Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық құқық және оның принциптер.

Читайте также:
  1. Xаралық экологиялық ұйымдар
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы

Табиғи ортамен ғана өзара қарым-қатынас болған жағдайды айту, табиғатты дамыту (жақсарту) туралы, экологиялык заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Әлеуметтік экологияға құрамдас бөлігі ретінде құқықтык экология кіреді. Құқықтық экология деп – қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын коғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құкықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы – бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін коршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен корғауға байланысты қоғам мен табиғаттың карым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Экологиялық құқық - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін ғылым саласы. Оның мәні – экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз – айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану бойынша экологиялық қатынастардa республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді.

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар.

ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

- халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу;

- халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Экология құқықтарының қайнар көздері үшке бөлінеді:

1. Экология құқықтарының кешенді қайнар көздері – нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.

2. Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздері – нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.

3. Экология құқықтарының әлеуметтік-экологиялық қайнар көздері – адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.

Экологиялық кұкық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет корғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді касакана жойғаны немесе бүддіргені үшін 14 жастан басталады. Әрдайым экологиялық құқық бұзушылықтың салдары экологиялық-құқыктық жауаптылықка әкеліп отырады. Мұндай жауаптылықтың бес түрі бар — әкімшілік, қылмыстык, азаматтық-құкықтық, тәртіптік, материалддық жауапкершіліктер.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 229 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)