Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Топырақты қорғау іс-шаралары

Читайте также:
  1. Еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері
  2. Леуметтік қорғау және адами даму
  3. Оршаған ортаны қорғау туралы заңнамалар.
  4. Су ресурстарын қорғау
  5. Таибғатты қорғау адамзаттың ең басты міндеті.
  6. Тапсырма 12. Топырақтың жылжуға кедергісі (Кулон заңы).

Дамыған шет елдерде ауыл шаруашылықта минерал тыңайтқыштардың түрлерін, пестицидтерді т.б. кеңінен қолданады. Францияда 1 га жыртылған жерге 300 кг, Голландияда- 800 кг, Жапонияда-400 кг., АҚШ-110кг және Канадада -56 кг тыңайтқыштан енгізіледі. Бұндай жағдай көп тұтынушыларды қанағаттырмайды. Қымбат болса да, олар химиясыз өндірген экологиялық таза өнімдерді пайдаланады.

Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі бойынша АҚШ әлемде бірінші орында тұрады. Қазіргі уақытта АҚШ ауыл шаруашылығында 3,1 млн. адам еңбек етеді ол барлық тұрғындардың 1,7 % құрайды. Әр жылы онда 1 млн. гектар жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалған. Соңғы 100 жыл ішінде эрозия нәтижесінде әлемде 20 млн км2 жер жарамсыз болып қалады, бұл барлық жыртылған жерпдің 28 % құрайды. Тың игеру кезінде (1954-1955) Қазақстанда 18 млн га жер жыртылған, жалпы 25 млн гектар игерілген. Солтүстік Қазақстанның 5 облысы (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, СҚО, Павлодар) 600000 км2 аумақта орналасқан. Бұл ірі Европа мемлекеттерінің бірі болып есептелетін Франция аумағынан үлкен. Соңғы 25-30 жылда жерден пайдалану нәтижесінде топырақтағы қарашірінді мөлшері 25% -ға дейін азайып кеткен.

Қазақстанда жайылым жерлер 185,7 млн. гектарды құрайды, бұл жалпы жер қоры ауданымен салыстырғанда 68% құрайды. Соның 15 млн.га жері ауыл шаруашылық айналымынан шығып кеткен. 1996 жылының шілде айында американың «Файненшал таймс» газеті бұлай деп жазған: «Қазіргі уақытта Қазақстан ауыл шаруашылық өндіріс жылына 4 млрд доллар пайда алып келеді. Бұл ЖҰӨ (ВНП)-ның 25% ын құрайды. Заманауи әдістерді қолдап және инфрақұрылымды жақсартып ол 20 млн көп астықты жинап алуы мүмкін». Бүгінгі күнде Қазақстанда астық өнім орташа 1 т/га тең. Егер Қазақстанда еш болмаса осының жартысын өндіре алса, онда бидайдың өзінен ғана 25 млн. т дәнді алу мүмкіншілігі бар.

Қазақстан Республикасының жер Кодексінде жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері айқын көрсетілген. Осы Кодекстің 139 бабына сәйкес жерді қорғаудың мақсаттары келесідей:

1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру, орман мелиорациясы мен мелиорация жұмыстарын және басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болғызбау;

2) азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

3) жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық номативтерін тәжірибеге енгізу.

Жер Кодекснің 140- бабында жер учаскелері мен жер пайдаланушыларға жерді қорғау үшін келесідей міндеттер жүктелетіні көрсетілген:

1) жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап сортанданудан, құрғап кетуден, тапталуынан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, өзге де бүліну процесстерінен қорғау шараларын іске асыруға;

2) ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруаларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден жердің жай-күйі нашарлауының өзгеде түрлерінен қорғауға;

3) бүлінген жердің жаңартылуына, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4) жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.

Топырақты эрозиядан қорғау келесідей топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды: ұйымды-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациясы және гидротехникалық. Топырақты эрозиядан қорғаудың агротехникалық іс-шаралары қатарына топырақтың эрозияға төзімділігін арттыратын әдістерін қолдану, көпжылдық шөптер мен бір жылдық дақылдардың топырақты қорғау қасиеттерін пайдалану, қар тоқтату және еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары жатады.

Жел эрозиясына қарсы қолданылатын іс-шараларды зерттеу жолында А.И. Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми институты және басқа ғылыми өндірістік мекемелер ғалымдары мен қызметкерлері бірлесіп үлкен жұмыс атқарды. Олар егіншіліктің топырақ қорғау жүйесін қалыптастырып оны ауыл шаруашылығы саласында қолданып, іске асырды. Осы жаңа егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің басты буыны-топырақты соқаның орнына, жазықтілгіш құралдармен өңдеп, топырақ бетінде аңыз, өсімдік қалдықтарын мол қалдыру. Сөйтіп, топырақ бетінің желге төзімділігін арттыру, қыста мол қар жинап топырақтың ылғалдылығын жақсарту. Сонымен бірге топырағы қарқынды өңделетін, эрозияға төзімсіз пар алқабында қышадн ықтырма егу және пар мен егіс алқабын әр 100-200 м сайын кезектестіріп, жолақтап оларды желдің соғу бағытына көлдеңен келтіріп орналастыру. Ал желге өте төзімсіз жеңіл гранулометриялық құрамды (құм, құмайт, жеңіл құмбалшық) топырақтарда жоғарыда аталған агротехникалық шаралармен бірге арнайы топырақ қорғау ауыспалы егісін қолдану. Яғни, дәнді-дақылдар мен пар және көпжылдық алқаптарын жолақтап 50-100 м сайын кезектестіріп орналастыру.

Жел эрозиясына өте шалдыққан топырақтарды егістіктен шығарып, оларға көпжылдық екпе шөптерді егуі. Қазақстан ғалымдарының қалыптастырған топырақты жел эрозиясынан қорғау іс-шаралары жүйесі ТМД мемлекеттері ішінде қолдау тауып, мақұлданып осы елдердің ауыл шаруашылығы саласында іске қосылған. Топырақта су эрозиясынан қорғау үшін де оның үстінде мол өсімдік қалдықтарын қалдырып топырақты жазықтілгіш құралдармен өңдеу қолданылады. Топырақты өңдеу, саңылаулар қалыптастыру тұқым себу, қар тоқтату жұмыстары еңістікке яғни су ағысына көлдеңен бағытта жүргізілуі тиіс. Су эрозиясы байқалып, жырашалар қалыптасқан беткейлерде жер бетін тегістеп, көп жылдық шөп егілген болуы керек.

Орман мелиорациясы (ағаштар мен бұталар егу) шаралары жыралар, сайлар жағалауына, су қоймалары, суару жүйесінің бойына жүргізілуі тиіс. Егілген ағаштар мен бұталар жыралардың әрі қарай дамуын тежеп, топырақтың су эрозиясына төзімділігін арттырады. Егер жоғарыда көрсетілген шаралар су эрозиясын елеулі түрде бәсеңдетпесе, онда күрделі гидротехникалық шаралар қолданылады. Олар: тау беткейлерін террасалау, жыраларды бекітіп инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болдырмау үшін арықтардың, каналдардың табаны мен қапталып бетондау, не басқа заттармен бекіту.

Қорыта келгенде, топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау, оның басқа жолмен азып-тозуын болғызбау, улы заттармен, өндіріс қалдықтарыммен ластануының алдын алу үлкен маңызы бар мемлекеттік, халықтық іс, жер иелерінің, жерді пайдаланушы кәсіпорындар мен ұжымдардың, жеке тұлғалардың абройлы міндеті, келешек ұрпақ алдындағы борышы.

Топырақты қалпына келтіру (рекультивация) – Бұзылған, бүлінген топырақ жамылғысын, ландшафты жүйелі түрде қалпына келтіріп, оңтайландыру жұмыстары топырақ рекультивациясы деп аталады. Қазіргі кезде Қазақстанда 167,7 мың гектар жер өндіріс орындарын салу кезінде пайдалы қазбаларды өндіру және оларды барлау барысында бұзылып істен шыққан Олардың ішіде 49,3 мың гектар жердің пайдалы қазбалары өндіріліп алынған, енді оларға рекультивициялау жұмыстарын жүргізу қажет. Бұзылған жердің ауданы Қарағанды облысында-42, Қостанай облысында -30,7, Маңғыстау облысында 21,1, Ақмола облысында 17,3 және Павлодар облысында 12,1 мың га құрайды.

Рекультивациялау жұмыстары қарқыны елімізде төмен дәрежеде жүргізіліп келеді. Мысалы, 2006 жылы республика бойынша рекультивацияланған жер ауданы 4,6 мың гектар болды және оның 2,4 мың га бір ғана Ақтөбе облысы атқарып шықты, ал қалған облыстарда бұл жұмыс өте төмен дәрежеде орындалды. Пайдалы қазбаларды өндіріп алу кезінде бүлінген жерлерді рекультивациялау үш кезеңңнен тұрады.

Бірінші кезең – дайындық кезеңі. Бұл уақытта бүлінген алқаптарды зерттеп, жүргізілетін рекультивация жұмыстарының бағытын анықтайды, техникалық-экономикалық негізделмесін және рекультивациялау жобасын қалыптастырады.

Екінші – техникалық рекультивация кезеңі. Бұл жұмысты пайдалы қазбаны игеріп алып жатқан ұжым атқарады. Пайдалы қазбаны қазып алу барысында топырақтың қарашірінділі қабатын және зардапсыз бос тау жыныстарын келесі кезекті рекультивациялау жұмысына қолдану үшін бөлек үйеді. Бұзылған аумақтың жер бетін тегістейді (үлкен үйінділердің үстінгі бетін тегістейді, қазаншұңқырды бос тау жыныстарымен толтырады), кейбір жағдайда химиялық рекультивация қолданады. Тегістелген жерлердің үстінгі бетіне зардапты заттары жоқ, өсімдік тамырлары таралуға оңтайлы тау жыныстары салынады.

Үшінші – кезең биологиялық рекультивация. Бұл жұмыс техникалық рекультивация кезінде дайындалған жерге құнарлы қабат қалыптастырып, осы жерді орман алқабына айналдыруды мақсат етеді. Жергілікті жердің географиялық орналасу ерекшелігіне климаттық жағдайына байланысты биологиялық рекультивация кезінде бұл аймаққа ағаштар мен бұталар отырғызылады. Ағаш, бұта отырғызылатын жер қазылып, іші құнарлы топырақпен толтырылады. Бұл ең экономикалық тиімді, арзан әдіс болып келеді. Сонымен бірге қалпына келтіру жұмыстары кезінде, тау жыныстары үстіне жұқа топырақ қабаты салынып оған көпжылдық шөптер егіледі. Кейін бұл жерлер ауыл шаруашылық алқаптарына қосылуы мүмкін (жайылым, шабындық немесе егістік жер ретінде). Жақсы оңтайлы болып қалпына келтірілген жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға да мүмкіншілік болады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан топырақтар қорының сипаты.

2. Еліміздің топырақ жамылғысының экологиялық өзекті мәселелері.

3. Топырақты ластайтын кең таралған заттарды атаңыз.

4. Топырақтың химиялық ластануының басты ерекшеліктері.

5. Пестицидтер және химиялық тыңайтқыштармен ластануы.

6. Шөлдену дегенде нені түсінесіз?

7. Топырақтың қара шірігі мен құнарсыздану үдерісінің байланысы.

8. Топырақтың жел және су эрозиясына шалдығу себептерін мен зардаптары.

9. Топырақты жел және су эрозиясынан қорғау іс-шаралары.

10. Топырақты қалпына келтіру (рекультивация) кезеңдері.

Дәріс №10


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 2063 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)