Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Геометриялық нивелирлеу

Читайте также:
  1. Вектор координаталарының геометриялық мәні.
  2. Геометриялық есептерді шешудің дидактикалық негідері
  3. Геометриялық стандарт емес есептер шығару жолдары

Нивелир - екі нүкте биіктіктерінің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.

Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндрлік деңгейлі нивелир және компенсаторлы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады.[1] Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.

Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттықреперлер, қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т.б. болып бөлінеді.[1]

 

Геометриялық нивелирлеу — жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл. Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен орындалады. Нивелирді орналастыруға байланысты Геометриялық нивелирлеу екі әдіспен жасалынады: “ортаға қою” және “алға нивелирлеу”. Маршруттық нивелирлеуде “ортаға қою” әдісін қолдану тиімді. Бұл әдісте нивелир екі нүктенің ортасына қойылады, ал нүктелерде вертикаль қалыпта рейкалар орналастырылады. Рейкалардан артқы (а) және алдыңғы (b) санақтар алынады. Осы санақтардың айырымы арқылы екі нүктенің өзара биікт. (ї=а-b) есептелінеді. Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің арасы бір-бірінен алшақтау болса, нивелирді нүктелердің ортасына ретімен орналастырып (нивелир орналастырған жерді “станса” деп атайды) нивелир жүрісі жүргізіледі. Екі көршілес стансаға ортақ нүктелер нивелир жүрісінің байланыс нүктелері болып табылады. Олардың биіктік мәндері Ні+1=Ні+їі формуласымен анықталады, мұндағы і — нүктелердің реттік нөмірі. Бастапқы және соңғы нүктелердің биіктік айырымы артқы және алдыңғы санақтар қосындыларының айырымына тең болуы керек, яғни Нсоңғ.-Нбаст.=Sа-Sb. Жер бетінде Геометриялық нивелирлеу арқылы мемлекеттік және жергілікті нивелирлік торлар құрылады, олар арқылы республика аумағында біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топографиялық түсірім мен инженерлік жұмыстар орындалады. Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба белгілер мен еңістіктерді шығарғанда, жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топографиялық жоспар план алу үшін қолданылады.[1]

Геометриялық нивелирлеу - нивелирдің горизонталь нысаналау сәулесі арқылы нүктелердің биік айырымдарын анықтау әдісі.[2]

Нивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді. Нүктелердің биіктігі іргелес екі нүктенің биіктік айырымына қарай анықталады. Геометриялық және тригонометриялық Нивелирлеу топография түсірулерде биіктіктерді үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Барометрлік және механикалық Нивелирлеу түрлі экспед. зерттеулер кезінде пайдаланылады. Гидростатикалық Нивелирлеумен ғимараттардағы өзгерістер айқындалады. Бұлардан басқа астрономиялық немесе астрономиялық-гравиметриялық Нивелирлеу қолданылады.[1]

 

 

Нивелирлеу геодезиялық өлшеулердің саңдық көрсеткішінің бір түрі. Ол биік тірек геодезиялық торды (жер бетінің ойлы-қырлы өлшем көрсеткіштерін) құруда, топографиялық жер бейнесін түсіруде жер бетінің бейнесін кішірейтіп (масштабпен), сондай-ақ инженерлік ғимараттарды, темір жолдар мен тас жолдарды, каналдарды және т.б. жобалау, құру және оларды пайдалану мақсаттары үшін жүргізіледі.

 

 

Қорытынды

Оқу тәжірибесін өту кезінде біздің бригада келесі жұмысты атқарды:

1. Оқу тәжірибесінің бағдарламасымен танысып, аспаптар алынды.

2. Аспаптарды түгендеу:теодолитті,нивелирді өлшеу лентасымен қарау,рейкалар, штативтерді. Түгендеу бригаданың мүшелерінің әр қайсымен орындалған.

3. Геодезиялық түсіру негізі 5 нүктеден тұратын тұйық полигон түрінде құрылды.

4. Жердің теодолиттік түсірісі орындалды.

5. Біз камералдық және далалық жолды таратумен таныстық.

 

а) ауа райы

б) бедер

 

Жерге орналастыру факультетінің келешектегі мамандары

болғандықтан біз геодезия негізін білу міндетіміз және геодезиялық аспаптармен жұмыс істеді жасау алу керекпіз. План мен карталарды сызып және инженерлік есептерді шығару керекпіз.

 


 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 1295 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)