Читайте также:
|
|
Әлеуметтік қорғау - мемлекеттің халықаралық және ұлттық нормалар негізінде адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндеті. Неғұрлым тар мағынада алғанда — тұрмыс деңгейіне қатысты құқықтарды қамтамасыз ету. Демократиялық қоғамның заңнамасында жұмыспен қамтылу және еңбек үшін сыйақы алу, демалу, жасының ұлғаюына байланысты, сырқаттық, жұмыссыздық жағдайында, асыраушысынан айрылғанда әлеуметтік қамсыздандырылу, балаларды тәрбиелеу, білім алу, денсаулығын сақтау, мәдени өмірге қатысу құқықтары, тұрғын үйге құқық көзделеді. Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.
Бала дүниеге келгенде ең төменгі есептік көрсеткіштің 10 еселегі мөлшерінде бір рет жәрдемақы төленеді. Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс берушінің қаржысы есебінен төлеу тәртібі заңда қарастырылған. Біздің елімізде "Мүгедектігіне, асыраушысын жоғалтқан жағдайда және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Заң қабылданған.
Егер қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы жарақатқа немесе кәсіби ауруға байланысты болса, онда жұмыс беруші әлеуметтік жәрдемақыны еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап ол жұмысқа шыққанша не мүгедектігі анықталғанша орташа айлық жалақысының 100 пайызы мөлшерінде төлейді.! Әлеуметтік жәрдемақы төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны не ойдағыдай орындамағаны үшін жұмыс беруші заңда белгіленген тәртіп бойынша жауап береді.
Жұмыс берушіге, сондай-ақ қызметкердің жарақаттануына және өзге де денсаулығының бұзылуына байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі. Егер жұмыс берушінің кінәсінен қызметкер өзінін қызметтік міндеттерін орындау үстінде жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілсе жене соның салдарынан ол толықтай немесе ішінара еңбекке қабілеттілігін жоғалтса, онда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру орнын толтыру төлемі болмаған жағдайда белгіленген тәртіп бойынша және мәлшерде оған келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті. Қызметкердің жарақатты немесе денсаулығына келтірілген өзге де зиянды қай жерде алғандығына қарамастан (кәсіпорын аумағында ма, не одан тыс жерде ме) жұмыс берушінің оған кінәлілігі дәлелденген жағдайда жұмыс берушінің материалдың жауапкершілігі туындайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянға өзінің кінәлі еместігін дәлелдесе, онда ол зиянның орнын толтырудан босатылады.
Келтірілген зиянның орнын толтыру дегеніміз — зақымданған қызметкердің еңбекке қабілеттілігін жоғалту, не онын төмендеуі салдарынан жоғалткан жалақысының, табысының мөлшерінде (немесе олардың тиісті белігі мөлшерінде) ақша сомасын төлеуді, біржолғы жәрдемақы төлеуді және денсаулығының бұзылуына байланысты шығарылған қосымша шығындарының орнын толтыруды білдіреді. Зардап шеккен қызметкер қайтыс болған жағдайда, келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге; қайтыс болған адамның асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдардың немесе ол өлген күнге дейін асырап-бағу үшін одан қаржылай көмек алып тұруға құқылы адамдардын; қайтыс болған адамның ол өлгеннен кейін туған баласының; сондай-ақ ата-анасының біреуінін жұбайының немесе жұмыс істемейтін және өлген адамнын жасы сегізге толмаған балаларының інілері мен қарындастарының немерелерін бағумен айналысатын өзге де отбасы мүшесінің құқығы бар.
Зардап шеккен қызметкердін алған енбек жарақатына байланысты жұмсалған қосымша шығындардын орнын толтырудың тәртібі мен шарттары да белгіленген. Мәселен, кәсіпорын зардап шеккен қызметкердің денсаулығы жойылуынан жоғалтқан жалақысының орнын толтырумен қатар, оның алған жаракатына байланысты шығарған қосымша шығындарының да (қосымша тамақтануға, дәрілер сатып алуға, медициналық тексерілуге және денсаулығын қалпына келтіруге, тіс салдыруға, оны күтуге, санитарлық емделуге, зардап шегушінің емделетін жерге әрлі-берлі барып-қайтуға қажет жолақысын, ал қажет болған жағдайда оның қасына еріп жүретін адамнын да жолақысын қоса) орнын толтырады. Алған жарақаттарынын немесе кәсіби аурудың салдарынан мүгедек болған қызметкерлер өздері еңбек қатынасында тұратын жұмыс берушілердің қаржысы есебінен жүріп-тұру құралдарымен, еңбектік- әлеуметтік қалпына келтірудің басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав