Читайте также:
|
|
Барлық организмдер оларды қоршап тұрған тіршілік ортасымен қарым қатынасы нәтижесінде энергия мен зат айналымы жүріп, тіршілік дамуымен үздіксіз өзгеріп отыратын біртұтас экологиялық жүйе қалыптасады. Экологиялық жүйе (экожүйе) экологияның атқарушы бірлігі болып саналады. Экожүйе терминің алғаш 1935 жылы ағылшын экологі А.Тэнсли ұсынған. Экожүйе заттардың айналымы жүзеге асатын органикалық емес құрамдас бөліктер мен ағзалардың бірігуі болмақ. Экожүйе мен биогеоценоз синонимдер емес. Жердегі экожүйелер көп түрлі болады. Олар: микросистемалар (шірік ағаштың өзегі), мезэкосистемалар (құрлықтар, теңіздер) және ең ауқымдысы биосфера.
Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпарат алмасу нәтижесінде біртұтас болып тіршілік ететін тірі ағзалардың өзара және олардың қоршаған орта жағдайларымен қатынастары нәтижесінде түзілетін тіршілік жүйесінің жинтығы. Экожүйелер жасанды және табиғи болып бөлінеді.
Экологиялық жүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады.
Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экологиялық жүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
Экожүйені жіктеу — экожүйелерді функциялық және құрылымдық белгілер бойынша бөлу. Функциялық жіктеу түсетін энергияның көздеріне, санына және сапасына тәуелділік байланысқа, ал құрылымдық жіктеу өсімдік түрлеріне және негізгі ландшафтыңфизикалық белгілеріне негізделген. Экожүйе құрамына кіретін организмдер де, абиоталық орта да тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі болып табылады, оның әр бөлігі екіншісіне ықпал етеді және тіршіліктің жерде қалыптасқан күйінде сақталып қалуы үшін бұлардың екеуі де қажет. Экожүйенің жансыз бөлігі экотоп, ал оның жанды бөлігі биоценоз болып аталады. Экожүйені жіктеудің биоталық бөлігінің құрамына автотрофты және гетеротрофты құрауыштар кіреді. Автотрофты құрауышқа жарық энергиясын сіңіру, қарапайым бейорганикалық заттектерді пайдалану, күрделі заттектер түзу тән. Гетеротрофты құрауыштар күрделі органикалық заттектерді ұқсатады, қайта құрады және ыдыратады.
Табиғи және климаттық жағдайларға байланысты табиғи экожүйелердің – биомдардың үш тобы және бір қатар типтері болады. Биом бұл, ағзалардың әр алун топтарының және белгілі бір жер келбеті, географиялық аймақтағы олардың тіршілік ортасының жиынтығы.
- құрлықтық экожүйелері;
- тұщы су экожүйелері;
- теңіз экожүйелері.
Бірлестіктерге тән қасиет олардың жаңа биомасса жасауға қабілеті болып табылады. Экожүйелердегі органикалық заттардың жасалуын биологиялық өнімділігі деп атайды. Тірі ағзалар денесінің массасы биомасса деп аталады. Экожүйелердің биологиялық өнімділігі олардың биомассасының жасалуы.
Бірінші реттік өніділігі – органикалық қосылыстардың химиялық байланстары түрінде жинақталған жарық энергиясын фотосинтез процесы кезінде өндірушілердің пайдалану жылдамдығымен анықталады.
Екінші реттік өнімділік – тұтынушылар деңгейіндегі органикалық заттардың жинақталу жылдамдығы.
Экологиялық орын. Әрбір жеке немесе популияциялардың өзіне тән қолайлы тіршілік ететін орны болады. Ол көбінесе биоценоздің құрлымына байланысты өзінің атқаратын ерекше функцясымен сипатталыды. Экологиялық орынның тұрақты болуы көбінесе қоршаған орта сапасы мен қоректік бәсекелестікке тікелей байланысты.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 624 | Нарушение авторских прав