Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық мониторинг және оның міндеттері, тәсілдері мен принциптері

Читайте также:
  1. Rt: время мониторинга температуры
  2. Xаралық экологиялық ұйымдар
  3. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  4. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  5. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  6. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  7. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі

Мониторинг (ағылш. «monitor» – қараушы, қадағалаушы, күні бұрын ескерту, сақтандыру, болжау) – қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалаудың, бақылаудың кешенді жүйесі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Сонғы он жылдықта бүкіл әлемде қоршаған ортаға адамның әсері күрт өсті. Сондықтан да табиғатты қадағалаусыз пайдалану қатерлі салдарға алып келуі мүмкін. Осыған орай биосфера жағдайы туралы бөлшектік ақпарат қажеттілігі туындады.

Қоршаған ортаның Мониторингі адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды.

Биосфера жағдайы антропогендік және табиғи әсерлердің салдарынан өзгеретіні белгілі. Температура және қысымның өзгеруі, топырақ пен ауаның ылғалдылығы, салыстырмалы тұрақты орта шамасының ауытқуы, жануарлар мен өсімдіктер биомассасының маусымдық өзгеруі – осының бәрі табиғи өзгерістер. Биосфера жағдайын сипаттайтын орташа мөлшер (жер шарының кез-келген ауданындағы оның климаттық сипаттамасы, әртүрлі ортаның табиғи құрамы, су, көміртегі және басқа да заттардың айналымы, негізгі биологиялық өнімділік) өте ұзақ уақытта ғана біршама өзгеруі мүмкін (жүздеген мың және миллион жылда) Үлкен тепе-теңдіктегі экологиялық жүйелер (геожүйелер) табиғи үрдістер әсерінен өте баяу өзгереді. Осы баяу эволюциялық өзгерістер тарихи дәуірмен өлшенетін уақыт аралығында ғана жүреді. Биосферадағы жағдай табиғи себептерден үздіксіз өзгере отырып, бастапқы қалпына қайта келеді. Биосфера жағдайының табиғи себептер туындататын өзгеруінің антропогендік әсерден өзгеруінің айырмашылығы оның біршама тез жүретіндігінде. Соңғы бірнеше онжылдықта антропогендік әсерден болған биосфераның кейбір элементтеріндегі өзгерістер мың, тіпті миллион жылда болатын кейбір табиғи өзгерістермен пара-пар. Қоршаған орта жағдайының табиғи өзгеруі қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болып көптеген елдердің геофизикалық қызметінде бақыланып, зерттеледі (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосфералық, гравиметриялық, магнитометриялық т.б.)

Антропогендік өзгерісті табиғи өзгерістен ажырату үшін, биосфера жағдайының адам қызметі әсерінен өзгеруін бақылайтын арнайы ұйымдар құру қажеттілігі туындады. «Кеңістік және уақыт» бойынша белгілі бір мақсатта алдын ала дайындалған бағдарлама мен қоршаған табиғи ортаның бір немесе бірнеше элементтерін қайта бақылау жүйесін мониторинг деп атау ұсынылған.

Мониторингке келесі негізгі қызмет бағыттары кіреді:

· қоршаған орта күйін және оған әсер етуші факторларды бақылау;

· қоршаған ортаның нақты жай-күйін және оның ластану деңгейін бағалау;

· мүмкін болатын ластану нәтижесінде қоршаған ортаның жай күйін болжау және сол күйді бағалау.

Академик И.П. Герасимовтың жіктеуі бойынша мониторинг жүйесі келесі жүйешелерге бөлінеді:

· биоэкологиялық;

· геоэкологиялық;

· биосфералық.

Биоэкологиялық (биологиялық, санитарлық – гигиеналық, санитарлық – токсикологиялық) мониторинг мынандай бақылаулардан құралады:

· қоршаған орта күйін;

· табиғи нысандардың зиянды заттармен ластану деңгейін;

· сол ластауыштардың адамға және жалпы биотаға (флораға, фаунаға және микроағзаларға) әсерін;

· қоршаған ортада аллергендердің, патогендік микроағзалардың, шаңның болуын;

· атмосферадағы азот және күкірт оксидтерінің, ауыр металдардың мөлшерін;

· су нысандарының күйін, олардың ластану деңгейін және т. б.

Геоэкологиялық мониторинг бойынша мыналарды бақылайды:

· экожүйелерегі (биогеоценоздардағы) өзгерістерді;

· биогеоценоздардың өнімділігін;

· пайдалы қазбалардың, судың, жер және өсімдік қорларының динамикасын;

Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді (радиация дәрежесі, атмосферада көмірқышқыл газының, озонның,жылудың болуы және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ айналымы, құстар, сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.

Жаһандық биосфералық мониторингтің мақсаты:

· қоршаған орта күйін жаһандық көлемде бақылау;

· табиғаттағы жаһандық-аялық өзгерістерді байқау;

· адамның шаруашылықтық әрекеті нәтижесінде биосфераның және барлық географиялық қабықтың мүмкін болатын өзгерістерін болжау.

Ұлттық мониторинг деп әдетте бір мемлекет шеңберіндегі мониторинг жүйесін айтады. Қалаларда немесе өндіріс аудандарында атмосфералық ластану деңгейінің өсуі биосфераның жай-күйін ғалами көлемде бағалауды аса маңызды бола қоймағанымен, аталған қалада немесе ауданда ұлттық деңгейде тиісті шаралар қолдану маңызды болып табылады.

Мониторинг жүргізгенде физикалық–химиялық, биологиялық, географиялық және басқа әдістер қолданылады, кейінде космостық әдіс кеңінен енгізіліп келеді.

Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның, жер үсті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түптік тұнбаларының, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарының (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) байқаулар жүйесі және химиялық ластауыш заттар таралуының динамикасын бақылау. Химиялық мониторингтің ғалами міндеті қоршаған ортаның жоғары уытты заттектермен ластануының нақтылы деңгейін анықтау.

Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық үрдістер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атқылаулары, жердің сілкінуі, цунами, құрғақшылық, топырақ жалағы және т.б.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни, ортаның өзгеруін ағзалардың болуы, күйі және мінез-қылықтары бойынша анықтау).

14.1-сурет. Экологиялық мониторингтің көпсатылық жүйесі.

 

· Детальдық мониторинг –ирархиялық сатының ең төменгісі. Бұл жүйе бойынша зерттеу шағын аумақты ғана қамтиды.

· Бірнеше детальдық мониторингтік жүйені біріктіргенде локалдық мониторингтік жүйе пайда болады. Локалдық мониторинг белгілі бір облыс немесе қала аумақтарын бағалауға арналған.

· Бірнеше локалдық жүйенің жиынтығы халықаралық мониторингті құрайды. Бұл кезде зерттеу объектісі мемлекеттің территориясы болады.

· Халықаралық мониторингтен кейінгі саты – ғаламдық мониторинг. БҰҰ бағдарламасына сәйкес барлық халықаралық мониторингтік жүйелер біріктіріліп, тұтас ғаламдық мониторингтік жүйе құрылған. Бұл жүйеде бағалау процесстері ғаламдық деңгейде жүреді.

Қоршаған ортаның мониторингі белгілі бір бағдарлама бойынша іске асады. Бағдарламаның негізгі элемнеттеріне:

· Қорғауға алынған объектілер жиынтығы;

· Белгілі бір аймақтың өзгеру көрсеткішінің жиынтығы;

· Әртүрлі экологиялық процесстердің өзгеру жиілігі жатады.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1007 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)