Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіршілік ортаға өндірістік және тұрмыстық жүктеменің артуы.

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Тіршілік барысында бағзы замандарда адамдар негізінен табиғаттың өнімдік күшін пайдаланып, тіршілік ортасына бейімделуге мәжбүр болған. Биосфераның тепе-теңдігі ол кезде де бұзылатын, бірақ тез арада адамның ықпалынан қысқа мерзімде қалпына келіп отыратын, ал ұзақ мерзімде ол биосфераның табиғи эволюциясы ретінде қарастырылатын. Өндірістік төңкеріс табиғатта жинақталған энергия қорын өндірістік әрекетте пайдалануға мүмкіндік беріп, адамдардың өндіргіш күштерін ұлғайтты. Ғылым мен техника жетістіктері, өнер тапқыштық қоғам үшін тіршілік ортаны түрлендіруге, өмірге жасанды жағдайлар жасап, табиғатты өзгертуге жаңа мүмкіндіктер туғызды. Адам мен табиғат ара қатынасының типі де басқаша болды.

Индустриалдық өндірістің негізі – көлемі ұдайы артып отыратын энергия өндіру, сол энергияны түрлендіру, жаңа материалдар жасап шығару, торапталған коммуникация жүйелерін құрастыру. Осылардың салдарынан тез дами бастаған индустриалдық инфрақұрылым пайда болып, табиғат пен қоғам кейпінің жайлап өзгеруіне әкеліп соқты.

Өндірістік әрекет табиғаттағы биохимиялық үдерістерге де әсерін тигізді. Табиғи үдерістің көзге көрінетін тепе-теңдігі сақталып тұрған сияқты болғанмен, индустриалдық қоғамның экономикалық өсу механизмдері табиғаттағы тепе - теңдікті сақтауға бейімделмеген еді. Даму қарқыны өскен сайын дамыған мемлекеттер бір қорды бітіріп, шаруашылыққа екіншісін тартып, әрі қарай қор айырбастаудың жаңа күрделі тәсілдерін ойлап таба берген. Сондықтан ғасырлар бойы өзгермес және қалыпты жағдай деп саналатын: климат, таза ауа, таза су, тіршілікке керекті жер кенеттен алапатты түрде сапасыздыққа ұшырай бастады. Сонда түзілген инфрақұрылымдар, материалдық байлықтар, өмір стандарттары, қоғамдық құрылымдар және философия тіршіліктің табиғи ортасына нұқсан келтіретін қор тұтынуының шексіз өсуіне бағытталған болып шықты. Бұрын қабылданған экономикалық шешімдер, идустриалдық өркениет дамуының бар үдерісі экологиялық апатқа алып келді.

Адамзаттың экономикалық әрекетінің табиғатқа көрсететін әсерінің түрі көп, бірақ одан үш топты бөліп алуға болады.

Біріншіден – ол табиғи қорды пайдалану және оның сарқылуы: көмір, мұнай, кен, су және т.б. Соның салдарынан адамдар жаңа энергия және жаңа материалдарын іздеуге мәжбүр болып, табиғатқа жаңаша әсер етеді.

Екіншіден – жергілікті экожүйелер өзгеріп, табиғи үдерістер бұзылады. Ауылшаруашылығы әрекеттерінің табиғи ценоздарды ығыстыруы, тұрғындар санының артуы, пайдалы қазбалар орындарының игерілуі, коммуникациялардың салынуы бүкіл табиғи қауымдастықты жойып жібереді. Мелиорация табиғи ценоздарға әсер етіп, су қорының таралу жолын өзгертеді.

Үшіншіден – өндірістік және тұтынушылық әрекет тіршілік ортасын бүлдіретін, азық-түлікті уландыратын зиянды қалдықтар береді. Барлығы қосылып ғаламшар климатын және барлық адамзаттың тіршілік жағдайын өзгертіп жібереді. Бүгінде де және болашақта да адамзат пен биосфераның бірқалыпты, тұрақты даму жолын күтуге болмайды, өйткені халық санының өсуіне байланысты олардың арақатынасының жалпы тұрақсыздығы артады.

Ғаламшардағы халық санының артуы көбіне адамзаттың биосферамен әрекеттесуінің заманауи сатысының сипаты анықтайды: әлемдік үдерістердің жылдамдауын, үдеуші тұрақсыздықтың және көптеген мүмкін ғалами апаттардың. Заманауи биосфера (күрделі ашық және сызықты емес жүйе ретінде) эволюциясының бір емес бірнеше жолдары бар екенін мойындау керек. Эволюция жолдарыадам мен биосфера арақатынасы құрылым - аттракторлардың спектрімен анықталады. Және де адам қоғамының өзгеруі болашаққа апарар мүмкін жолдардың қайта құрылуына әкеліп соғады.

Эволюцияның әртүрлі мақсаттарын, сондай ақ болашаққа өту жолының бірыңғай еместігін түсіну қажет. Күрделі биосфералық жүйенің болашағын болжауға болады: болашақ ұйымның потенциалдық түрінің спектрі, болашаққа мүмкін жолдардың өрісі болады. Эволюцияның бағыты көп болуы мүмкін, бірақ саны шексіз емес. Құрылым - аттракторлардың спектрі тұтас емес. Биосфера ұйымдасуының болашақ түрлері болжамалы мүмкіндіктердің желпуіші тәрізді ашық. Эволюцияның белгілі бір «дәліздері» бола тұра, болашаққа өту жолдары тар және бір мәнді емес. Осыдан барып биосфераның басқарылатын эволюциясының мәселелеріншешумүмкіндігі, яғни қорғауға алынатын және өзін өзі қолдай алатын даму пайда болады.

Табиғатты қорғаудың ғылыми міндеттері:

1. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісте табиғатқа түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек.

2. Өндіріс пен тұрмыстық ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы керек.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 114 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)