Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

Читайте также:
  1. Xаралық экологиялық ұйымдар
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы

Адамзаттың тұрмыстық мәдениетінің біртіндеп қалыптасуынан өнеркәсіптік төңкеріске дейін, қоршаған ортаны бұзу әрекетінің деңгейі өте тар болып, адам мен тәбиғат, тіршілік орта мен дамудың байланысы негізінен үйлесімді болды. Бірақ өнеркәсіптік төңкерсі бұрын соңғы болмаған өндірістік күшті жаратып, адамның тәбиғатты өзгерту қадамын тездетті. Көптеген мемлекеттер өнеркәсіптік даму әдісіне ілесіп, бір жақтылы экономикалық өсуге қызығып, табиғи ресурстар мен экологиялық ортаны ашкөздікпен талан-таражға салып, жер бетінің, байлықтарын шектен тыс қортып, экологиялық жүйені бүлдіріп, қоршаған орта сапасын күн өткен сайын төмендетті. Адам мен табиғаттың байланысы шұғыл дағдарысқа түсті. Дәстүрлі даму әдісі қатерлі қайшылыққа қарсы келді, егер осылай дәстүрлі даму әдісін жалғастыра берсек, әр алуан мәселелер ақыр соңында адамзат үшін зор қасірет әкеледі. Сондықтан, адамзат сөзсіз жаңа бастан талдау жасап, экономикалық, әлеуметтік дамуға кепілдік беретін, жәнеде экологиялық ортаны дұрыс айналымын қорғайтын даму жолын табуы керек.

1. Тұрақты дамудың ерекше дәріптейтіні – даму. Даму адамзаттың ортақ және жалпылық құқығы. Дамыған елдерде де, дамушы елдерде де барлығы ортақ таласуға болмайтын тең құқығы болады. Дамушы елдер үшін даму өте маңызды. Іс жүзінде дамушы елдер кедейшілік пен экологиялық дағдарыстай қос ауыр қысым астында қалды. Кедейшілік экологиялық мәселені туындатады. Экологиялық мәселелер кедейшілікті ауырлатады, сондықтан тұрақты даму дамушы елдер үшін бірінші орында даму болса кедейлікті жоюға болады. Адам сапасын арттыруы мен экологиялық дағдарысты жою, керекті технология мен қаржыны шешсе, қоғам заманауи өркениет мәдениетіне қадам басар еді.

2. Қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму тығыз байланысты.

Қоғам халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, ғылыми және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып отырады. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде қоғам қызметінің негізгі бағыттары болып мыналар табылады:

• технологиялық қайта жарақтау және ескірген жабдықтарды бірте-бірте пайдаланудан шығару,электр энергиясын өндірген, тасымалдаған және таратқан уақытта озық технологияларды пайдалану;

• технологиялық өндіріс процестерін, электр энергиясының жіберілуі мен таратылуын жетілдіру;

• реактивті қуат құрылғыларын енгізу жолымен энергия қуатын үнемдеу және желілердегі электрэнергиясының жоғалуын азайту іс-шараларын жүргізу;

• отынмен қамтамасыз ету тиімділігін арттыру шараларын жүргізу;

• өндіріс қалдықтарының түзілуін азайту және олардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта өңдеу шараларын жүргізу;

• дәстүрлі емес және қалпына келтірілетін энергия көздерін дамыту;

• гидроэнергетикаға арналған суқоймалардың ағын суағарын реттеу;

• СЭС-i пайдаланған уақытта су нысандарының ластануына жол бермеу және биологиялық ресурстарды сақтау;

• жылу электр станцияларына энергетикалық көмір жағатын жаңа технологияларды, күкірт және азот тазалау түтінгаздарының заманауи әдістерін енгізу.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпыға ортақ нормалардың сақталуы қоршаған ортаға келтірілетін кері әсерді азайтуға, электр энергияның ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрақты даму – қоршаған орта құрылысын дамытуды іске асырудағы маңызды мазмұны деп қарайды. Себебі қоршаған ортаны қорғау инженериясы даму үшін көптеген тікелей немесе жанама экономикалық өнімділікті жаратып қана қоймай, дамудың жылдамдығын белгілеп, тірегін қорғайды және даму үшін сәйкесті қоршаған орта және ресурспен қамтиды. Тұрақты даму қоршаған ортаны қорғауды даму сапасының өлшемі болып, даму деңгейінің және даму барысының обьективті стандарттарының бірі, бүгінгі даму мен өркениет тек қоршаған ортаға иек артуда. Адамдар тұрақты дамуды толық танып жетіпеген, дәстүрлі дамуға ілесіп, қоршаған орта мен ресурс шұғыл шегініс дағдарысында тұрды, дамуды қамтамасыз ететін негізі одан сайын шектеулі болып барады. Даму қанша тез болса, қоршаған орта мен ресурс маңыздылығы айқындала түсті. қоршаған ортаны қорғау тұрақты дамудың ең соңғы мақсатын жүзеге асыруға кепілдік етеді. Себебі бүгінгі даму заттық және рухани сұранысты қанағаттандыру болып қалмастан, сонымен бірге ұнамды, қауіпсіз, таза, әсем тіршілік орта жасауды іске асыруды ерекше мақсат еткен.

3. Tұрақты даму қоршаған ортаны қорғау саласында әр адам бірдей үйлесімді тіршілік орта құқығына иелену керек деп есептейді. Қоршаған орта құқығы мен міндеті басқалар үшін құқық өзі үшін міндет. Адамдардың қоршаған орта құқығы тең және бір тұтас, мұндай құқық өзгелердің құрметтеуі мен қорғауына ие болуы керек.

4. Тұрақты даму адамадардың дәстүрлі өндіріс әдісі мен тұтынуы тәсілін тастауды талап етеді. Дер кезінде қатал түрде дәстүрлі даму үлгісін өзгерту, ең алдымен даму болашағы жоқ өндіріс әдісін және тұрмыс тәсілін азайту немесе тоқтату болып табылады. Ол бір жағынан адамдарға өндірісте мейлінше аз салым салып, көп өндіруді талап етеді және бір жағынан адамдардың тұтыну кезінде көп пайдаға жаратып, жарамсыз заттарды аз тастауды талап етеді. Сондықтан біз өткендегідей біржақтылы зор күшпен салымды күшейтіп, шығынды зорайту мен қоршаған ортаны құрбан етіп өнімділікті арттырудай қате даму әдісті өзгертуіміз керек, даму шекті ресурстарға сүйенуді азайтып, қоршаған орта сыйымдылығымен сәйкесуі тиіс.

5. Tұрақты даму қоршаған ортаны қорғаудың жаңа технологиясын зерттеу мен жалпыластыруды жеделдетеді. Экологиялық дағдарысты шешу, дәстүрлі өндіріс пен тұтыну тәсілдерін өзгертудің негізгі шарттары ғылым технологияны дамыту. Кең көлемде заманауи технологияны қолданғанда өндірістің бірлік мөлшерінде энергия және ресурс сарқылуын азайтамыз, сонда ғана аз салып, көп өндірудей даму үрдісін сақтап, табиғи ресурсқа, энергияға деген сүйенуден арылып қоршаған орта ластану деңгейін азайтамыз.

6. Tұрақты даму халықтың экологиялық санасын жаппай көтеруді талап етеді. Оны іске асырудың алғы шарты – адамдардың экологияға болған дәстүрлі көзқарасын өзгерту. Табиғатта адамға керектінің бәрін алып қолдана беруге болмайды. «Табиғат адам үшін жаратылған» деген теріс идеяны өзгертіп, адам табиғаттың баласы сияқты жаңа заманауи мәдени көзқарас жетілдіру керек.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 302 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)