Читайте также:
|
|
Экологиялық сараптама (экспертиза) – адам іс-әрекеттерінің табиғатқа зиянды әсер етуіне жол бермеу және табиғат қорғау саласында қабылданған заңдардың орындалуына қатаң бақылау жасау. Экологиялық сараптама мемлекеттік немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Экологиялық сараптаманың негізгі қағидалары – оның өкілеттілігі, медицина-биология тұрғыдан қауіпсіздігі, халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесін қорғайтындығы, ешкімге тәуелді болмауы және іс-әрекеттерді кешенді түрде жүргізу. Экологиялық сараптама міндетті түрде ұзақ уақыт дамуға арналған бағдарламалы құжаттармен және сызбанұсқалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, Экологиялық сараптама жүргізу үшін техкика-экономикалық тұрғыдан ғылыми негізделген және алдын ала жоспарланған жобалар мен жоспарларға негізделіп қадағалау жасалынады. Бұларға қоса құрылыс, табиғат байлықтарын қалпына келтіруге арналған, өндіріс орындарын, т.б. нысандарды қайта жабдықтау немесе олардың жұмысын біржола тоқтату туралы жобаларға талдау жасалынады. Табиғатты тиімді пайдалану мақсатында белгіленген ережелерге және әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, адамның іс-әрекеттерін шектейтін құжаттарды талдайды. Кейбір табиғи аумақтардағы телімдерге ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін беру үшін кешенді түрде экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге немесе экологиялық апатты және табиғатты пайдалану кезінде төтенше жағдайларға қатысты материалдарды, шараларды жүзеге асыруға арналған бағдарламаларға сараптама жүргізеді. Табиғатқа зияны жоқ жаңа техниканы, технологиялық әдістерді пайдалануға негізделген құжаттарды талдау; табиғатты тиімді пайдалану үшін шетелдік өндіріс орындарымен, фирмалармен бірге жұмыс істеуге қажетті құжаттарға сараптама жасалады. Экологиялық сараптама әскери мақсаттағы өндіріс орындарының, т.б. нысандардың жұмыстарына да қадағалау жасауға құқылы. Экологиялық сараптама адамның барлық іс-әрекеттерінің экологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатын көздейді. Мемлекеттік Экологиялық сараптама ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан құрылған арнайы комиссияның сарапшылары арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық Экологиялық сараптаманы жеке қоғамдық ұйымдардың ұйытқысы болуы негізінде топтастырылған арнайы мамандар жүргізеді. Қоғамдық негізде жүргізілген Экологиялық сараптама мен мемлекеттік Экологиялық сараптама жүргізетін мекемелер қорытындылары бір-бірімен үйлестіріліп отырады. Қазақстанда арнайы “Экологиялық сараптама туралы” заң қабылданған (1997).
Экологиялық төлқұжат — объектілердің немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының нормативті техникалық құжатының жаңа түрі. Кәсіпорынның экологиялық төлқұжатында көрсетілетін мәліметтер: 1) кәсіпорында қолданылатын технологиялар; 2) пайдаланылатын ресурстардың (шикізаттың, отынның, энергияның) сандық және сапалық сипаттамалары; 3) шығарылатын өнімнің сандық сипаттамасы; 4) қоршаған ортаға тасталатын шығарындылардың (төгінділердің, қалдықтардың) сандық және сапалық сипаттамалар; 5) кәсіпорында қолданылатын технологияларды шетелдік және отандық жақсы технологиялармен салыстырудың нәтижелері.
Экологиялық төлқұжат берілетін мәліметтер табиғатты қорғауға бағытталған мынадай мәселелерді шешуге арналған:
1. шығарылатын зиянды заттектердің және өнімнің қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін әсерін бағалауғажәне табиғатты пайдалануға төленетін төлемнің мөлшерін анықтауға;
2. қоршаған ортаға тасталатын зиянды затгектерге негізделіп кәсіпорын үшін шекті рауалы шығарынды (ШРШ) немесе төгінді (ШРТ) нормасын белгілеуге;
3. кәсіпорынның табиғатты қорғау шараларын жобалауға және олардың тиімділігін бағалауға;
4. кәсіпорынды реконструкциялауға арналған жобаларды сараптауға;
5. кәсіпорынның қоршаған табиғи ортаны қорғауға, ұтымды пайдалануға бағытталған зандарды сақтауын бақылауға;
6. табиғи жән материалдық ресурстарды, энергияны және қосымша өнімдерді тиімді пайдалануды жолға қоюға.
Жобаланған немесе жаңаша қайта құрылатын кәсіпорын үшін қажетті жобаны дайындаған кезде жобалаушылар ұйымы экологиялық төлқұжат жасайды. Онда өзара келісілген негізгі өндіріс көрсеткіштері, ШРШ жобалары, табиғатты пайдалануға рүқсат етілген құжаттар, ШРТ нормалары, газды, суды тазалайтын қондырғылар мен ғимараттар, қалдықтарды утилдеу мен қолдануға арналған аспаптар, мемлекеттік статистика мәліметтері, ластаушы көздің тізімі және нормативтік-техникалық қүжаттар туралы мәліметтерге негізделіп қүрылады. Экологиялық төлқұжат жергілікті әкімшіліктің жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқармалар мен келісіледі, сосын кәсіпорын басшысы бекітеді. Ол екі данада толтырылады: біреуі кәсіпорында, ал екіншісі — жергілікті әкімшілік басқармасындағы табиғат қорғау бөлімінде сақталады. Төлқүжат күшінің сақталу мерзімі 5 жыл. Төлқұжат мынадай бөлімдерден түрады: мұқабалық парағы; өнеркәсіп немесе объект туралы жалпы мәліметтер мен оның реквизиттері; өнеркәсіптің немесе объектінің орналасқан жерінің табиғи-климаттық сипаттамасы; өндірістегі немесе объектідегі технологияның қысқаша сипаттамасы және шығарылатын өнімдер, материалдық заттектердің теңдестік жүйесі; пайдаланатын жер туралы мәлімет; қолданьшатын материалдық және энергетикалық ресурстардың, шикізаттардьщ сипаттамасы; ауаға шығарылатын заттектер туралы мәлімет; пайдаланатын және ластанған су, басқа қалдықтар туралы анықтама; бұзылған жерді өңдеу, көлік туралы мәліметтер; объектінің экологиялық, экономикалық жағдайы туралы мәлімет.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 902 | Нарушение авторских прав