпанов Ж.Л, Сливкина К.А. Химияны өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолдану. Алматы, - 1964. 84 б.
6 Rueppel G.N. Metabolism and degradation of glyphosat in soil and water // J. Аgr. Food. Chem. - 1997. - Vol.25, - P.517-528.
7 Мельников Н.Н. Пестициды и окружающая среда. Производные мочевины // Агрохимия. - 1993. № 6. -С.109-121.
8 Гигиенические нормативы содержания пестицидов в объектах окружающей среды (перечень). ГН 1.1546-96 (РК №6.02.001-97). Госкомсанэпиднадзор России. - М.: 1996.
9 Унифицированные правила отбора проб сельскохозяйственной продукции, продуктов питания и объектов окружающей среды для определения микроколичеств пестицидов, 1997. № 2051-79.
10 Банкина Т.А., Петров М.Ю., Петрова Т.М., Банкин М.П. Хроматогра-фия и агроэкологии. - Санкт-Петербург: ВИЗР, 2002. - С.13-20.
11 Чекарева Т.Г., Галиулин Р.В., Ананьева Н.Д. и др. Особенности разло-
жения ДДТ в различных почвах в зависимости от гидротермических условий. // Химия в сельском хозяйстве. - 1981. Т. 19, №10.- С.29-34.
12 Медведев М.Ю., Ахмедова Л.Ф., Потапова И.М., Хамидова М.П. Предварительное токсикологическое исследования по Юго-Восточном Памире / Известия АН Таджикской ССР. Отделение биологических наук.-1999. -№4. - С. 84-87.
13 Плешков Б.П. Биохимия сельскохозяйственных растений. - М.:Колос, 1975. – 496 с.
14 Санягина Н.А., Легостаев Н.А. Разложение, миграция и трансформация различных пестицидов в агроландшафтах // Агрохимия. - 1999. №2. – С. 93-96.
15 Исмаилова Э.Т., Шанимов Х.И., Ашықбаев Н.Ж., Рвайдарова Г.О. Жүзімдікті зиянкестер мен аурулардан қорғау // Жаршы. - 2006. № 3. - С. 28-31.
Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 448 | Нарушение авторских прав